№7-Дәріс Тақырып: Адамзат тарихындағы білім беру мақсаттарының алуан түрлілігін зерттеу: тұжырымдамалар мен модельдер


Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың



бет2/5
Дата19.10.2023
өлшемі138,63 Kb.
#119682
1   2   3   4   5

Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың,

ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді.


ТӘРБИЕ МАҚСАТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК НЕГІЗДЕРІ:
Бірінші әлеуметтік негізі - әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қалыптастырумен байланысты.
Екінші әлеуметтік негізі - адам мен қоғамның қарым-қатынасына тәуелділік. Ұзақ уақыт бойы педагогикалық мақсаттарды талдау мен негіздеуде қоғам мен өкімет қажеттілігіне сай келетін мақсаттар жоғары дәрежеде болып есептелді.
Тұжырым: мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелерінің әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау- замануи тәрбиенің әлеуметтік институт ретінде дамуының кепілі.

2. Педагогика тарихындағы тәрбиенің гуманистік мақсаты ретінде тұлғаның жан-жақты және үйлесімді даму ұғымының мәнін талдау: әртүрлілік және иерархия

Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал «рақым» туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады.


Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты- өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру.
Платон тәрбиені үкіметтің өзі ұйымдастыру керек деп есептейді; оның пайымдауынша, тәрбиенің мақсаты- ерік, ақыл-ой және сезімді тәрбиелеу
Аристотель тәрбиенің мақсаты жан рақымы- ақыл мен ерік-жігерді дамыту деп айқындады.

Тәрбиелік мақсатқа сәйкес, тәрбие мынадай кешенді міндеттерді шешуді алға қояды:

  • дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жеке тұлғалық қасиеттері дамыған адамның негізін қалыптастыру;
  • еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты тиімді пайдалана білу тәрізді әлеуметтік қызметтерді өз мәнінде қабылдап, оларды пайдалана білуге даярлау, кәсіп таңдау;
  • өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндіктер туғызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет