11) Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон). Болмыс ұғымына қарсы ұғым – болмыссыздық (бейболмыс). Философияда болмыс ұғымын алғаш рет қолданған Прменид болды, оның түсінігінше «Дүниеде бар нәрсе бар, жоқ нәрсе жоқ». бұл ой өмірлік тәжірбиеге сай келмейді. Бұл дүниеде қозғалмайтын өзермейтін еш нәрсе жоқ. яғни, Парменид бұл дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы жетуге болады, яғни ойлау мен болмыс бір-біріне тең. Теяр де шарденнің «Дүние әлі де жаратылып біткен жоқ, ол жаратылу үстінде. Оны әрі қарай жарататын негізгі күш — адамзат» — деген ойы Парменид оймен ұштасып жатыр.
Болмыс түрлері :1) заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғи заттар мен процестер және адамдар жасаған заттар мен процестер болмысына бөлінеді, өзімен-өзі объективті өмір сүреді;
2) адам болмысы: заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;
3) рухани (идеялық) болмыс – адам жан дүниесі мен санасы;
4) әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестерге
жіктеледі.
12) Платон мен Аристотель философиясындағы болмыс мәселесі. Платон пікірінше, шын болмыс – ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Платонның болмысы Парменидтікіндей біртұтас болмыс емес, керісінше, өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Әлемде қаншама бір тектес, бір-біріне ұқсас заттар, құбылыстар, процестер, қатынастар, т.б. көп болса, сонша идеялар бар. Идеялар бір-бірімен тек қана қарым-қанынасты емес, соынмен бірге бір-біріне бағынышты бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болды. Платон рухани әлемнің жеке-жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе “эйдос” деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әртүрлі міндет атқарады: 1. Себептілік. 2. Заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі. 3. Заттардың_түпнегіз бейнелейтін үғымы.