№7-Дәріс Тақырып: Адамзат тарихындағы білім беру мақсаттарының алуан түрлілігін зерттеу: тұжырымдамалар мен модельдер


Біртұтас педагогикалық үдерістің жүйе құраушы факторы ретінде тәрбие мақсатын ашу



бет3/5
Дата19.10.2023
өлшемі138,63 Kb.
#119682
1   2   3   4   5

3. Біртұтас педагогикалық үдерістің жүйе құраушы факторы ретінде тәрбие мақсатын ашу.


білікті
мәдениетті
Өзіндік өмірлік ұстанымы бар
қарым-қатынас мәдениеті жетілген
өз өмірін құруға, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға бейім
ізгілікті

Жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады!

Білім беруде мақсаттардың иерархиясы: әлеуметтік мақсат-идеалды және жалпы білім беру мақсатынан- белгілі бір сабақтың мақсатына дейін. Бір жағынан тәрбиенің, екінші жағынан оқытудың мақсаттарын ажырата білу керек, атап айтсақ, білім беру жүйесінің мақсаты және пәнді оқыту мақсаты; сабақтың мақсаты және тәрбиелік іс-шараның мақсаты; оқу тапсырмасының мақсаты және тәрбиелік әсердің мақсаты.

4. Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамалары мен модельдері: жалпы және ерекше

Тұжырымдама – ол жетекші, негізгі идеясы бар, өзара байланысты ғылыми көзқарастар жүйесі.


Идеялар негізінде тәрбие тұжырымдамаларына жататындар:
прагматизм (Дж.Дьюи),
М.Монтессори педагогикасы және Р. Штайнердің Вальдорф мектебі
гуманистік психология (К. Роджерс, А. Маслоу),
"жаңа гуманизм" (Дж. Вильсон, Л.Колберг) "жаңа гуманизм" (Дж. Вильсон, Л.Колберг)
экзистенциализм (Г.Марсель, У.Баррет, Дж. Кнеллер және тб)
мінез-құлық теориясы (Д.Уотсон, Д. Локк, Б. Скиннер).

Вальдорф педагогикасы бойынша, педагогикалық процестің басты өзегі, құндылығы- ол өзінің қайталанбас дара ерекшеліктерімен құнды әр бала! Оған қабілеттерінің өз қарқынында дамытуға барлық мүмкіндіктер берілген. Мұнда «норма», «дамудың ілгерілеуі» деген ұғымдары мүлдем жоқ. Вальдорф педагогикасы шеңберінде жалпы бағалау критерийлерін қою дұрыс емес деп есептеледі, өйткені әр баланың өзіне тән ерекше таланттары болады. Экзистенциализм педагогикасы / Г.Марсель, У.Баррет, Дж.Кнеллер/ адамды болмыс тәжірибесімен қаруландыруды мақсат етеді. «Тәрбие – адамның қалыптасуының, таңдауының, біреуге айналу жолындағы күресінің сан алуан түрлері. Тәрбиенің бүкіл процесінің мақсаты – адамды өзін тұлға ретінде жасауға үйрету». Экзистенциалист мұғалімдердің пікірінше, білім берудегі басымдық өзін-өзі тәрбиелеуге жатады.


1.Алғаш рет 1995 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қабылдаған «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» отбасы, мектепке дейінгі, мектептегі тәрбиенің сындарлы жүйесі жасалды. Тұжырымдамада жас ұрпаққа имандылық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, Отансүйгіштік, ерлік, эстетикалық тәлім-тәрбие беру мәселелері жан-жақты қамтылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет