7-сынып. Зертханалық жұмыс №5 Су ішінде массасы 100 г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтау



бет5/9
Дата24.04.2023
өлшемі117,5 Kb.
#86213
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
7 сынып физика пәнінен зертханалық жұмыстар

Қорытындылау.

  • Бағалау.



    7-сынып
    Зертханалық жұмыс №7
    Тақырыбы: Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-н анықтау.
    Жұмыстың мақсаты: денені h биіктікке көтергенде істелетін пайдалы жұмыстың сол денені осы биіктікке көлбеу жазықтық бойымен көтергенде істелетін толық жұмыстан кем болатынын көрсету.
    Құрал-жабдықтар: тақтай, динамометр, өлшеуіш таспа, ағаш білеуше, штатив.
    1-тапсырма. Денені h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты анықтау.
    Жұмыстың барысы: денені h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтеру үшін F1 күші А1 жұмысын істейді: А1=F1h.
    Денені бірқалыпты тік жоғары көтеретін F дененің ауырлық күшіне тең: F1=P.
    Оны динамометрмен тікелей өлшеу керек:

    1. білеуді көтеретін h биіктігін таңдап алыңдар;

    2. білеудің ауырлық күшін динамометрмен өлшеңдер;

    3. білеуді h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты есептеп шығарыңдар.

    2-тапсырма. Денені көлбеу жазықтық бойымен h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтерудің орнына, F2 күшін түсіріп ұзындығы ℓ көлбеу жазықтықты пайдаланып көтеруге болады. Алайда, көлбеу жазықтықты пайдаланғанымызда, механиканың алтын ережесі бойынша күштен ұтқанымызбен (F1< F2), оның есесіне жлдан ұтыламыз (ℓ >h). Көлбеу жазықтықты пайдаланғанда істелген А2 жұмыс мынаған тең: А2=F2. ℓ
    «Алтын ережеге» сәйкес үйкеліс есепке алынбаған жағдайда А1 және А2 жұмыстары бір-біріне тең: А2= А1немесе F1h=F2. ℓ
    Практикада үйкелісті болдырмау мүмкін емес, сондықтан толық жұмыс А2 пайдалы А1 жұмыстан іс жүзінде үлкен: А1< А2.

    1. тақтайды 175-суреттегідей көлбеу орналастырыңдар;

    2. көлбеу жазықтықтың ℓ ұзындығын өлшеңдер;

    3. білеуге динамометрді іліп, оны көлбеу жазықтықтың бойымен жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартыңдар да, F2 тарту күшін өлшеңдер;

    4. білеуді көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты көтергенде істелетін А2 жұмысты есептеңдер.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет