2-тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау. Жұмыстың барысы: өлшеуіш цилиндрге қатты дана толық бататындай етіп су құйып, денені сұйыққа толық батырыңдар. Сонда мензуркадағы судың соңғы көлемі және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады;
өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмегі бар ыдыстың көмегімен анықтауға болады. Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып төгіледі. Төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп, батырылған ірі дененің көлемін анықтайды.