7 Тақырып: Ұлттық тәрбие ерекшеліктері
Жоспары:
1. Рәсім, жол-жоралғы, ырым, тиымның тәрбиелік мәні.
2. Наным-сенімдердің қалыптасуы.
3. Рәміздер олардың тәрбиеге ықпалы.
4.Халық педагогикасындағы тәрбие факторлары. Табиғат. Ана тілі. Дін тұлғаның рухани қалыптасуындағы өзекті фактор.
5.Халық педагогикасындағы дүниетанымды қалыптастыру жолдары.
Лекция мақсаты : Студенттерді халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптептін, ата тілі мен дінін қадірлейтін, Отанын,жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, патриот етіп тәрбиелеу.
Міндеттері:
-этнопедагогика пәнінің тарихи даму жолдарын, теориялық негіздерін,
ұғымдарын игеру;
-оқу-тәрбие жұмысында кездесетін қиындықтарды шығарашылықпен шеше білуге;
Оқытудың техникалық құралдары: проектор, диафильм, слайд
Лекция оқудың тәртібі, оқытудың әдістері мен түрлері: кіріспе лекция; Түсіндіру, сөздік түсіндіру, баяндау
Қазақ халқының әдептілігі тарихи қалыптасқан мәдени үлгі болып табылады әдептілік негіздері: әдеп, рәсім, дәстүр, әдеп-ғұрып, салт-сана . Халқымыздың салт-санасы-ұрпағына берген үлгі-өнегесі, мәдени мұрасы. Халқын сүйген адам сол халқының салт-санасын қастерлеп, үйреніп, оны өнеге тұтуға тиіс.
Салтардағы, дәстүрлердегі, әндердегі, өлеңдердегі, мақалдардағы және мәтелдердегі өнегелі тәрбиеленгендік, ар-ұяттылық, руханилылық жөніндегі халықтық түсініктер. Жастарды парасаттылыққа, әдептілікке, үлкенді қадірлеуге отбасындағы аға ұрпақтың рөлі мен үлгісі. Қонақтармен амандасудың, қабылдаудың, қызмет етудің қарапайымдылық пен әдептіліктің тәрбиелік мәні. Дін тұлғаның рухани қалыптасуындағы өзекті факторы. Құранның жоғары рухани, мінез-құлықтық тазалықты ұстауға шақыратын Мұхамед пайғамбардың өмірінен үлгілер, хадистердің үлгілі ережелері жөніндегі түсініктер. Қазақ халқында рухани мінез-құлық тәрбиесінің ерекшеліктері.
Патриоттық тәрбиенің негізі өз отанына, халқына, туыстары мен жақындарына сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Патриоттылықтың негізгі моделдері: ( кіріктірілгендік, авторитарлық, бөлшектелген әр түрлілік). Патриоттық сезімнің, адамзаттық жауапкершілік сезімнің отан алдындағы азаматтық борыштың өзара байланысы. Азаматтық, патриоттық тәрбиедегі мақал-мәтелдердің және бай аңыздардың мәні мен мағынасы. Жастарды жаудың бетін қайтаруға батылдығын және дайындығын тәрбиелейтін ұлттық ойындардың рөлі және мәні. Қазақ халқындағы азаматтық, патриоттық тәрбиенің ерекшелігі.
Жақсы әдеттер дағдыға , дағдыдан әдепке айналады. Әдеп-әрбір адамның тәртібі мен инабаттылығын көрсететін салт-сананың ұлттық белгісі.
Әдет, әдет-ғұрып, әдеп, дәстүр, ғасырлар бойы қалыптасып жаңаша жақсылықтармен толысып, салт-санаға сіңген. Яғни мүлтіксіз орындалатын заңдылыққа айналып, халық санасына сіңіп қастерлі қасиетке айналған Мысалы, сен кіші адам екенсің, үлкен адамды құрметтей біл, инабатты болу-парыз, иманды болу-борыш, т.б. Айыпты мойындау, айып төлеу, жылу беру , сауға беру т.б. рәсімдер-елдің тәртіптілік салты.
Халықтың салт-дәстүрлері сан алуан ырымдар мен тыйымдар, кәделер мен жоралғылар арқылы іске асырылады. “Құдыққа түкірме”-ырым әрі тыйым сөз.
Ырым- жақсылыққа (игілікке)құштарлық, жақсылыққажету ниетімен жасалынған әрекет, игі сенім; тыйым –жамандыққа қарсы жасалынатын әрекет, тәлім-тәрбиелік заңды нұсқау, тәртіптілікке үйрету; сенім- дінге, болашаққа, игі іс-әрекеттің келешек жемісіне сену, көргендікке бейімделу; обал-әрбір заттың, тіршіліктің қадірін білу, оның бағасын ардақтап аялау, олай болмаса обалболатынын сезіну;сауап-игілікті нәрсеге, кіріптарлыққа қарт адамға, жан-жануарларға жақсылық жасауды міндет санап, ол міндетті орындау; ар-қасиетті сезім, жеке тұлғаның қозғаушы күші; намыс-арлы адамның намысы ата-тектік, ұжымдық рулық, ұлттық намыспен жалғасып, қоғамның қозғаушы күшіне айналады. Этнопедагогикаға сал-дәстүрлердің ұлттық санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы-салт –сана деп аталады Ұлттық санаға сіңіп, қалаптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор.
Қазақтардың діни наным-сенімдері
Қазақтардың діни наным-сенімдері – мұсылман-суниттер. Исламға дейінгі кезеңде Қазақстанның аумағында Тәңірге – Мәңгі Көкке табынушылық басым болатын. Тәңіршілдік адамзаттың еделгі монотеистік діндерінің бірі болып табылады. Тәңіршілдіктің көптеген белгілері ежелгі шығыстық табынушылықтармен туыстыққа меңзейді. Тәңірге табынушылық қандай да бір ережелер жинағын қалдырмаған мұсылмандардың «Құраны» және т.б. сияқты). Жалғыз жазбаша дерек Ұлы Түрік қағанаты кезеңіндегі (V—VIII ғғ.) тастарға руналық жазбамен жазылған батырлық поэмалар-эпитафиялар болып табылады XIV ғасырда, Алтын ордалық Өзбек ханның тұсында ислам империяның мемлекеттік дініне айналды. Соған қарамастан, XIX ғасырдың ортасында Ш. Уәлиханов исламның таралуын және кейбір аймақтардың әлі де тәңіршілдік дәстүрлерді ұстанатындығы жөнінде жазған. Кеңес уақытында исламның қажеттілігі әлсірей түседі. Тәуелсіздік алғаннан кейін ислам діні Қазақстанда мемлекеттің қолдауына ие бола бастады. Сонымен қатар дінді секуляризациялау мемлекет идеологиясының бір бөлігі болып табылады. Исламдық дәстүрлермен қатар қазақ халқының тұрмысында қазақтардың этносанасы мен менталитетіне ықпал ететін жекелеген ежелгі тәңіршілдік әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері орын алған: ата-бабалар әруағына, отқа, күнге, жұлдыздарға, көкке және т.б. табыну. Қазақтар номадтық және діни дәстүрлердің ықпалымен дінге ерікті болып табылады.
Дін ежелден келе жатқан рухани түсініктердің бірі. Адам баласы алғаш жаратылғаннан бастап табиғаттан тыс жаратушы бар деп ойлап, сол белгісіз күштерге сенген. Алғашқы кезде адам баласының наным-сенімі олардың кәсібіне және қоршаған ортасына байланысты болған. Алғашқы адамдар көптеген табиғат күштерінің алдында дәрменсіз болды, сондықтан табиғи күштерге табыну да кең орын алды. Бірақ адамдар осының бәрін бір Жаратушының ісі деп ойлады.
Сонымен дін адам баласының жаратушыға табынуы, оған деген нанымы болып табылады. Алғашкы діни түсініктер ерте заманда, яғни тас дәуірінде пайда болған.
Ол кездің бір қызығы адамдар жаратушыны ағаштан немесе тастан ойып жасаған. Оны түл деп атайды.
Тас дәуірінде адамдар сонымен қатар табиғат күштеріне және отқа табынған. Қола дәуірінде адамдардың діни түсініктері одан әрі дамиды.
Ерте кезде қазақ халқында да түрлі наным-сенімдер орын алған.
• Қазақстан жеріндегі алғашқы жүйелі діни наным -Заратуштралық. Оның негізін б.з.б. II ғасырда (3500 жылдай бұрын) алғашқы діни-философиялық ағымды таратушы Заратуштра (Зәрдүш) қалаған. Бұл діндегі жоғары құдай — Ахурамазда. Қасиетті кітабы — «Авеста». Бұл дінді алғаш рет сол кездері Қазақстан жерін мекендеген тайпа арийлер қабылдаған.
• Ұлы Жібек жолы арқылы қазақ жеріне христиан, будда, манихейлік діндер тараған.
• Ежелгі түркі халқының діни нанымының негізі Тәңірге табыну. Тәңірді түркілер Көк деп білген. Көктен кейінгі сыйынатын күш отбасы мен балалардың қорғаушысы Ұмай құдай-ана, яғни Бай ана болып есептелген.
• VII-VIII ғасырлардан бастап қазақ жеріне арабтар арқылы жаңа дін ислам діні ене бастаған. Азғана уақыттың ішінде ислам діні Қазақстанның көптеген жерлеріне тарап үлгерді.
Сенім - адамның қоршаған ортаға және ақиқатқа көзқарасын, қарым-қатынасын анықтайтын түсінік, білім, елес, идеялар.[1]
Сенім, наным — адамның белгілі бір мәліметтерді, құбылыстарды, ойлар мен көзқарастарды, пікірлерді еш күмәнсіз қабылдап, мойындауында көрінетін психиканыңерекше күйі.
діни илану, діншілдік наным;
сену, нану.
Сенім — адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Қажеттіліктерін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен әлеумет заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды. Адамның адалдығына сеніп, оны құрметтей білу — әдептілік. Сол сияқты бүкіл әлемге жақсылық ойлау адамның тұлғалық бейнесі. Адам алдына мақсат қойып, оның нәтижелі орындалуына сенім білдіріп, іс-әрекетке кіріскен кезде ғана, ол жоғарғы нәтижелерге жете алады. Сенім — адамның ақыл-ойын, күшін, еркін, қабілетін жоғарылататын жағымды сезім. Сенім — адамның жігерін арттырып, болашаққа құлшындыратын құбылыс (болашаққа сену, еңбекке сену, жақын адамдарға сену, дінге сену, т.б.). Сенім үміттен басталады. Сенім адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Бұл адамның нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты
Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.
Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады. Сонымен қатар, маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады]
Дін және ғылымның айырмашылығы
Ғылымның діннен басты айырмашылығы, ғылым кез келген аксиомаларға, теорияларға күмәнмен қарай алады. Яғни күмәннан қорғалған ештеңе жоқ. Сондықтан да, ғылым тарихында бұрын дұрыс деп келген кез келген теорияның қате болғандығын көрсете алады. Дін, өз кезегінде, күмән келтіре алмайтын, тексеріле алмайтын, адамның санасына түсініксіз, тек жоғары күштерге белгілі, догмаларға негізделеді. Дін ақиқатқа толықтай монополия орнатады, зерттеп немесе тексеруге мүмкіндік бермейді. Ғылымның табиғаты динамикалық, яғни үнемі қозғалыста болып келеді. Қоғам мен табиғатты зерттеуде бірге дамып отырады. Ал енді дін болса консервативті, статикалық болып табылады. Яғни қоғаммен бірге даму емес, бұрын қалай болса, солай қалдыру, Қоғам даму барысында сәйкессіздіктер болса, оны адасқандық деп жариялайды. Ғылым үнемі ізденіс үстінде, дәлелденген факттерге де күмәнданып, қайта қарастыра алады. Дінде бұлай жасауға мүлдем тиым салынған. Егер бір мәселеге күмәндансаңыз адасқан немесе діннің жауы деп айыпталуыңыз әбден мүмкін. Ғылым үнемі ізеністі, оқуды талап етеді. Сондықтан да ғылыммен айналысу көпшілікке шектеулі. Ал дін кез келген адамға тиімді, тек сенім болса жеткілікті.
Дін және мәдениет
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін-ақ,өзінің белсенділігін, өнерлі халық екендігін дәлелдей бастады. Ең бірінші жетістігін ауыз толтыралықтай айтар болсақ, әрине тәуелсіз мемлекет ретінде аталуы. Ал сол тәуелсіз мемлекеттің рәміздері құпия,таңғажайып мағыналарға толы асыл қазына. Рәміздер дегенде менің ең бірінші ойыма келетіні, халықтың салт-дәстүрі, ұлты, тілі, тари-хы бәрі-бәрі осы рәміздерде жыр болып, көркемделіп баяндалған. Мысалға алар болсақ:біздің көк аспандай желбіреген туымыз аспан күмбезін еске түсіреді және халқымыздың мәдени-этникалық біртұтастығы мен мемлекетіміздің мызғымастығын көрсетеді. Таза, ашық көгілдір аспан әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштықтың белгісі болған. Әрі көк түс менің ойымша Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолында ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.Туымызды көркемдеу үшін арнайы жасалған өрнек қазақтың дәстүрлі көркем өнерінің негізгі нақыштарымен үйлесім тапқан. Тудағы күннің нұры шұғылалы алтын бейнесі-байлықпен берекенің,тыныштықтың нышаны.Ал күннің астында шарқырап ұшып жатқан бүркіт қазақ халқының барлық ұлттарға құшағын жая ұмтылатын кеңдігін,көп ұлтты егеменді мемлекетіміздің бостандық сүйгіш рухани ерекшелігін бейнелейді.Сонымен қатар дала қыраны қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын,ой-ниетінің биіктігін білдіреді. Қазақстан Республикасы рәміздерінің тағы бірі оның елтаңбасы. Қазірде біз Елтаңбаның бейнесін теңгелерде,мөрлерде,туларда,қару-жарақтарда,киімдерде, қолжазбалармен кітаптардан көре аламыз.Елтаңбаның негізін салып арқау болып тұрған оның шаңырағы. Шаңырақ- Елтаңбамыздың жүрегі, қазақ халқының ежелден келе жатқан киіз үйінің күмбезі.Ол әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығымен беріктігін білдіреді.Уықтары одан тарап жатқан сәулелері секілді.Елтаңбадағы тұлпар-бостандыққа,ғажап шапшаңдықпен,айрықша күш-қуаттың дарыған ғажап қасиетінің иесі. Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз салынған.Мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып,әр азамат сол жарық сәулеге сеніп,күш-қуат жинап,сол жұлдыздан бағыт-бағдар алып,әрқашан жарқын болашақпен жақсы жолға жетелесін деген сеніммен белгіленген."Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін" деген асыл арманды осы елтаңбадағы бес бұрышты жұлдыз арқалап тұрғандай көрінеді. Тағы бір рәмізіміз - мемелекеттік әнұран. Осы салтанатты әуенді естігенде қай Қазақстан азаматының жүрегі дір етпейді екен сірә? Әнұранымыз жүректің лүпілін арттырып,халықты патриоттық сезімге тәрбиелейді.Отанға деген сүйіспеншілік, бейбіт пейіл, досқа ашық құшағымызбен еркіндікке құштар көңіліміз жақсы көрініс тапқан.Бұл музыкалық бойтұмармен беттескен десекте артық емес.Себебі халықтың тарихы, ұлты, байлығымен еркіндігі ,бәрі-бәрі осы әнұранымызбен шырқалады.Мемлекеттік Әнұран- егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбасының сазды баламасы. Осы рәміздерді ұлықтау арқылы елімізді гүлдендіріп жатқан "Гүлстан" ұжымының іс-шаралары дүниежүзілік мәселеге айналған елді көгалдандыру жобасы.Бұл бағдарламамен "Гүлстан" ұжымы көптеген жұмыстар атқарды. Соның ішінде маған қатты ұнағаны осы егемен мемлекетіміздің рәмізі еліміздің туы гүлдер арқылы өрнектеп егілгені. Бұл тек қана дизайн емес. Сонымен қатар экология, өскелең ұрпақты ел экологиясын қорғауға тәрбиелеу. Халықтың санасына Қазақстанды көгалдандыруға деген ынтаны арттыру. Сұлулықпен тазалыққа баулу. Кімге болмасын рәміздерімізді қала аймағынан көру ұнайды. Әсіресе оны ерекше өсімдіктермен жасап, ерекше күтімде баптаса.... Көптен күткен, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қанша қан төгіп жеттік.Енді міне егемен еліміздің қадір-қасиетін қастерлеп, оның мемлекеттік рәміздерінің салт-дәстүрін сақтау әр Қазақстан Республикасының азаматының міндеті,борышы.
Мемлекеттік рәміздер тарихы
Тарихтан тарихқа бастауларға тәжірибеге біз қаншама терең үңілсек қоғамдағы қазіргі жағдайда соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз.Мұның өзі өткеннен тағылым алғызады, тарихи шындықты бұрмалаудан сақтандырады. Тарихта таңбаны пайдалану дәстүрі ежелден көне түркі заманында пайда болғанын тарихи деректер дәлелдейді.Көшпелілір ортасында бір тайпадан екінші тайпа бөлініп шықққанда ең әуелі азан шақырып ат қоюмен бірге киелі төрт қанатты туын көтере дүниені дүбірлетіп ұранын шақырып алта алашқа паш етіп таңбасын белгілеу дәстүр болған. Сол таңбаға қарап елін айыру мүмкін болған.Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған. Осы зерттеумен айналысатын ғылым саласы елтаңба және тутану өмірге келгелі бірнеше ғасыр болды. «Герб» деген термин немістің «Ербо» деген сөзінен шыққан. Бұл ұғым өз тілімізде «Таңба» деген мағынаны білдіреді. Тарих тәжірибесі-ұрпақтардың кешегісі мен бүгінгісінің ең асыл, сүбелі, нағыз прогресшіл қасиеттерін біріне бірін жалғастырып отыратын өмір эстафетасы.
Қазақ даласындағы таңбалар жиынтығы Таңбалы таста. Ол жерде ескі уақыттан сақталып келе жатқан көп елдердің таңбалары бар.Сол себептен қазақ халқының бас қосып ұран шақырған жері Таңбалы тас деп келеміз.Қазақ елі империяға тәуелді болған жылдары Түрік қағанаты , Қарахан мемлекеті, Алтын орда,Тәуке хан мен Абылай хан мемлекеті қалыптастырған рәміздерінен айырылды. Бұл рәміздердің орнына батыс пен шығысқа өткір көзін тігіп тұрған өткір жез тырнағын кез келген мезетте батыруға дайын тұрған қос басты самұрық құсты қазақ даласына рәміз ретінде мойындатты.
Жетпіс жыл бойы қазақ халқы өзіне тәне қасиметтерін ескеретін рәміздерін қабылдай алмады.Тәуілсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 маусымында Республика Жоғарғы кеңесінің қазақ халқының егеменді мемлекет болған жаңа рәміздерін бекітті.Сол күннен бүгінгі күнге дейін міне 17 жыл уақыт өтті.17 жыл желбіреген туымыздың астында Қазақ халқы егеменделде тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Біздің туымыздың зеңгір көк түсті болу себебі біртұтастықтың, бірліктіліктің және ашық көк аспанның белгісі.Көк байрақта орналасқан күннің белгісі тыныс тіршіліктің,шаттықтың және қайғысы жоқ өмір нышанының белгісі.Күн астында шалқып қалқып ұшып жүрген дала қыраны.Далалықтар бұл белгіні күштің ,еркіндіктің және бостандықтың белгісі ретінде қабылдады.Оның қырағылығы мемлекетте бүлікшіліктің пайда болмауын бақылап тұрғандай.
Туда тағы бір белгі ол ою өрнекті «Қошқар мүйіз».Бұл біздің бай мәдениетімізді әлем мен сұлулықты түсіндірудің эстетикалық заңдылығын қамтиды.Бүгінгі күні біздің көк байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимаратының алдында, бүкіл дүние жүзіндегі мемлекеттерде орналасқан елшіліктерміздің маңдайшаларында тұр.Мақтан тұтқан қазақ баласы Ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе,алпинистеріміз Эверест шыңына алып шақты.
Әнұран-халық жүрегінің лүпілін түйген музыкалық сәлемхат тәрізді.Рух көтеру ,елбасын қосу қажет болғанда барша жұрт қасиет тұтатын аруақты көсем атақта батыр атын атап ұран салған.Әнұран тек әуен емес,оның өлеңі де қасиетті.Әнұран білу қазақ халқының басты міндеті.
Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жолында өзінің мемлекетіне деген терең патриоттық сезім де, жалпылық сананы жетіктірудегі қазақ тілінің тірек боларлық рөлі де бас көтерер азаматтардың айқын мақсатты әркеттері де, тарихи сананы қалпына келтіру де, бәрі-бәрі барша қазақ ұлтының басын біріктірер бастаулар болып табылады
Қазақ хандығы ХҮ ғасырда, яғни 1465 жылы тұңғыш құрылса, арада 535 жыл өткеннен кейін Қазақстан нағыз тәуелсіз мемлекет екенін жариялады.
Қазақстан халықтарының тәуелсіздікке ұмтылған асыл арманы, қасиетті мұраты 1991 жылы желтоқсан айында жүзеге асты. Ал 1992 жылы 4 маусымда ұлттық болмысымызды айқындайтын рәміздеріміз дүниеге келді. Рәміздер – отан тарихының әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын негзгі фактор Мемлекетіміз саяси салмағы жағынан ілгерірек тұратын басқа елдермен иық теңестіруге мүмкіндік беретін мәртебеге ие болды. Тәуелсіздік талай игі істерге қол жеткізді.
Еліміздің тым ерте заманда-ақ отбасылық, тайпалық, кейінірек ұлттық рәміздері болған. Таңба, ту, белгі, ұран адамдарға рух береді, сондықтан рәміздерді рухани байлығымызға теңестіруіміз керек. Негізінде ең көне рәміздерге тотемдік белгілер жатады. Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда пайдаланылып, ру-тай палардың басын біріктіруге ықпал етті. Ол кезде қоғамды көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына байланысты биліктің жеке белгілері қолданыла бастады. Қазақ халқы мен мемлекеттігінің дамуында қазақ жүздерінің тарихын бірге қарастыру қажет. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи даму толқынында қатар дамыды. Өзіндік қызықты тарихы бар. Бұл – халқымыздың, Республикамыздың тарихы. Оның тарихын, мән-мағынасын түсіну, құрметтеу адамгершілігіміз бен мәдениетіміздің айғағы болмақ [2, 4б].
Әрбір мемлекет үшін Отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы пайымдап, «...бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранынқастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн»-дейді
Жаңа негізі қаланған жас мемлекеттердің қай-қайсысының да алғашқы жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі – елдің туын, елтаңбасын, әнұранын сайлап алу. Өйткен, бұл рәміздер саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып саналады.
Мемлекеттік рәміздер – белгілі бір елдің өзінше өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілінде де сөйлейді.
Мектептегіоқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білім деңгейінің өлшемі:
Қазақстан Республикасы рәміздерінің авторларын білу;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің түсінің, пішінінің, элементтерінің мәнін білу;
Қазақстан Республикасының Әнұранын мемлекеттік тілде орындай білу;
Кез келген жағдайда Қазақстан Республикасының рәміздері жөніндегі білімдерін іс – жүзінде қолдана білу.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Тудың жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ал Елтаңбаның авторлары Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Республикамыздың Әнұранын ақын Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, ал әнін Шәмші Қалдаяқов жазған.
Бүгінгі таңда елімізде 130 – ға жуық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату – тәтті бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақ жеріне әр түрлі себептермен қоныс аударған көптеген ұлт пен ұлыстардың бірлігін қазақ халқы үлкен парасаттылықпен бірлікке үндей отырып сақтап келеді. Соның арқасында қазақ және басқа этностарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ісі әрі қарай өз жалғасын табуда. Адамдар арасындағы достық қарым – қатынас, әлеуметтік топтар мен халықтардың жалпыұлттық келісімде өмір сүруі дамудың маңызды факторы болып табылады.
Мемлекеттік рәміздер – жас, тәуелсіз мемлекетті және тарихи дәстүрлердің сабақтастығын куәландырады. Сондықтан әр адам үшін қасиетті отанының мемлекеттік нышандарына деген құрмет пен сүйіспеншілік өскелең ұрпаққа беріліп отыруы қажет.
Мемлекеттіліктің нышандарын зерделеу: Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеудің негізін қалаушы бақтардың бірі. Әрбір оқушы рәміздердің рөлі мен мәнін түсініп еліміздің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухында тәрбиеленіп, Республикаының мемлекеттік рәміздерін құрметтемеген үшін жауапкершілікке тартылатынын сезіну кереу. Қазақстан Республикасының мемлекеттің рәміздерінде Республикамыздың атына тән жоғары адамгершілік құндылықтар, таңдаулы дәстүрлер мен әдет – ғұрыптары туралы көзқарас үйлесімді ұласқан.
Зеңгір көк түс – біздің ғаламды, аспанды, ауаны және құрлықты бейнелейді. Зеңгір көк түс бірлесу идеясына берілгендігін бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар барлық қалықтарда бейбітшіліктің, тыныштық пен тоқшылықтың бейнесі болған бұлтсыз аспанды еске салады. Мемлекеттік Тудың бір түсті болуы мемлекеттің тұтастығын білдіреді.
Сәулесін шашқан алтын күн мен дала қыраны бүркіт бейнесі және ұлттық ою - өрнек Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының негізгі элементтері болып табылады.
Қазақстан Туындағы күн республикасының жалпы адамзаттық құндылық пен әлемді қоғамдастыққа әуестігін көрсетеді, әлемдегі барлық елдер мен қарым – қатынасты нығайту үшін ашықтығын білдіреді. Өз сәулесіне шомылған алтын күн – тыныштық пен байлықты бейнелейді.
Қазақтың дүниетанымындағы бүркіт бейнесі өте маңызды орын алады, өйткені онымен бостандық, өзін - өзі қастерлеу сезімі, батырлық жоғары идеал, көкіректің кеңдігі және ой - өрістің тазалығын көрсетеді.
Бүркіттің қанатын жайып шарықтап ұшқаны рухани күшті, шабытты, қиыншылықтардың алдында тапқырлық пен ержүректілікті білдіреді. Бүркіттің күн астында бейнеленуі біздің халқымыздың бақыт пен молшылыққа, адамзат өркениетінің биіктеріне ұмтылуы.
Мемлекеттік тудың элементін құрайтын ұлттық ою - өрнек халқымыздың ішкі дүниесін ашу құралы, өйткені қазақ халқының ою - өрнегінің түп тамыры заттар мен оларда қоршайтын дүниенің құбылыстары болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 бабына сай Қазақстан Республикасының Туы еліміздің ұлттық мерекесі мен салтанатты күндері мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттарында орнатылып, көтеріледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы арнайы белгіленген және безендірілген жерде бекітіледі.
Әнұранның сөзі бөлме қабырғасына ілінеді. Сол жерде Елтаңба мен Ту да орналастырылады.
Мемлекеттік Туды көтеру құқына оқуда, еңбек пен қоғамдық жұмыста үздік табыстарға жеткен оқушылар ие болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба – көгілдір түс негізінде шаңырақ бейнесі шеңбер ішіндегі негізгі нышан – белгі. Елтаңба идеясының ең басты жүгін арқалап тұрған әрине, шаңырақ. Шынайы шеберлікпен шендестірілген түндігі аспан күнбезіндегі асыл шырақ – күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әдемі әсер қалдырады. Қисынын тауып кергелердің көрінісінде бере салған. Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар тіршілік кешкен басқа ұлт өкілдерінің барлығы бірлесіп, кереге – уықтай кірігіп, күш - жігер жұмсап, аяғына тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отаумыз – тәуелсіз мемлекетімізді меңзегендей.
Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Ол әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты, ол Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтқан халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсің» деген асыл арманын арқалап тұрғандай.
Өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық, әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта бағдарға алып, әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз керек.
Елтаңбаның негізгі бояуы алтын түстес. Оған зеңгір көк нұрдың қосылуы. Мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіріп, бедерлендіріп тұр.
Жалпы, қай жағынан алғанда да кемел келісім тапқан Елтаңба елімізді таңытар белгі екені анық.
Қазақстан Республикасы Әнұранының салтанатты да сабырлы әуені халық жанының кеңдігін, оның көкейкесті ойы мен арманын бейнелейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраның оркестірдің сүйемелдеуімен хормен орындауға немесе вокалды топтың орындауына рұқсат етіледі
Мемлекеттік Әнұран мемлекеттік Туды көтерген кезде орындалады. Жиналысқа немесе жиынға қатысып тұрған барлық оқушылар, студенттер, педагогтар, қызметкерлер тік тұрып оң қолын сол кеудесіне қойып орындайды. Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге міндетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қорлаған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Оқушылардың бойында терең елжандылық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, жоғары адамгершілікті, мәдениеттілікті, өз мемлекетінің тарихына зор ілтипат пен қызығушылықты қалыптастыру мақсатында сұхбаттар, кездесулер, сынып сағаттарын өткізу кезінде атақты азаматтардың, спорт жеңімпаздарымен, белгілі тұлғалар мен әскери адамдардың өмірінен түрлі көріністер мен эпизодтар келтіріп, олардың Республикамыздың Туына, Елтаңбаға, Әнұранға деген көзқарастарын сөзге тиек еткен жөн.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сабақ үстінде, факультативтік сабақтарда, сабақтан тыс жұмыстарды өткізу кезінде, салтанатты іс- шараларда, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді өткізу барысында қалыптастыру қажет.
Еліміздің нышандарымен жұмыс істеу кезінде Мемлекеттік рәміздердің барлық элементтерін түсіндіру барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |