7 мектеп-лицейі Сыныптан тыс іс-шара



Дата15.08.2023
өлшемі18,78 Kb.
#105277
Байланысты:
Таңғажайып алаң


7 мектеп-лицейі


Сыныптан тыс іс-шара


Тақырыбы: «Таңғажайып алаңы»
Өткізген: Бекбулатова Л.О.

2022 жыл
Мақсаты:  Оқушылардың бойында білімділік, дарындылық, шешендік, жауапкершілік қасиеттерді, талғам мәдениетін қалыптастыру: ынтымаққа, бірлікке, қайтпас қайсарлыққа, алға қойған мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Тақырыпқа байланысты нақыл сөздер, мақал-мәтел жазылған, өнер иелері бейнеленген плакаттар,өнердің әр саласындағы көрністер бейнеленген суреттер.


Өтілу барысы
Жүргізуші: Құрметті оқушылар бүгінгі өтетін «Таңғажайып алаңы» сайысына қош келдіңіздер. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Олай болса «Таңғажайып алаңы» сайысын бастаймыз.
Ең алдымен сайысымыздың шартымен таңыстырып өтейік, бүгінгі сайыс IV-турдан тұрады.Әр турға 3-оқушыдан шығады. Әр турға бір-бір сұрақтан қойылады. Әр турда жеңіске жеткен оқушы финалға шығады. 
Яғни IV-турға шығады. Бұл турда жеңіске жеткен оқушы жеңімпаз атанады.


Ән: «Менің әжем» Елубай Мединаның орындауында


Бірінші айналым.
Ал олай болса сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.I-турға қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.
I-турға әдебиеттік оқу пәніне байланысты қойылатын сұрақ:
1. Әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ оған «... қажырлы», «...құжынаған», «...еңбекқор» деген тіркестерді қосып бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр. Оларды зерттейтін ғылым – мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың .... тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды.
Құмырсқа
Бірінші айналымға қатысқан оқушыларға сыйлықтар беріледі.


Екінші айналым.
II-турға қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.
II-турға жаратылыстану пәні бойынша қойылатын сұрақ:
Күн сәулесі жасыл жапыраққа түскенде, онда оттек пен қоректі зат - .... түзіледі. Ол өсімдіктің өсуі мен дамуы үшін керек.
Глюкоза
Екінші айналымға қатысқан оқушыларға сыйлықтар беріледі.


Үшінші айналым.
III-турға қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.
IІІ-турға дүниетану пәніне байланысты қойылатын сұрақ:
Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан? Бұл белдеуде жылдың төрт мезгілі - жаз, күз, қыс, көктем айқын білінеді. Сондықтан бұл климаттық белдеуде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі әр алуан.
Қоңыржай
Төртінші айналым:
IV-турға қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.
IV-турға «Үйшік» еретегісінің желісі бойынша сұрақ: Ертегі қандай құндылық негізінде аяқталды. (Ынтымақтаса жасаған жұмыстың арқасында жаңа үйшік жасайды.)
Ынтымақтастық
Қортынды айналым.
Жеңімпазды анықтау.
Қорытындылау, марапаттау.
Ән: Күзгі әуен

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет