9) Бейсаналық, сана, жоғары сана. Философиядағы бейсаналылықтың негізгі концепциялары (З. Фрейд, К.Г. Юнг). Бейсаналық - адамның мінез құлқындағы сананың қатысуынсыз, оиламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасауы. Бейсаналық болады егер адам ұйықтап түс көргенде, қатты мас кезде, гипноз кезде, жазуды қате жазу, сөздерді дұрыс тындамау, ұнамаитын оқиғаларды естен шығарып жіберу.
З.Фрейдтіңайтуынша, бейсаналық процестер индивидтің жүріс-тұрысына әсер ете алады, тіпті оның өзі олар туралы ештеңе хабарлай алмаса да. Фрейд бойынша, 1) бейсаналық – бұл "белсенді байқалатын (көрінетін) және сонымен бірге сол адамның санасына жетпейтін" психикалық процестер; 2) бейсаналық – адам психикасының негізгі және ең мазмұнды жүйесі
К.Г.Юнг бойынша бейсаналық үш қабаттан (жіктен) тұрады:
1) "тұлғалық бейсаналық" – тұлғаның ашыналық, сырластық жан өмірін құрайтын көбінесе эмоционалды (тез әсерленгіш) боялған елестер мен
кешендерді (комплексы) өзіне кірістіретін, қосатын бейсаналықтың үстіңгі (сыртқы) қабаты;
2) "ұжымдық бейсаналық" – бейсаналықтың туа біткен терең қабаты; ол адамдардың өткен ұрпақтарының тәжірибесін өкілдік ететін (репрезентирует) және өзіне тұлғадан тыс әмбебап мазмұн мен жандық өмірдің жалпылама негізі ретінде болатын үлгілерді қосатын индивидуалды (жеке емес, жалпылама табиғаты бар (болатын) психиканың жалпы орталығы мен өзегі (ядро); "ұжымдық бейсаналықтың мазмұны" негізінен архетиптер – психикалық қызмет пен жүріс-тұрыстың мұралық етілетін жалпылама үлгілері, рәміздері және стереотиптері болады;
3) "психоидтық бейсаналық" – органикалық дүниемен ортақ қасиеттері және біршама бейтарап сипаты бар бейсаналықтың ең іргелі деңгейі, сондықтан ол толық түрде психикалық та, физиологиялық та болмағандықтан іс жүзінде санаға толық мәлімсіз.
10) Болмыс пен бар болу. Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Философияның негізігі сұрағы «дүниенің негізі не?» деген сұраққа жауап іздеумен басталады. Әлемнің сыр-сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігі – “болмыс” деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады.
Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мынаған сияды:
табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар – бәрі тең өмір сүреді, бірақ өмір сүру түрлері әрқилы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шексіз де тұрақты дүниенің тұтас бірлігін құрайды.
Олай болса, болмыс ұғымы – дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық катигория.