№7 дәріс тақырыбы: Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы


Курстық жұмысты даярлауға қойылатын жалпы талаптар



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата07.10.2024
өлшемі422,3 Kb.
#147045
түріДиплом
1   2   3   4   5
Байланысты:
№7 дәріс. Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы

Курстық жұмысты даярлауға қойылатын жалпы талаптар. 
 
Курстық жұмысты даярлау сыртқы бетті толтырудан басталады.
Курстық жұмыс стандарт А4 форматында жазылады. Жұмыс таза
ұқыпты, ешқандай қысқартусыз, әрбір айтылайын деген жаңа ой жаңа 
жолдан басталады. Әріптер мен белгілер жұмыстың барлық бетінде бірдей 
және талапты сақтап жазылуы керек. Жұмыс форматтың бір жақ бетіне 
орналасады: сол жақ – 3 см, оң жақ 1 см, жоғары және төменгі жағы – 2 см 
болуы тиіс.
Барлық беттер нөмірленеді және әр беттің төменгі жағының ортасына 
нүкте қойылмай жазылады. Сыртқы бетке нөмір қойылмайды.
Курстық жұмыстың мазмұндылығы, жеке беттегі кестелер мен графиктер 
оның беттерінің жалпы санына кіреді.
Курстық жұмыстың бөлімдері немесе тараулары араб санымен азат 
жолдан соңына нүкте қойылмай жазылады.
Курстық жұмыстың көлемі қолжазбамен 40-45 бет, компьютерлік 
теріліммен 25-30 бет болуы керек. Кіріспе – 2-3 бет, қорытынды 1-2 бет, 
пайдаланылған әдебиеттер тізімі 2-3 бет. Жұмыстың ең көп бөлігі негізгі 
бөлімге беріледі.
Курстық жұмыс мазмұнындағы кестелер мен графиктер, суреттерА4 
стандарт беттерде орындалады немесе көшірме түрінде сондай өлшемдегі 
қағазда беріледі. Кестені мәтіннен кейін берген дұрыс. Егер фотосуреттер бар 
болса, олар стандарт қағазға желіммен жапсырылады. Оларда ешқандай 
сызат, түзету, таңба болмауы керек. Барлық графиктер мен кестелерге 
курстық жұмыстың мазмұнында міндетті түрде сілтеме жасалуы керек. 
Сілтемеде «График», «Сурет» немесе «Кесте» деп жазылып, нөмірі 
көрсетілуі тиіс (мысалы, Кесте – 1, Сурет – 2). Таблица көлемді болған 
жағдайда келесі бетке де көшіруге болады. Егер жұмыста бір ғана кесте 
берілсе, ол нөмірленбейді және «Кесте» деп жазылмайды.
Курстық жұмыс мәтінінде сілтеме квадрат жақша [] түрінде беріледі. 
Қажет жағдайларда беттері де (дәйексөз немесе цифрлық мәлімет қолданған) 
көрсетіледі. Кесте, сурет, қосымшаларға сілтеме кәдімгі дөңгелек ()
жақшаларға алынады.
Қосымшалар курстық жұмыстың жалғасы ретінде беріледі. Әр қосымша 
жаңа беттен басталады және беттің жоғары жағының орта тұсына 
«Қосымша» деп жазылып, атау беріледі. Егер қосымша көп болса, әліпбилік 
әріптермен белгіленеді, бірақ Е, З, И, Й, О, Ч, Щ, Ъ, Ы, Ь, Я әріптері 
қолданылмайды.


Курстық жұмыс аяқталған соң қорғауға дейін түптеліп, ұсынылады

Егер жұмыс қорғауға жіберілмесе, онда ескертулерді ескере отырып, 
жұмысты толықтыру қажет. 
Жоғары оқу орындарында оқу және 
ғылыми-зерттеу жұмыстары
мәселесі бойынша талдау жасай отырып, мынадай ерекшеліктерді анықтауға 
болады: 

студенттің теориялық білім деңгейін арттырады

теориялық білімін практикада қолдану дағдыларын бекітеді; 

студенттің өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады; 

оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының қалыптасуына әсер 
етеді; 

зерттеу нәтижелерін объективті бағалауға тәрбиелейді; 

озат тәжірибелерді жинақтауға үйретеді; 

талдай білуге және күтпеген жағдайларда жол таба білуге үйретеді; 

мамандығына, пәнге, ғылыми ізденуге қызығушылығын оятады; 

студенттің жеке «ішкі» қабілетін ашады; сөйлеу мәдениетін дамытады. 
Оқытушылар алдында курстық жұмысты қорғау студенттің курстық 
жұмыстың мақсаты мен мәселелерін қысқаша және нақты сипаттап, оның 
маңызды ережелерін баяндап, өзінің қорытындылары мен ұсыныстарын 
аргументтеуден тұрады.
Баяндау үшін студентке 5-7 минут уақыт ұсынылады. Қойылған 
сұрақтарға студент қысқа да нұсқа жауаптар қайтаруы тиіс. 
Курстық жұмысты ғылыми жетекші мен кафедра комиссиясы балды-
рейтингтік әріптіс жүйе бойынша бағалайды. 
Курстық жұмысты бағалау критериялары болып табылады

1. Таңдалған тақырып бойынша орындалған жұмыстың сәйкестігі; 
2. Келтірілген зерттеу мақсаттары мен мәселелерінің ерекшелігі; 
3. Қазіргі таңдағы ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану; 
4. Жүргізілген эксперимент көлемі мен өңдеудің статистикалық әдістерін 
таңдаудың негізділігі; 
5. Жұмыс нәтижелерін ілеспелі, сауатты және нақты баяндау ептілігі; 
6. Қолданылған ғылыми әдебиеттің жаңа болуы
7. Алынған нәтижелер мен қорытындылардың шынайылығы; 
8. Ғылыми тәжірибелік маңыздылық; 
9. Рәсімделу сапасы; 
10. Курстық жұмысты қорғау (нақтылық, қысқалылық, логикалылық, кәсіби 
сөз сөйлеу мәнері, көрнекі материал); 
11. Қорғау барысындағы қойылған сұрақтарға берілетін жауаптардың 
толықтығы. 
Қорғалғаннан кейін курстық жұмыс кафедрада сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет