№7 дәріс тақырыбы: Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы


Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата07.10.2024
өлшемі422,3 Kb.
#147045
түріДиплом
1   2   3   4   5
Байланысты:
№7 дәріс. Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы

Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі 
талаптар 
Курстық жұмысты жазар алдында студент тиісті: 
1.
Таңдалған тақырыппен танысып, оның қандай болатынын ойша 
елестетіп көру. 
2.
Әдебиетті, периодикалық басылымдарды толық талқылау. 
3.
Баяндалатын материалды нақты және логикалық сипаттау. 
4.
Курстық жұмыс тақырыбы кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан 
құралатын жұмыс жоспарына сәйкес ашылуы тиіс. 
5.
Жұмысты қазіргі таңдағы материалдарды, кестелер, сызбалар, 
графиктерді қолданумен жазу. 
6.
Орфографиялық және статистикалық қателіктер жібермеу. 
7.
Сандық материалды кестелер түрінде рәсімдеу ұсынылады. 
Курстық жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған мерзімдерде орындалуы 
тиіс. 
Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері: 
1.
бет парағы (мұқаба);
2.
мазмұны; 
3.
кіріспе; 
4.
негізгі бөлім (1-3 бөлімдер); 
5.
қорытынды; 
6.
қолданылған әдебиеттер тізімі. 
1.
Сыртқы беті (мұқаба). Титул беттің үлгісі оқу орнының ішкі 
ережелеріне сай бекітіліп, біркелкі толтырылады. Титул бетіне оқу 


орнының атауы, ғылыми жұмыс түрі, тақырыбы, мамандығы, біліктілігі, 
тобы, студенттің аты-жөні, ғылыми жетекшінің аты-жөні жазылады.
2.
Мазмұны. Мазмұнында кіріспе, негізгі бөлімдегі тараулардың 
(бөлімдердің)
атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, қосымшалар жазылып, қай 
беттен басталып, қай беттен аяқталатыны көрсетіледі. 
3.
Кіріспе. 
Кіріспеде автор төмендегі пункттерді міндетті ашуы тиіс: 
1.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі;
2.
Ғылымдағы оның өңделу дәрежесі (авторлар мен олардың басты 
еңбектері келтіріледі); 
3.
Жұмысты жазу барысында шешілетін мақсаттар мен міндеттері; 
4.
Курстық жұмыстың пәні мен объектісі; 
5.
Ғылыми болжамы, ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні; 
6.
Оны құру логикасы (бөлімдері (параграфтар) бойынша курстық 
жұмыстың құрылымы); 
7.
Қорғауға ұсынылатын басты қағидалары баяндалады. 
4.
Негізгі бөлім.
Негізгі бөлімде тақырыптың мазмұны қамтылады. 
Курстық жұмыс екі, үш тараудан тұруы мүмкін. Ол тараудың әрқайсысында 
олардың мазмұнын ашатын екі-үш сұрақтан беріледі. Бірінші тарауда 
зерттелетін мәселенің жалпы теориялық (әдіснамалық) сипаты беріледі. Онда 
отандық және шетел зерттеушілерінің жұмыстарын зерттеу негізінде 
зерттеліп отырған мәселенің мән-жайы баяндалады, оны шешудің әртүрлі 
жолдары қарастырылады. Бұл тарау алдағы жұмыстың теориялық 
негіздемесін көрсетеді. Екінші тараудың талдаушылық сипаты болады. Онда 
психология-педагогика ғылымындағы әр түрлі әдістерді қолдана отырып
зерттелетін мәселеге жан-жақты талдау беріледі. Үшінші тарау жобалауға 
арналады. Онда студент зерттеліп отырған мәселені талдай отырып, өзінің 
ұсыныстары мен шешімдерін береді. Олар болашақта практикалық тұрғыда 
қолдану үшін айқын болуы қажет. Зерттеу жұмысындағы ең маңыздысы – 
тараулар арасында логикалық байланыстың болуы және зерттеу жұмысының 
барлық кезеңінде зерттеу тақырыбының бірізді ретпен дамуының сақталуы.
Курстық жұмыстың негізгі бөлімі бірлік интервалды компьютерлік версияда 
25-30 парақты немесе қолмен жазылса 40-45 парақты құрайды. 
5.
Қорытынды. Қорытындыда зерттеу нәтижесінде шешімге келген 
теориялық және практикалық шешімдері мен ұсыныстары логикалық 
бірізділікпен баяндалады. Берілген қорытынды зерттеу мазмұны, 
маңыздылығы, негізділігі және тиімділігі туралы толық түсінік бергені және 
де қысқа да анық болғаны дұрыс. Олар тезис түрінде, пункт бойынша 
жазылады. Қорытынды көлемі 2-3 парақты құрайды. 
6.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі белгілі бір ретпен көрсетіледі. 
Библиографиялық талаптарға сәйкес рәсімделеді (Авторы, атауы, баспасы, 
жылы, беті). 
7.
Қосымшалар. Қосымшада қосалқы материалдар беріледі. Қосалқы


материалдарға әдістемелер, нұсқаулар, иллюстрациялайтын материалдар, т.б. 
жатады. Әр қосымша жаңа парақтан басталып, реті бойынша нөмірленеді. 
8.
Графикалық материалдар жұмыс мазмұнымен тікелей байланысты және
көрнекі құрал ретінде қолданылады. Қорғауға ұсынылатын графикалық 
материалдар стандарт ватманда орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет