№7 Тақырып. Дамыта оқыту технологияларына салыстырмалы талдау



бет2/5
Дата19.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#35019
түріОқулық
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дамыта оқыту технологиясы

Прфессор Б.Д.Элькониннің пікірі бойынша «дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп – білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүниеге және оны тану үрдісі баланың сол үрдіспен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдайында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі - дамыта оқыту педагогикасын не қалыптастыру, яғни дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы білім берудің жүйесін қалыптастыру». 

 

 

Дамыта оқыту - бұл оқу процесін адамның әлеуетіне және олардың реакциясына бағыттау. Оқытудың бұл түрінің мақсаты оқушыларды білімді өз бетінше игеруге, шындықты іздеуге, сондай-ақ күнделікті өмірде тәуелсіздікке дайындау болып табылады. Яғни, ол жадты пайдалану емес, ойлау тетіктерін қалыптастыруға негізделген. Оқушылар білімді игеру және олармен жұмыс жасау болатын ақыл-ой операцияларын игеруі керек. Дамыта оқыту дегеніміз-баланың даму заңдылықтарына негізделген оқытудың мазмұны, әдістері мен формалары.

Дамыта оқыту технологиясының мақсаты – оқушылар оқу әрекетінің белсенділігінің психологиялық негізін қарастыру, мектептегі дамыта оқытудың әдісі мен амалдарын көрсету.

Дамыта оқыту технологиясының міндеті:

  • оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты дамыту;
  • оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп – салдар байланыстарын табу, жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру – сияқты интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру;
  • баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыру.

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдіруде өте тиімді. Себебі:

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдіруде өте тиімді. Себебі:

  • Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
  • Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. “Жақсы оқушы”, “Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
  • Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
  • Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – “орындаушы”, “мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет