7-тақырып. Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары. Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
7-тақырып. Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары. Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.
Қарастырылатын сұрақтар:
1 Аутизм. Аутистикалық спектр бұзылыстары бар балалар. Ерте балалық шақ аутизміне шалдыққан балалар.
2 Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.
Жалпы білім беру ұйымдарындағы түзету ортасы. Компенсаторлық техникалық құралдар. Түзете көмек көрсету. Психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету топтарының оқу жоспары. Білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен, балалармен және ата-аналармен жұмыс.
Аутизм. Аутистикалық спектр бұзылыстары бар балалар. Ерте балалық шақ аутизміне шалдыққан балалар;
Әрбір ата-ана баласы өмірге келгеннен кейін, оның денсаулығы мықты болғанын қалайды. Ата-анасы баланың жасаған әрбір қимылына, оның жүзінің жадырағанын, басқан әрбір қадамын, алғашқы шығарған дыбысына, айтқан сөзіне қуанады. Әр бала қоршаған ортаның қамқорлығын қажет етеді. Бірақ кейбір балалар қоршаған ортадан алыстап, өз әлемінде өмір сүреді. Олар әр жаңа нәрсеге қызықпайды, оны танып-білуге қызығушылығы болмайды. Осындай балалар қарым-қатынас жасауда, әлеуметтік ортаға бейімделуде, ата-анасымен сөйлесуде қиындықтарға кездеседі. Осындай белгілері арқылы балада аутизмнің немесе оның кейбір белгілерін анықтауға болады.
Аутизм – ми жұмысының бұзылуынан туады.
Мамандар аутизмнің 300-ге жуық себебін атап отыр. Бірақ нақты тұжырым, дәйекті дәлел жоқ.
Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (ЕБА) синдромы дейді .
Бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.
Аутист баланың сөйлеу процесі бұзылғандықтан, олардың 50 пайызында эхолалия (Эхолалия - сөздерді және дыбыстарды дәл қайталау немесе қайталау) жиі кездеседі
Бейнежазба
https://youtu.be/W7A_LDkh6L8- АУТИЗМ
https://youtu.be/jKCO4M8BG_k АУТИЗМ
https://youtu.be/H9fuigT5644 АУТИЗМ
Тапсырма. Эссе жазу. Тақырып қою.
Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
Балалық ерте жастағы аутизм синдромына сипаттама берініз.
Аутист тұлғалардың әлеуметтену мүмкіндіктері бар ма, жауабыңызды дәлелдеңіз.