7-тақырып. ҚАзақстандағы отарлық ДӘуірдің басы. ӘКімшілік реформа



бет4/4
Дата19.10.2023
өлшемі50,3 Kb.
#119563
1   2   3   4
Ал көтерілісшілер өз тарапынан патша әкімшілігіне мынадай талаптар қояды:
1) Еділ мен Жайық арасындағы қоныстарды қайтару;
2) Орал казак-орыс әскерлерінің жазалау отрядтарын жіберуді тоқтату;
3) Нұралы ханды тақтан түсіру.
Елшіліктен қайтып келген М.Құсайынов патша ІІ Екатеринаға көтерілісшілердің талаптарын ескертіп, хабарлама жолдайды. 1785 жылдың күзінде тағы да старшындар мен көтерілісшілер қатысқан жиналыс өтіп, оған қатысушылар Нұралы ханды тақтан түсіру жөніндегі шешімдерін күшінде қалдырып, бұдан былай оны хан ретінде мойындамайтындықтарын білдіреді. Орынбор генерал-губернаторы арқылы осы жағдайлармен танысқан патша ІІ Екатеринадан “кіші жүз үш бөлікке бөлініп, билер мен сұлтандар арқылы басқарылсын” деген нұсқау келеді. Осыдан кейін генерал-губернатор О.А.Игельстром Кіші жүзді басқарудың империялық басқару жүйесіне жақын жобасын жасайды.
Оның жобасы бойынша Кіші жүздегі хандық билік жойылып, елді басқару Орынбор шекаралық сотына беріледі, ол генерал-губернаторға бағындырылады
Тарихта “Игельстром реформасы” деген атпен қалған бұл реформа, жалпы империядағы саяси жағдайға байланысты және жергілікті жерде түрлі қарсылықтарға ұшырап, толықтай іске аспайды. Билер мен сұлтандардың Сырым бастаған бөлігі болмаса, барлығы бірдей хандық биліктің жойылуын қолдамаған еді. Хандық билік жойылғанмен, патша әкімшілігі Кіші жүзде өздеріне тұтастай тәуелді басқару жүйесін құра алмады. Бұл реформаның бір пайдалы жағы, оны жүргізу барысында Жайық казак-орыс әскерлерінің қазақ ауылдарына шабуыл жасауына тиым салынды. Қазақтарға Еділ мен Жайық аралығындағы жерлерге көшіп-қонуға мүмкіндік беріліп, Жайықтан өтуге 45 мыңнан аса шаруашылығы бар 17 ру басы рұқсат алады.
“Игельстром реформасы” толық нәтиже бермеген соң, патша үкіметі хандық билікті қалпына келтіру мақсатында енді сұлтандармен арадағы одақты нығайтуды көздеді. О.А.Игельстромның орнына жаңа тағайындалған генерал-губернатор А.Пеутлинг Нұралының інісі Ералымен байланыс жасап, қазақ қоғамына қатысты қатал саясат ұстанды. Губернатордың саясатына сәйкес Жайық казак-орыс әскерлері қазақ ауылдарына шабуылдарын қайта үдетті.
Старшындарға қарсы саясат жүргізіп, олардың билігіне шек қоя бастады. 1790 жылы Орынборға барған билер мен старшындар қамауға алынады. Осы жылы Уфа қаласында Нұралы хан қайтыс болып, орнына билер мен ру басылары жиналып Есім сұлтанды Кіші жүздің ханы етіп сайлайды. Бірақ патша әкімшілігі бұл сайлауды мойындамай, хандыққа Ералыны ұсынды. 1791 жылы күзіне қарай генерал-губернатордың қатысуымен Ор қаласының жанында өткен жиналыста билер мен ру басыларының шешіміне қарамастан Ералы хан сайланды. Ералының хан сайлануы ел ішінде наразылық тудырып, 77 стихиялық баскөтерулер байқалды. С.Датұлы Кердері және Табын руларының старшындарына хат жазып, ауылдарды Мұғаджар тауларына көшіру керек екенін және өзінің патша үкіметіне қарсы күреске шығатынын хабарлайды. Бірақ оның пікірі старшындар арасынан қолдау таппайды. Оған қарамастан азаттық күресі жалғасып, негізінен шекара өңіріндегі руларды қамтиды.
1792 жылы қыркүйекте Сырым бастаған көтерілісшілердің Елек қаласына жасаған шабуылы сәтсіз аяқталады. 1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңа хан сайлауға біршама ойланып барып, 1795 жылы Нұралының баласы Есім хандыққа сайланады. 1795- 1796 жылдардағы ауа райының қолайсыздығы Кіші жүз халқының шаруашылығын күйзелтіп кетеді. Оған қарамастан Есім хан түрлі салық жинауды тоқтатпайды.
1797 жылы О.А.Игельстром Орынбор генерал-губернаторлығына қайта тағайындалады. Осыдан кейін Сырымның Есім ханға қарсы қозғалысы басталады. 1797 жылы наурыздың 26-нан 27-не қараған түні көтерілісшілер Краснояр бекінісінен 5 шақырым жерде Есім ханды өлтіріп, ауылдарын тонап кетеді. Бірақ, ханды өлтіруге Сырым өзі қатыспайды. Хан өлімінен кейін патша үкіметі көтерілісшілермен күресудің дұрыс әдісі Сырымды тұтқындау деп есептейді. Онымен ғана шектелмей амалдар іздестіріп, Кіші жүзде хан кеңесін ұйымдастырады. Ол кеңестің басшылығына Айшуақ сұлтан, кеңес мүшелігіне алты старшын және патша үкіметінің өкілі Құсайынов сайланады. 1797 жылы тамыз айында хан кеңесі шақырылып оған 1000-ға жуық адамы бар Сырым Датұлы да келеді. Осы кеңесте Сырым: “Кіші жүз халқының жағдайының ауырлығына және хан кеңесінің құрылуына байланысты күресті тоқтатамын”, - деп мәлімдеме жасайды.
Одан соң ол хан кеңесінің құрамына сайланады. 77 жастағы Айшуақ сұлтанды 1797 жылы қазан айында патша үкіметі хан етіп тағайындайды. Осылайша, 1783 жылдан 1797 жылға дейін 14 жылға созылған Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс халықтың босқа қырылмауы, ел ішінде тыныштық сақтау мақсатында тоқтатылады. Көтерілістің қозғаушы күші - халық болды. Оған билер мен батырлар, старшындар мен ру басылары да, қарапайым шаруалар да қатысты. Ресей отаршыларының жүргізген құйтырқы саясатының нәтижесінде хандық билік дағдарысқа ұшырады. Сонымен қатар патшалықтың отарлау саясатының одан әрі тереңдей түсуі, орыс-казак әскерлерінің қазақ жерлерін тартып алуы дәстүрлі шаруашылыққа үлкен нұқсан келтірді, қоныстар мен жайылымдық жерлерді тарылтты. Сондықтан, көтерілісшілер негізінен екі үлкен мәселені қойды: бірі дербес саяси хандық билікті, екіншісі қазақ жерінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету. Қорыта айтқанда, Е. Пугачев бастаған көтеріліске қазақтардың қатысуы, Сапура Мәтенқызы мен Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қазақ тарихында Ресей империясының отаршылдық саясаты мен жергілікті билеуші топ өкілдерінің езгісіне қарсы бағытталған маңызы зор азаттық қозғалыстың бірі болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет