Кинематика
№1. Түзу жолмен бір бағытта 36км/сағ жылдамдықпен велосипедші және 72км/сағ жылдамдықпен мотоциклші жүріп келеді. Бақылаудың бастапқы кезінде олардың өзара қашықтығы 250м еді. Мотоциклшінің велосипедші қуып жету уақыты
№2. Ұзындығы 200м поезд 36км/сағ жылдамдықпен ұзындығы 400м көпірді өту үшін кеткен уақыт
№3. Жылдамдығы 54км/сағ поезд жолаушысы терезеден қарама-қарсы бағытта келе жатқан ұзындығы 240м поезды 6с бақылай алды. Қарама-қарсы келе жатқан поед жылдамдығы
№4. Мотоциклші алғашқы 2 сағатта 90 км жол жүрді, ал келесі 3 сағатта 50 км/сағ жүріп отырады. Жол бойындағы орташа жылдамдықты анықтаңыз?
№5. Тұрақты 120км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автомобиль 30 минутта канша жол жүреді?
№6. 2м/с 2 тұрақты үдеумен қозғалған автомобильдің сол мезеттегі жылдамдығы 10м/с. Осыған дейінгі 4с- та жүрген жолы мен жылдамдықтың өзгерісі.
№7. Еркін құлаған дененің 2с жүрген жолы (g=10м/с2
№8.Дене 40м/с бастапқы жылдамдықпен көкжиекке 60 бұрыш жасай лақтырылды. Траекториянығ жоғарғы нүктесіндегі траекторияның қисықтық радиусы (g = 10м/с²)
№9 4м/с жылдамдықпен бірінші велосипедші жолды 6с жүріп
өтті. Сол жолды 8с жүріп өткен екінші велосипедшінің жылдамдығы.
№10. Ұзындығы 200м поезд бірқалыпты 10м/с жылдамдықпен қозғалып, ұзындығы 300м тоннельден толық шығуына кеткен уақыт.
Динамика
Қатаңдығы 300 Н/м серіппе 50мм-ге созылады. Серіппені 50мм-ге деформацияға ұшыратқан жүктің массасы
2.Массасы 7 кг жүк ілінгенде серіппе 2,5 см-ге созылса, серіппенің қатаңдығы?
3.Қатаңдығы k₁=0,3 кН/м және k₂=0,8 кН/м серіппелер тізбей жалғанған. Егер екінші серіппе x=1,5 см-ге дефориацияланса бірінші серіппенің абсолюттік деформациясының мәнін анықтаңыз
4.Массасы 8 кг дене 0,5 м/с² үдеумен қозғалады
5.Дененің 24 Н күштің әсерінен жасайтын қозғалыс теңдеуі берілген: x = 3t+0,3t² (м). Осы дененің массасы
6. Үйкеліс коэффициенті 0,2 дене, көлбеулік бұрышы 30 жазықтық бойынша 2 с сырғанай түседі. Дененің көлбеу жазықтық табанындағы жылдамдығы
7.Бастапқы жылдамдық 8м/с жылдамдықен ұзындығы 5кг дененің 12Н күштің әсерінен 10м қашықтық жүргеннен соңғы жылдамдығы
8.Бастапқы тыныштықта тұрған массасы 1 кг денеге 2Н күш 3с бойына әсер етсе, дене қанша жол жүреді
9.Қатаңдығы 400Н/м металл сымға ілінген, массасы 3кг дене вертикальжоғары 2м/с² үдеумен қозғалады. Сымның созылуы (g=10м/с²)
10.Массалары 150кг жолаушылардың лифт еденіне түсіретін қысым күші. Лифт 0,6 м/с² үдеумен жоғары көтеріліп барады.(g=10м/с²)
Жұмыс.Қуат.Энергия.Абсолютті қатты дене
4м/с² үдеумен 4с қозғалған 2 кг дененің кинетикалық энергиясы
Массасы 3кг тастың 5м биіктің еркін құлап түсуге 2м қалғанда кинетикалық энергиясы
3.Ойыншық серіппелі пистолеттен атылған массасы 20 г шар вертикаль жоғары 0,5м биктікке көтеріледі. Қатаңдығы 500Н/м серіппенің деформациясы. (g=10м/с²)
4.Денеге әсер ететін күштердің тең әрекетті күші 20Н-ға тең және горизонталь бағытталған . Дененің қозғалыс координатасы x=-3t+4t² заңы бойынша өзгереді. 5 секунд ішіндегі күш жұмысы
5. Массасы 10⁵ поезд 15м/с жылдамдықпен бір қалыпты қозғалады. Үйкеліс коэффициентін 0,01 деп есептеп, локомативтің 1с уақыт ішіндегі жұмысы (g=10м/с²)
6 . ПӘК-і 75% қондырғы 25 кДж толық жұмыс жасаса, оның пайдалы жұмысы
7. Трактордың тарту күші 20 кН. ОЛ платформаны 7,2 км/сағ жылдамдықпен сүйреп келеді. Трактордың 10 мин-та атқарған жұмысы және қуаты
8. Егер мотоцикл жылдамдығы 108 км/сағ болып, 100км жолға 3,7 л бензин жұмсаса, двигателінің ПӘК-і 25% болса , мотоцикл двигателінің өндіретін орташа пайдалы қуаты
(q=46∙10⁶Дж/кг; ρ=700кг/м³)
9.Массасы 500 кг дененің 3 минуттың ішінде 15м биіктікке көтеретін двигателінің қуаты 2кВт кранның ПӘК-і
10.Серпімді деформацияланған серіппенің ұзындығын 2 есе арттырсақ, онда онын потенциал энергиясы
Механикалық тербелістер, толқындар
1.Тербеліс периоды 1с математикалық маятниктің ұзындығы неге тең?
2.Серіппеде жүк 9с-та 180 тербеліс жасайды. Тербеліс жиілігі мен периоды
3.Маятник 1мин 40с-та 50 тербеліс жасайды. Тербелістің периодын, жиілігін және циклдік жиілігін табыңдар
4.Егер математикалық Маятник жібінің ұзындығы 30 см-ге ұзартсақ, оның тербеліс периоды 2 есеге артады.Жіптің бастапқы ұзындығы
5.Егер математикалық маятник жібінің ұзындығы 32 см-ге кемітсек, оның тербеліс периоды 40%-ға кемиді. Жіптің бастапқы ұзындығы
6.Ұзындығы 40 см математикалық маятник жібін, тағы 120 см-ге ұзартсақ, оның тербеліс жиілігі
7.Тербелмелі контур астарларының ауданы 100см², арақашықтығы 0,5 см болатын ауа конденсаторы мен индуктивті 5 Гн катушкадан тұрады. Контурдағы тербелістер периоды
(ε=1, ε₀=8,85∙10ˉ¹²Ф/м)
8. 2 өркеш пен 7 өркеш арақашықтығы 35 м болса, жылдамдығы 28м/с толқынның жиілігі мен периоды?
9.Катер ағыспен бағыттас жүзгенде толқын оның корпусын 1 секундта 8 рет ал қарсы жүзгенде 6 рет соғады. Толқын ұзындығы λ=3м болса,катер мен ағыс жылдамдығы?
10.Су бетінің тербеліс жиілігі 5 Гц болғанда, толқын 3м/с жылдамдықпен тарайды. Бір түзудің бойында бір-бірінен 20см қашықтықта жатқан екі нүктедегі тербелістің фазалар айырымы
Молекулалық физика
1.20моль газы бар, баллондағы газ молекулаларының саны (Na=6∙10²³мольˉ¹)
2.Егер сутегі молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 800м/с, ал тығыздығы 2,4 кг/м³ болса, онда оның қысымы
3.Көлемі 500см³, температурарсы 27С ыдыста 0,9 г сутегі бар. Газ қысымы . (R=8,31Дж/моль∙К, M(H₂)=2∙10ˉ³кг/моль)
4.Қысымы 4∙10⁵ Па, Температурасы 320К оттегінің тығыздығын анықта.(M(O₂)=32∙10ˉ³кг/моль, R=8,31 Дж/моль∙К)
5.Насостың поршені астындағы ауаның қысымы 10⁵ Па, ал көлемі 200см³. Егер газдың температурасы өзгермесе, 130 см³ көлемді алып тұрғандағы ауа қысымы
6. 273С температурадағы газ 2 м³ көлемді алып тұрады. 546С температурадағы және сол қысымда газ көлемі
7.Температурадағы 6000 К күн атмосферасындағы гелийдің орташа квадраттық жылдамдығы (M(He)=4∙10ˉ³ кг/моль,R=8,31Дж/К∙моль)
8.Көлемі 2л оттегіде 6∙10²² молекула болса, тығыздығы (M(O₂)=32∙10ˉ³кг/моль,Na=6∙10²³мольˉ¹)
9.Идеал газ молекуласының 1000С температурадағы кинетикалық энергиясы (K=1,38∙10ˉ²³Дж/К)
10.Массасы 1кг судағы зат мөлшері (M(H₂O)=18∙10ˉ³ кг/моль)
Достарыңызбен бөлісу: |