Қолдануы: науқастың ауыр жағдайы, есту жолдарында құлық пайда болуы.
Қолданбауы: құлақ қабыршағындағы және құлақтың сыртқы жолдарындағы қабыну процестері.
Әзірле:стерильді: лоток, тамызғыш, пинцет, мензурка, мақта турундасы, салфетка, қолғап; 3% асқын су тотығы, сабынды ерітінді, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, Б-тобы мед.қалдығын жинауға арналған ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі: Науқасты идентификациялау және жүргізілетін процедураны түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
Науқастың басын тазалайтын құлақтың қарама қарсы жағына қарай еңкейтіңіз де астына лоток қойыңыз.
Салфетканы сабынды ерітіндіге батырып құлақ қалқаншасын сүртіңіз және құрғақ салфеткамен құрғатыңыз(терідегі кірді тазалау үшін)..
Стерильді мензуркаға 36-370С су буында қыздырылған 3% асқын су тотығы ерітіндісін құйыңыз.
Пинцетпен мақта турундасын алып, 3% асқын су тотығына батырыңыз. Есту жолдарының біртегіс болуы үшін сол қолмен құлақ қалқаншасын артқа және жоғары көтеріңіз және сыртқы есту жолдарына турунданы айналмалы қозғалыспен 2-3 минутқа 1см-ден аспайтын тереңдікке енгізіңіз.
Құлақтың сыртқы есту жолдарынан турунданы айналдыра отырып алыңыз-ол есту жолдарынан бөлінділер мен құлықтың жойылуын қамтамасыз етеді.
Екінші құлақтың есту жолын осы тәсілмен тазалаңыз.
Қолғапты шешіңіз.
Пайдаланылған қолғапты, турунданы, салфетканыБ-тобы мед.қалдығын жинауға арналған ыдысқа, пинцет, мензурканы дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.