7-тақырып. Ғылыми жұмысты қорғауға дайындық. Оқу мен педагогикалық жұмыстардың тәсілдері



бет6/10
Дата05.05.2023
өлшемі53,2 Kb.
#90532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
14. Дамыта оқыту.
Дамыта оқытудың мақсаты білім алушының күнделікті өмірге тәуелсіз, сонымен қатар ақиқатты іздей отырып, өзіндік оқуы арқылы білім алуға қол жеткізуі.
Дамыта оқыту әр білім алушының дербес танымдық әрекеттерге ұмтылуға құштарлығын, белсенді өмірлік қағидаттарын қалыптастырады. Білім алушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Ол оқытуда қолданылатын дидактикалық ойындар, пікірталастар, сонымен қатар шығармашылық қиялы мен ойлауына, есте сақтауына, сөйлеуіне бағытталған түрлі іс-әрекеттерге білім алушыларды рту түріндегі оқыту әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Дамыта оқыту білім алушының жан-жақты тұлғалық сапасының дамуына, өзіндік ой-тұжырымын жасауына, өзіндік оқу іс-әрекетіне талдау жасауға және оны басқара білуіне бағытталған.
15. Модульдік оқыту.
Модульдік оқыту – оқу ақпаратын блокты – модуль негізінде беру арқылы оқу процесін ұйымдастыру тәсілі. Оқу мазмұны ақпаратты блоктарда беріледі де меңгеру мақсатқа сәйкес жүзеге асырылады.
Модульдік оқыту барысында білім алушылар үшін оқытылатын білім көлемі ғана емес, оны меңгеру деңгейінің дидактикалық мақсаты тұжырымдалады. Модульдік оқыту білім алушылардың базалық дайындығының деңгейіне, жеке сұраныстары мен икемділігіне қарай оқытуды қамтамасыз етеді. Оқытуды дараландыруды: оқу мазмұнын, меңгеруін, өзіндік деңгейі, әдісі мен тәсілі, бақылау, өзін-өзі бақылауы бойынша қамтамасыз етеді.
16. Проблемалық оқыту.
Проблемалық оқыту – өзіндік дүниетанымын қалыптастырудың барынша өзекті құралы. Проблемалық оқытудың тиімділігі ол білім алушылардың сыни, шығармашылық, диалектикалық ойлауын қалыптастыру міндетін шешуден тұрады.
Проблемалық оқыту логикалық тәсілдер жүйесін немесе жекелеген шығармашылық іс-әрекеттерін, жаңа жағдаятта білімін шығармашылықпен қолдану біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол шығармашылық тәжірибесінің молаюына, зерттеушілік әдістерді меңгеруіне, практикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Проблемалық оқыту оқудың қажеттілігін, уәжін қалыптастыруға, яғни әлеуметтік құзыреттілігін, адамгершілік, танымдық қажеттілігін құруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет