I күні кешегіні көзге елестетсек ІІ жол айрығында



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата31.03.2017
өлшемі1,39 Mb.
#10683
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Оглавление
I КҮНІ КЕШЕГІНІ КӨЗГЕ ЕЛЕСТЕТСЕК
ІІ ЖОЛ АЙРЫҒЫНДА
ІІІ МАҒҰРЫП ПЕН МАШЫРЫҚ АРАСЫНДА
2

Н. Ə. НАЗАРБАЕВ
ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА
Əp  ұрпақ  тарихты  қайта  жазып  шығады  деген  сөз  бар.  Бəлкім,  ол  –
ақиқаттан  онша  алыс  кете  қоймайтын  тұжырым  шығар.  Бірақ  солай  екен
деп,  күні  кеше  өз  басымыздан  өткендердің  көрер  көзге  өңін  айналдырып
жіберушілікпен  келісе  қоюға  болмас.  Оны  айтып  отырған  себебіміз:  қазір
саяси мемуар жазу қайтадан үрдіске айналды. Ол, бір жағынан, түсінікті де.
Зымыран  уақыт  бұрын  бірнеше  онжылдықтарды  қамтитындай  орасан
оқиғаларды бүгін бір жылдың ішіне сыйғызып жіберіп жатқаны рас. Соны
пайдаланып,  кейбір  мемуар  жазғыштар  тарихты  қайтадап  кесіп-пішуге
тырысып  бағуда.  Сондағы  көздейтіндері:  болып  өткен  саяси  оқиғалардың
қақ  төріне  бастарынан  шұғыла  шашыратып,  жүздеріне  күлкі  үйіріп,
шалжитып  өздерін  отырғызып  қою.  Басын  ашып  алайық:  бұл  кітап  өз
көзімізбен  көргенімізді,  өз  басымыздан  кешкенімізді,  жүздес-сұхбаттас
болған  тұлғалардың  мінездемелерін  қамтығанымен,  мемуар  жанрына
жатпайды.  Егер  бізге  салса,  бұл  шығарманың  жанрын  «болашақ  жайлы
естелік»  деп  санаған  орынды  сияқты.  Əрине,  бір-біріне  көпе-көрінеу
кереғар  ұғымдардан  тұратын  бұл  сөз  тізбегіне  біз  атымен  басқаша  мағына
беріп  отырмыз.  Адамдар,  əдетте,  өткеннің  мəніне  ертеңнің  тұрғысынан
үңіліп  түсінеді.  Біз  оқырмандарымыздың  мəселенің  байыбына  басқаша
тұрғыдан  зер  салғанын  қалар  едік.  Өйткені  сөз  болатын  гəптер  белгілі  бір
нақты  кезеңде,  сол  кезеңнің  ағымдағы  саясатының  арнасында,  белгілі  бір
ретпен  жүзеге  асқандығы  даусыз.  Ендеше,  оларды  бүгін  осы  шындықты
ескере  отырып  пайымдайық!  Біздіңше,  бұл  əлдеқашан  болары  болып,
бояуы  сіңіп  қойған  оқиғаларды  қайтадан  сылап-майлап,  өзін-өзі
мадақтауға,  не  əлденеден  ақтап  шығуға  əдейі  тырысушылыққа  қарағанда,
əлдеқайда  орынды,  əлдеқайда  адал  пиғыл  сияқты.  Өз  басымыз  –  кейбір
үзілді-кесілді кесіп-пішіп сөйлеуге құмар «бір күндік қана» саясатшылардай
емес, əр алуан билік ортасына көптен араласып келе жатқан адамбыз. Сол
себепті  де  кісілерге  баға  бергенде  мəмілегерлік  əдеп  аукымынан  аттай
алмасақ неге олай болатынын оқырман айтпай-ақ түсінеді ғой деп сенеміз.
Оның үстіне, бұл кітаптын мақсаты – расында да, болмыстарынан бедерлі
жаратылған  саяси  ықпалдастарымыздың  бейнелерін  жаркыратып  сомдап
шығу  емес.  Біздің  көздегеніміз  –  кешегі  кеңестік  үрдіс  құлағаннан  бергі
кезеңде
кездескен
саяси
мəселелердің
күрделі
табиғатына
оқырмандарымызды  өз  көзімен  үңілдіріп,  өз  тұжырымын  жасауына
көмектесу.
3

4

I К НІ КЕШЕГІНІ К ЗГЕ ЕЛЕСТЕТСЕК
..Адам  ғұмыры  сағаттың  тіліндей  емес,  қатал  бір  жүйелілікке,
мейлінше  кесіп-пішіп  тастаған  бір  мөлшерлілікке  көне  бермейді.  Оған  өз
тіршілік  ырғағымен  үйлесетіндей,  əрі  шындыктың  өзі  талап  ететіндей
шекара аймағындағыдай шек пен межені ғана көрсететін мөлшерлер қажет.
Марк Блок 
Тамыз  айында  Алатау  етегінде  түнгі  аспан  ешқашан  қап-қара  боп
көрінбейді. Ол бірте-бірте қоюланып, тұңғиық теңіз бетіндей əбден көгере
түседі  де,  кенет  жарқ-жұрқ  етіп,  сансыз  жұлдыз  жымыңдасып  қоя  береді.
Мен  ондайды  басқа  еш  жерден  көрген  емеспін.  Қала  жым-жырт.  Тек
Республика
алаңынан
анда-санда
бір
өтіп
жатқан
машиналар
доңғалақтарының  зуылы  құлаққа  келеді.  Мен  ол  күні  кабинетімде  түннің
бір уағына дейін отырып қаппын. Соңғы айлардың қауырт тіршілігі бойды
да,  ойды  да  ауыр  тартқызайын  депті.  Тек  екі  сағат  бұрын  ғана  өткен
рефорендумның  алдын  ала  қорытындылары  қолыма  тиді.  Ұққаным  –
Қазақстан бұдан былай жаңа Конституция бойынша өмір сүретін болады.
Ойыма,  неге  екені  белгісіз,  өткен-кеткен  орала  береді.  Ескі
жазбаларым мен оқта-текте түртіп қойғандарымды қайта ақтара бастадым.
Көз  алдыма  болған-қойғандардың  егжей-тегжейлері,  адамдардың  бет
əлпеті,  мазасыз  күндер  мен  түндер  самсап  тұра  қалды.  Есіме  біз  үшін  жол
басындай  болған  1991  жылғы  оқиғалар  түсті.  1991  жылдың  тамызы  мен
1995
жылдың
тамызының
арасына
бейбіт
тарихтың
əлденеше
онжылдықтары өз бойына сыйғыза алмайтын оқиғалары сыйып кеткендей.
Сол  бір  жым-жырт  түнде  менің  басыма,  азғантай  «жол-жөнекей  аялдама»
жасап,  бір  ауық  кейінгі  жылдар  тап  қылған  драмалық  ахуалдың  иірімдері
мен үйірімдеріне үңіліп, іштей сарапқа салған жаман болмас еді-ау деген ой
келді.
Режиссерсіз сценарий немесе сценарийсіз режиссерлер
Жыл  өткен  сайын  КСРО-ның  құлау  себептері  жайлы  таластың  тек
теориялық  немесе  академиялық  сипатқа  ғана  ие  емес  екендігіне  көбірек
түсіне  түскендейміз.  Бəлкім,  бұдан  елу  жыл  өткен  соң,  бұл  оқиғалар
жайында  салқын  қанды  сарапшының  пайымымен  байсалды  ой  толғауға
болатын  шығар.  Ал  бүгін  бұл  жайындағы  əңгме  қазіргі  ала-құла  саяси
күштердің  ала-құла  көзқарастарыеан  бəрібір  аулақ  тұра  алмайды.  Сол
себепті  де,  қай  саясатшының  КСРО-ның  қалай  құлағанын  қалай
бағалайтынына  қарап,  оның  кешегі  кеңестік  кеңістіктегі  оқиғалардың
5

бұдан əрі қалай өрбігенін қалайтынын аңғару қиын емес.
Бір  қарағанда,  біздің  басымыздан  не  өткендігі  мен  оның  неден
өрбігендігі жайында жазылып жатқан қара нөпір көп естеліктерден соң, бұл
турасында ешкім айтпаған тың түсініктеме таба қоюдың қиын екендігі рас.
Алайда  бұл  мəселе  бірнеше  себептермен  шамалы  уақытта  өз  өткірлігін
жоғалта қоймайтыны хақ.
Қазіргі  баспасөзде  жарық  көріп  жатқан  кісі  күлерліктей  ұшқары
пікірлерден  де,  тіпті  байсалды  академиялық  пайымдаулардан  да  бірнеше
өзекті  мəселелер  төңірегінде  көпе-көрінеу  ойдан  қиыстыру  бел  алып
барады.  Оны,  əсіресе  əлгі  процестердің  түп-төркінінің  қайдан  өрбіп
жатқандығы  мейлінше  анык,  сезілетін  нақты  оқиғалардың  ортасында
жүрген  біз  секілді  адамдар  айқын  аңғарады.  Бұл  арада  не  көріп,  не
қойғанымызды  айтайын  деп  отырған  жоқпыз.  Жекелеген  нақты
деректердің, КСРО-ның құлауы сынды, орасан зор драмалық құбылыстың
күрделі себептерін ашуға өз септіктерін тигізе алатындығын сөз етпекпіз.
«Жақсы  теориядан  басқа,  тəжірибеге  сəйкес  келетін  ештеңе  жоқ»,  -
деген екен. Оның растығына, əсіресе кейінгі жылдар көзімізді жеткізе түсті.
Іс  басындағы  саясатшы  ретінде,  «расында  да,  бұл  қалай  болды?»  —  деген
сауалға тыңғылықты мықты түсініктемені біз де көп іздедік. Ақыр аяғында
ондай  түсініктеменің  əлі  жоқ  екендігіне  əбден  көзіміз  жетті.  Өйткені  бұл
арада  саяси  жүйенің  шын  мəніндегі  дағдарысы,  діңкелетіп  біткен  геосаяси
тайталас,  ел  басшыларының  əнтек  қателіктері,  тағы  сондай  бірінен-бірі
өткен  келеңсіздіктер  əбден  мидай  араласып  кетіпті.  Тіпті,  ақылға
сыймайтындай  орашолақтықтар  да  аз  ұшыраспапты.  Соның  бас-басына
байыпты түсініктеме тауып беру мүмкін бе? Жоқ, əрине. Бірақ ойда жоқта
алдымыздан шыға келген аран ордың неден пайда болғанын білмей тұрып,
бүгін  де,  болашақта  да  дұрыс  бағытты,  дұрыс  бағдарды  қалай  таба
алмақпыз?
КСРО-ның құлау себептері жайындағы əр алуан пікірлер, негізінен,
екі  арнаға  тоғысады.  Біріне  құлақ  ассаңыз:  КСРО  өздерінің  бірден-бір
идеологиялық жəне геосаяси бəсекелесінің көзін құртуға тырысқан сыртқы
жəне  ішкі  іріткі  күштердің  бірлескен  қимылы  нəтижесінен  құлады.
Екіншісіне  ден  қойсаңыз:  бұл  əлдеқашан  математикалық  дəлдікпен  жете
мөлшерленген, ешқандай объективті де, субъективті де себепсіз-ақ тап осы
кезеңде қалай да болмай қоймайтын заңды құбылыс еді. Əрине, бұл екеуі –
бір-біріне еш қабыспайтын ең кереғар көзқарастар. Ол екеуі кешегі кеңестік
кеңістіктің  бүгінгі  ахуалына  деген  əрқилы  көзқарастар  ауқымының
қаншалықты  ұлғайып,  олардың  өзара  қайшылығының  қаншалықты
6

асқындап кеткенін көрсете алады.
Жас  кезімізде  бір  естияр  адамның  «түпнұсқаны  оқып  ал»  деп  ақыл
бергені бар еді. Сол кеңеске құлақ асып, бəрі де кейбір қасақана күштердің
осыдан  жиырма  жыл  бұрын  тəптіштеп  жасап  қойған  жоспары  бойынша
жүзеге  асты  дейтін,  өткенді  көксеп,  жылап-сықтайтын  бейпіл  қисындарға
əдейі назар аудармай отырмыз. Ондай тұжырымдардың анайылығы мен еш
қисынға
келмейтініне,
біздің
ғасырымыздың
80-90-жылдарындағы
оқиғаларға  аз  ықпалдары  тимеген,  саяси  пəлденуге  ұрынбай-ақ,  тұрлаулы
тұлғалар  ретінде  танылған  Р.Рейган  немесе  С.Тэлботт  сынды  адамдардың
естеліктеріне жүгініп-ақ, көз жеткізе беруге болады. 
Кеңестер  Одағы  ақпараттық  жəне  мағыналық  шабуылды  күшейтіп,
жүйелі  түрде  іргесін  сөге  беруді  көздеген  көп  жылғы  іріткі  əрекеттің
нəтижесінде  құлады  дейтін  пайымдаудың,  былайғыларына  қарағанда
көбірек  қисынға  келіңкірейтіні  рас.  Бірақ  айта  кететін  бір  мəселе  –  ай
астында  ештеңе  таңсық  емес.  Алпысыншы  жылдардың  аяғында,  əсіресе
жетпісінші  жылдары  солшыл  философтар  мен  батыс  саясаткерлері
арасында  «ақпараттық  империализм»  ұғымы  кеңінен  таралды.  Кеңестер
Одағы  құлаған  соң,  бұл  əңгіме  кешегі  кеңестік  кеністікке  қоныс  аударды.
Сондықтан  да  С.Кургинян  немесе  А.Зиновьевтардың  білімдарлығын
мойындай  отырып,  айтып  жүрген  қисындарынан  əлгіндей  ескі  əңгіменің
иісі аңқып тұратындығын жасыра алмаймын.
Бұл
қисынды
жақтайтындардың
пайымдауынша,
кейінгі
онжылдықтарда, əсіресе қайта құру кезеңінде ақпараттық-мағыналық ойын
орасан өрістеді. Сол арқылы социалистік елдердегі адамдардың əлеуметтік,
ұлттық,  жас  мөлшеріне  лайық  мүдделері  мен  зəруліктері  ескеріле  отырып,
сананы  сиқырлайтын  шаралар  кеңінен  етек  жайды.  Бұл  ретте  көптеген
авторлар əлемдік немесе бүкіл дүниежүзілік «үкімет» теориясын тілге тиек
етеді.  Əрине,  бұл  айта  қаларлықтай  таңсық  əңгіме.  Бірақ  кейбір
саясаткерлер  халықаралық  финанс,  ақпарат  құрылымдарын  шынымен  сол
«əлемдік  үкімет»  нышандары  ретінде  қарастырады.  Бұнымен  келісе  қою
қиын.  Өйткені  əлгіндей  құрылымдардың  маңызы  тым  асыра  бағаланып
отырғандығына  тəжірибеде  талай  рет  көз  жетіп  отыр.  Алайда  КСРО-ның
құлауына  деген  зарлауық  радикалистік  көзқарастың  логикасын  сөз  ете
келе,  бір  түйінді  тұсқа  тоқталмай  кету  қиын.  Социалистік  елдер,  əсіресе
Кеңестер
Одағының
құлауы
біреулердің
айтуынша,
либерализм
идеологиясын тарату арқылы бұрын ондай идеология ықпалынан тысқары
жатқан елдердің ұлттық-мəдени жүйесін саналы түрде күйретудің салдары.
Əпербақан  зарлауықтардың  айтуынша,  бұл  көптеген  жолдармен  жүзеге
7

асырылды.  Ең  кемі,  үш  түрлі  əрекет  іске  қосылды.  Біріншіден,  кеңестік
жақсы-жайсаңды  «жемсауларын  майлап»  «ыңғайға  көндірді».  Екіншіден,
адамдардың  санасына,  əсіресе  ұлттық  сезімдеріне  бұқаралық  мəдениет
арқылы
психологиялық
қысым
жасаудың
жаңа
ақпараттық
технологиялары  пайдаланылды.  Үшіншіден,  финанстық  жүйелер  тікелей
тартысқа түсті.
Осындай  жүйелі  түрде  ұйымдастырылған  сананы  сиқырлаудың
нəтижесінде  адамдардың  құндылық  бағамдары  түбірімен  өзгерді.  Халық
мəдени бағдарынан айырылып, дəстүрлі құндылықтарды менсінбеушілікке
ұрынды.  Сөйтіп,  ол  ақпараттың  айтқанымен  жүріп,  айдағанына  көнуге
баулынды.  Бұдан  кейін  кез  келген  елді  құлату  түкке  тұрмайды.  Өйткені
ешкім биліктегі күштерді қорғап, бекерге қан төкпейді.
Бұған  не  деуге  болады?  Көп  нəрсеге  кəнігі  емес  оқырмандар  түсіне
қоймайтын  тосын  терминдерге  толы,  атақты  адамдардың  айтқандарына
сілтемелер  жасалып,  көркем  тілмен  шебер  қиыстырылған  мұндай
толғамдарда  белгілі  мөлшерде  шындықтың  бары  да  рас.  Біз  бұл  арада
саясатшының  теоретикпен  айтысын  жасағымыз  келіп  отырған  жоқпыз.
Мұндай  ой  толғамдардың  одан  арғы  ниетінің  неге  саятынына  түсінгіміз
келеді.  Ал  ол  ниет  –  анау  айтқан  қауіпсіз  ниет  емес.  Егер  КСРО  геосаяси
бəсекелестерінің  ақпараттық  шабуылы  нəтижесінде  құлаған  болса,  ТМД-
ның  ешбір  елінің  тəуелсіз  дамуының  келешегі  жоқ  боп  шығады.  Басқа
сөзбен  айтқанда,  бұл  мемлекеттер  орасан  ақпараттық  шайқастың  орнында
қалған  мүгедек  мүскіндер  боп  шығады.  Талайға  дейін  естерін  жиып,
етектерін  жаба  алмайды.  Бұл  пікірдің  төркінінде,  ондай  мемлекеттер  не
одан əрі өз-өзінен күйреп жоғалуға тиіс, не қайтадан бір мемлекеттің қатал
уысына бірігуі керек деген түйін жатыр.
Мен  бұл  ұзын  сонар  қисындарды  əдейі  келтіріп  отырмын.  Өйткені
теоретиктердің  сырт  көзге  шошынарлық  ештеңесі  жоқтай  көрінетін
ойындарының  ар  жағында  ескіні  күштеп  қалпына  келтіру  пиғылы
жатқанына  көптің  көзін  жеткізгім  келеді.  Қандай  да  терминологиялық
айла-шарғыларға  жүгіргендерімен,  зарлауық  əпербақандардың  кешегі
кеңестік  кеңістіктегі  тəуелсіз  мемлекеттерді  объективті  құбылыстар  деп
танығылары  келмейтіндігі  алыстан  мен  мұндалап  тұр.  Олар  кез  келген
күштеп қайта қосу қанды қырғынға ұшырататынын ескергілері келмейді.
Бұл  арқылы,  мен  КСРО-ның  күйреуіне  сырттан  ешқандай  ықпал
болмады  деуден  аулақпын.  Ол  үшін  мысалды  алыстан  іздеудің  қажеті
шамалы.  Бір  кезде  «зұлымдық  империясы»  ұғымын  ойлап  тапқан  Рональд
Рейган  өз  естеліктерінде:  «Егер  ешқандай  өзгеріске  ұшырамаса,
8

коммунизмнің  өз  салмағын  көтере  алмай,  өзінен-өзі  құлайтынына  менің
көзім  анық  жетті.  Мен  кеңестік  жүйенің  сол  бір  сызаттарын  пайдалана
отырып, оның күйреу процесін қалай тездетудің қамын ойладым», - деп еш
бүкпесіз жазды.
Геосаяси,  сондай-ақ  ақпараттық  қысымның  расында  да  орын
алғанын З.Бзежинский, Г.Киссинджер, С.Тэлботт мақалаларынан-ақ аңғара
беруге болады.
АҚШ-тың  вице-президенті  А.  Гор  өзінің  «Жер  шары  таразы
басында» деген кітабында: «Жуырда ғана демократия мен еркін нарықтың
жолын  қуған  азат  ұлттардың  мүмкіндіктері  жарты  ғасыр  бойына  дерлік
сирек  кездесетін  табандылық  көрсетіп,  коммунизмнің  əскери,  саяси  жəне
экономикалық  жолмен  тарауына  ірку  болды.  Бір  таң  қаларлығы,  бұл
коалиция  орыс  революциясы  кезеңінен  бері  созылып  келе  жатқан
философиялық соғыста даңқты жеңіске жетті...», - деп жазған болатын.
Мəселе,  сол  ақпараттық  қысымның  өз  дегеніне  қалай  оңай
жеткендігінде. Бұл сауалға зарлауық радикалдар дəйекті дəлел келтірмейді.
Алайда КСРО-ның құлауын таза ішкі процесс ретінде қарастыратын
мейлінше либералдык, көзқарас та көңілге қона бермейді. Екінші жағынан,
ТМД елдерінде болып жатқан өзгерістер – ешқандай реформа емес, саналы
түрдегі  бүлдіру  мен  күйрету  деген  пікірдің  де  еш  қисыны  жоқ.  Бүлдіру
болса, нені бүлдіру? - деген сұрақ туады.
Сондықтан  ешқандай  теориялық  жаңалық  ашуға  талаптанбай,
орасан ірі мемлекеттің күйреуіне əкеліп соқтырғаи ең елеулі факторлар мен
одан  шығатын  қорытындылар  жайындағы  өз  пікірімді  ортаға  салғым
келеді.
Меніңше,
бұл
оқиғаларды
«ақпараттық
соғыс»,
«элита
сатқындығы»,  «психологиялық  шабуыл»  сынды  арзанқол  терминдермен
түсіндіру
орынсыз.
Сырт
көзге
кемеңгерсінгендерімен,
біздің
қоғамтанушыларымыз  бұл  арада  ішкі  сырдаңдықтарын  байқатып  алып
отыр.
КСРО-да  қоғамдық  ғылымдардың  дамуы  қандай  төмен  болған
десеңізші!  Мемлекеттің  құлағанына  төрт  жылдан  асты.  Ал  оған  құлаққа
кіретіндей  түсініктемені  əлі  ешкім  айтып  бере  алмай  жүр.  Нақты
экономикадан,  номенклатуралық  кадр  саясатының  егжей-тегжейінен
атымен  бейхабарлық,  глобальды  проблемалар  төңірегіндегі  қысыр  қиялға
берілушілік, енді, міне, болары болып, бояуы сіңген ескі жүйені, жау кеткен
соң, бос ойбайға салып, қайта дəріптеуге ұрындырып отыр. Көрнекті физик
Лев Ландаудың ғылымды табиғи ғылымдар, табиғи емес ғылымдар, ғылым
табиғатына  атымен  жат  ғылымдар  деп  жіліктейтіні,  біздің  қоғамдық
9

ғылымдарды осының соңғысына жатқызатындығы менің көңіліме қонады.
Бұл арада барлық пəлені М.С. Горбачевтың билік басына келуінен көретін
ұшқары  пікірлерге  көңіл  аудармаса  да  болады.  Мəселен,  Б.Олейниктің
саяси  шығарымпаздығының  əжептарқы  жемісі  «Түнек  падишасы»
кітапшасын  оқығанда,  не  дерімді  білмей  қалғаным  бар.  Əлдебір  тұңғиық
сары уайым мен түсініп болмас күдік-күмəн...
Мен
байсалды
саясатшылар
мен
сарапшылардың
ғана
көзқарастарына  тоқталғым  келеді.  Қайталай  айтайын,  сары  уайымшыл
көзқараста  да  мұндай  көзқарасты  жақтамайтындардың  есептеспеуіне
болмайтын,  дəл  байқап,  дөп  түсінген  құнды  тұжырымдар  бар  екені  рас.
Меніңше,  мұндай  талдау  өткенді  бағалағанда  емес,  ертеңді  бағдарлағанда
өте  орынды  болар  еді.  Ал  екеуін  де  бірдей  жүзеге  асыра  алсақ,  ол  тіптен
дұрыс болар еді.
Сары  уайымшылдар  өз  болжамдарын  «Қарсы  қимыл  кеңістігі»
(М.,1993) деп аталатын шығармала-рында баяндапты.
Онда:  «КОКП  басшылығының  жауапсыз  саясаты  мен  кейбір
басшыларының саналы түрдегі көзбояушылығы нəтижесінде қоғамымызда
əлденеше  онжылдықтар  бойы  жинақталып  қалған  қайшылықтар  қоғамды
быт-шыт шашыратып, мемлекетті күйреуге əкеп ұрындырды. Негізгі ұйтқы
факторлар  –  ортақ  мақсат  пен  құндылықтар  мəнсіздендірілді  жəне  тəрк
етілді.  Оның  орнына  қоғамдық  сананың  əлеуметтік  тиянақтары  ретінде,
жаңғыру, реформа, адам құқы, КСРО-ның түнекке толы өткені мен жетпіс
жылға  созылған  тақсіретті  қателік  туралы  дақдырттарды  пайдаланған
«мағыналық хаос» үстемдік құрды.
Барлық  əлеуметтік  байланыстардың  үзілуіне,  экономикалық  жəне
мəдени  дағдарысқа,  жұрт  қамы  жолындағы  жасампаздықты  өз  қамы
жолындағы  сасық  пайдакүнемдікпен  алмастыруға  əкеліп  соқтырған  бұл
процесс  бұрынғы  КСРО-ның  көптеген  халықтарын  тек  əлеуметтік
азғындауға ғана емес, халық ретінде жойылып кету қаупіне ұрындыруы да
мүмкін», - делінеді.
Əлгі  авторлар  өз  талдауын  одан  əрі  жалғастыра  келіп:  «Билік
басындағы топтың əуелі рухани, сосын мемлекеттік сатқындығы қоғамның
бүкіл  мемлекеттік  тұрғыдан  ойлануға  қабілетті  бөлігінің  абыржушылығы
мен  азғындаушылығына  ұласып,  ақыр  аяғында,  мемлекеттің  өз-өзінен
құлауына əкеп соқтырды», - деп тұжырады.
Егер  бар  гəп  осында  тұрса,  жағдайды  түзеп  алу  үшін  жоғарғы
басшылықты  өзгертудің  өзі-ақ  жеткілікті  болар  еді.  Бірақ  олай  болмай
шықты  ғой.  Демек,  түп  нотижесінде  Кеңестер  Одағының  құлауына  əкеп
10

ұрындыратындай себептер шоғыры тым көлемді болғаны ғой.
Стратегиялық мешеулік кезеңі
Неге  екенін  білмеймін,  КСРО-ның  құлауы  жайындағы  қазіргі
таласта  əскери,  əскери-техникалық,  стратегиялық  аядағы  екі  жүйе
арасындағы тайталас назарға алынып жарымайды. Ал расында, ішкі жалпы
өнім,  ұлттық  табыс,  еңбек  өнімділігі  сынды  қатал  көрсеткіштермен
өлшенетін
экономикалық
потенциалымыздың
АҚШ-қа
қарағанда,
шамамен,  бір  жарым-екі  есе  төмен  болғандығы  ешкімге  құпия  емес.  Егер
НАТО мен Варшава Келісімі елдері арасындағы айырманы алар болсақ, ол
бұдан  да  көп  болып  шығады.  Соған  қарамастан,  ұзақ  жылдар  бойына
əскери-стратегиялық
тепе-теңдікті
сақтаймыз
деп
тыраштандық.
Экономикалық
потенциалдың
əлгіндей
салыстыруға
келместей
кереғарлығы тұсында бұл бір жақты əбден титықтатпай тынбайтыны, сірə,
белгілі еді. Оның үстіне, Кеңестер Одағы сателлит елдерге де, социалистік
бағыттағы  елдерге  де,  ұлт-азаттық  күрес  пен  коммунистік  қозғалысқа  да
əрқилы  əскери,  əскери-техникалық  жəне  экономикалық  көмек  көрсетуге
тиісті  болды.  Сол  мақсатқа  жұмсалған  миллиардтаған  доллардың  Ресейге
де,  ТМД  елдеріне  де  енді  ешқашан  оралмайтыны  бүгін  əбден  түсінікті
болып отыр.
Қарулану  жолындағы  бəсеке  –  Кеңес  Одағы  құлауының  басты
себептерінің бірі. Екі жүйенің теке тіресі кеңінен етек алған 1950 жыл мен
1990  жылдың  арасындағы  қырық  жылда,  мамандардың  айтуынша,  əскери
шығын  20  триллион  долларға  жетіпті.  Ал  сексенінші  жылдардың  аяғында
соғыс  өнеркəсібі  мен  əскери-өндірістік  комплекспен  байланысы  бар
өндірісте планетамыздың 60-80 миллион тұрғыны жұмыс жасапты. Тағы да
сол  мамандардың  есебіне  жүгінсек,  шикізаттың  негізгі  түрлерінің  5
проценті соғыс мақсатына жұмсалыпты.
Əрине,  мұндай  орасан  зор  шығындар  экономиканы  да  орасан  зор
зардаптарға  ұшыратады.  Бұрынғы  кеңестік  экономикалык  комплекстің
құрылымы  тым  күйкі  тартып,  негізінен,  шикізат  өндірушілік  пен  əскери-
өнеркəсіп комплексіне қызмет етуге бағышталған-ды. Мұндай мұраның бар
тауқыметін  қазір  біздің  Қазақстан  да  тартудай-ақ  тартып  отыр.  Мұндай
жүйенің экономикалык, бəсекелестік деңгейімізді көтеруге көмектеспейтіні
табиғи  нəрсе.  Оның  үстіне,  бұрын  қару-жарақ  шығару  саласында  бəсекеге
шыдай  білген  экономикалық  жүйеміз  жетпісінші  жылдардың  аяғындағы,
сексенінші  жылдардың  басындағы  технология  алмасуының  салдарынан,
Батыс  экономикасына  төтеп  бере  алмайтын  күйге  ұшырады.  Құпия
11

мекемелерде  қыруар  ақша  шығындап  жасақталынған  əскери  технология
азаматтық  кəсіпорындарға  берілмеді.  Өз  кезегінде,  жалпы  экономикалык
дағдарыс
қорғаныс
мекемелерінің
де
əскери-техникалық
қуатын
төмендетті.
Кеңестер Одағында əскери-өнеркəсіп комплексіне тоғыз министрлік
қызмет  етті.  Олардың  не  сұрағаны  кедергісіз  табылып  тұрды.  Машина
жасау,  орта  машина  жасау,  ауыр  машина  жасау,  атом  өнеркəсібі,  авиация
өнеркəсібі,  электр  өнеркəсібі,  байланыс  министрліктері  ұлттық  жалпы
өнімнің  едəуір  бөлігін  шығарды.  Ол  статистикалық  есепте  халық
шаруашылығы өніміне қосылғанымен, шын мəнінде, халық шаруашылығы
мойнына асылған масылдық еді.
Əскери техниканы шығаруға, ресми статистикадан тыс қалған, бірақ
қорғаныс
шығындарына
жататын
қара
жəне
түсті
металлургия
министрліктерінің,  сол  сияқты  басқа  да  ведомстволардың  өнімдері  де
жіберілді.
Жалпы  алғанда,  əскери-ғарыштық  техникаға  байланысты  бірнеше
бағытты,  стратегиялық  ядролық  үштікке  жататын  құрамдас  бөліктерді
қоспағанда,  біздің  əскери-өнеркəсіп  комплексі  экономика  ішіндегі
экономика  іспетті  құбылыс  еді.  Соған  қарамастан,  Батыспен  болған
технологиялық шайқаста бəрібір жеңіліске ұшырады. Кез келген көзі ашық
адам  əскери-техника  саласындағы  мұндай  ахуалды,  кеңес  қаруының  Таяу
Шығыста,  Ауғанстанда,  бірнеше  африкалық  елдерде  əлденеше  рет
тойтарыс  алғанына  қарап,  өзі-ақ  аңғара  алар  еді.  Мемлекеттік  қыруар
қаражат  пен  адам  күшін  қылғытып  баққан  əскери-өнеркасіп  комплексі
осылай  мешеулік  танытып  бақты.  Халықаралық  аренадағы  əскери
сəтсіздіктеріміз бейбіт кездегі «ерлік еңбекті» еселей түсуімізге мəжбүр етті.
Израиль-Сирия  соғысында  сириялықтардың  қолындағы  кеңес  танктері
зенит  қаруымен  қамтамасыз  етілмегендіктен,  Израиль  вертолеттеріне  еш
қайран  көрсете  алмады.  Сириялық  достарымыздың  алдындағы  кінəмізді
жуып,  кеңес  қаруының  абыройын  асыру  үшін,  танкте  пайдаланылатын
əуеге  қарсы  қорғаныс  жүйесін  шығаруды  игеруге  тура  келді.  Менің  сол
кезде,  шіркін-ай,  бейбіт  шаруашылық  бағдарламаларын  орындауда  да
осындай оралымдылық көрсетсек қой деп күйінгенім бар.
Гəп  тек  техника  саласында  емес.  Ең  басты  мəселе  –  əскери-
психологиялық
жағдаятта
еді.
Ауған
соғысында
қыруар
қаржы
шығындадық.  Мыңдаған  өмір  қиылды.  Бəрібір  кеңес  əскеріне  бұл  елді
тастап  шығуға  тура  келді.  Халық  үшін  бұдан  асқан  тақсірет  бола  ма?!  Бұл
ұтылыс  жоғарғы  əскери  командашылықтың  белгілі  бір  бөлігін  мықтап
12

ойлантты.  Шын  жағдайға  дұрыстап  көз  сала  бастады.  Немістің  əуесқой
ұшқышының жеңіл моторлы ұшағын Қызыл алаң қасына əкеп қондырғаны
қандай  масқара  болғаны  əлі  есімізде.  Оған  дейін  біз  Мəскеудің  де,  бүкіл
еліміздің  де  əуеден  қорғану  жүйесі  еш  кінəратсыз  деп  ойлайтынбыз.
Осыған  байданысты  маған  кезінде  Д.  А.  Қонаев  айтқан  бір  оқиға  ойға
оралады.  Л.Брежнев  тұсында,  КОКП  Орталық  Комитетінің  пленумында
Мəскеу  қалалық  комитетінің  хатшысы  Егорычев  Мəскеудің  потенциалды
қарсыластарымыз  шабуылынан  жеткіліксіз  қорғалып  отырғандығы  жайлы
дəлелдер  келтіріп,  астананың  əуеден  қорғану  жүйесін  жетілдіру  жайында
мəселе көтергені үшін күлкіге ұшырап, орнынан түсіп қалып еді.
Əуесқой  ұшқыштың  спорттық  ұшақпен  еліміздін  аумағын  көктей
өтіп,  əуе  қорғанысы  жүйесінің  аузын  бір-ақ  ашырғаны  –  көп  нəрсеге
көзімізді
жеткізетіндей
жайт.
Əскери
мамандарымыздың
атом
сүңгуірлерінің  апатына  техника  айыпты  ма,  жоқ  əскери  құрам  айыпты  ма
деп,  қызылкеңірдек  боп  дауласқандары  да  əлі  есімде.  Қазір  əскери
өнеркəсіп  шығарған  мінсіз  техника  шала  баулынған  шалағай  жауынгердің
қолына  түссе,  ештеңеге  жарамайтынын  əркім-ақ  біледі.  Сөйтсе,  əскери
корабльдеріміздің осы заманғы ракеталар комплексі сексенінші жылдардың
аяғында,  кеме  теңізге  шыққаннан  соң  бірер  айға  жетпей,  істен  шығып
жатыпты. 
Ол  қарулардан  ату  сынағын  тапсыру  үшін  бір  ай  бұрын  завод
инженерлері
келіп,
үйлестіру
жұмыстарын
жүргізеді
екен.
Көп
жағдайларда,  əсіресе  ең  жақсы  комплекстерден  атуды  сол  инженерлердің
өздері жүзеге асырады екен.
Ашығын  айтсақ,  жұртқа  көрсетілген  кеңестік  əскери  көмек  деп
жүргеніміздің өзі де, техникалық-жөндеу базасымен қамтамасыз етілмеген,
ата білмейтін корабльдер мен танктердің құр жиынтығы болып шығады.
Менін  əскери  проблемаларға  тоқталуым  тегін  емес.  Бəрінен  бұрын
осы  əскери-техникалық  жəне  əскери-стратегиялық  салада  қоғамның,
мемлекеттің,  экономиканың  тіпті  тұтас  қоғамдық-саяси  жүйелердің  шын
қауқары анық көрінеді.
Екінші  дүниежүзілік  соғыстың  басында  ағылшындар  əскери
министрлік  өтіп  кеткен  соғысқа  əзірленіп  жатыр  деп  қалжыңдайды  екен.
Бұл біздін елімізге көбірек келетін жай еді.
Оқырмандар  мені  əскери  мундирдегі  адамдарды  мұқатқысы  келіп
отыр  екен  деп  ойлап  қалмасын.  КСРО  Корганыс  министрлігінің  көп
басшыларымен,  генералдары  жəне  офицерлерімен  жете  таныспын.  Олар
елімізге  қалтқысыз  еңбек  етті.  Гəп  оларда  емес,  бар  кінəны  солардың
13

мойнына қиып салған дарынсыз əскери саясатта.
Ұзақ  уақыт  Батыста  Кеңес  Одағының  терең  қарастырылған
шабуылдаушы  əскери  доктринасы  бар  деген  дақпырт  тарап  жүрді.  Бəлкім,
əскери  мамандар  келісе  қоймас,  дегенмен,  меніңше,  кеңестік  əскери-саяси
доктринаның  жыл  өткен  сайын  ұлғая  түскен  материалдық  жəне
технологиялық
қауқарсыздықтың
салдарынан,
тап
анау
айтқан
шабуылдаушы  сипатқа  ие  болуы  еш  мүмкін  емес.  Кеңестік  əскери-
қорғаныстық  доктрина,  оған  негізделген  жабдықтау,  маман  əзірлеу,
жарақтану  жүйесі  Вьетнам  соғысында  жеңіске  жеткенімен,  Ауған
соғысында,  алғашқы  шабуылдардын  тұсында-ақ  азусыздық  көрсетіп,
жеңіліп қалды.
Мұндай  таза  əскери  сипаттағы  ақаудың  ар  жағында  тым  түбегейлі
олқылық  жатыр.  Бүгін,  арада  көп  жыл  өткен  соң  барып,  КСРО-ның
құрылғанының  алғашқы  онжылдықтарында  жасақталған  социализмнің
өрісін  кеңейту  стратегиясы  ғылыми-техникалық  реформа  əлі  өркен  жая
қоймаған,  экстенсивті  даму  сипатындағы  екі  ірі  жүйенің  арасындағы
тайталастар  тұсында  ғана  тиімділік  таныта  алғанына  түсініп  отырмыз.  Ал
алпысыншы  жылдардан  басталған  ғылыми-технологиялық  дамудың  жаңа
үрдісі  КСРО  меи  оның  негізгі  геосаяси  бəсекелестері  болып  табылатын
елдерде  екі  түрлі  қарқынмен  өрістеді.  Кеңестер  Одағының  мемлекет
ретінде  де  күйреуін  тек  1991  жылға  ғана  сайып,  оны  тек  басшылықтың
субъективті  қателіктерінен  ғана  көруге  қосыла  алмайтындығым  да
сондықтан.  Бұл  -  тек  бір  сəтте  бола  қоймаған,  70-80-жылдарға  тұтас
созылған ғылыми-технологиялық, стратегиялық жеңілістің салдары.
Алпысыншы  жылдардың  аяғынан  бастап,  біздің  ғалымдарымыздың
əлемдік  көрнекті  ғалымдар  санатына  қосылуы  күрт  азайып  кетуі  де
тегіннен-тегін  емес.  Соғыстан  кейін  бізден  шыққан  Нобель  сыйлығының
лауреаттары  да  тым  сиреп  кетті.  Ол  сыйлық  берілсе  де,  егде  жастағы
адамдарға  берілді.  Н.Н.  Семенов,  Н.Г.  Басов,  П.Л.  Капицалар  өз
жаңалықтарын  ғасырдың  бірінші  жартысында  ашты.  Бұл  –  бір.  Екіншіден,
ғылым
мен
технология
саласындағы
жабық
мекемелердегі
ірі
шоғырландыру
сталинизм
жылдарында
жүзеге
асты.
Ол
кезде
революциядан  бұрын  немесе  кеңес  өкіметінің  алғашқы  жылдарында
құрылған іргелі ғылымдар мен ғылыми мектептер əлі бар еді. Оларды ескі
мектептерде  білім  алған  аса  көрнекті  егде  ғалымдар  басқаратын.  Мəселен,
Иоффе  төңірегіне  топтасқан  физиктер  мектебін  алыңыз.  Бірақ  сексенінші
жылдардың  аяғындағы,  тоқсаныншы  жылдардың  басындағы  төрешілдікке
ұрынған  ғылыми  құрылымдар  батыстың  жетекші  ғылыми  ұжымдарымен
14

бəсекеге  төтеп  бере  алмайтын  халге  түсті.  Біздің  тұсымыз  ғылым  мен
технология  саласында  да  ғылыми  жəне  ақпараттық  ашық  кеністік
жағдайында жұмыс жасауды талап етіп отыр.
Бұл  күйреудің  талай  себептерін  табуға  болады.  Бірақ  соның  ең
бастысы – экономикамыз бен қоғамымыздың технологиялық мешеулігінің
күшейе  түсуі,  сондай  əлжуаз  экономика  мен  қоғамның  мойнына  жарыса
қарулану салған салмақтың молая түсуі болғаны даусыз.
Сексенінші  жылдардың  басында  əскери  жəне  əскери-экономикалық
тепе-теңдікті  сақтауға  тырысудың  салдарынан,  отандық  экономикамыз
тұралай  бастады.  Екінші  дүниежүзілік  соғысты  еске  түсірейік.  Соғысқа
дейінгі  жəне  соғыс  кезіндегі  қыруар  еңбектің  нəтижесінде,  кеңес  жəне
неміс  экономикалық  жүйелерінің  ауқымдық  деңгейі  теңесе  бастады,  ал
Гитлерге  қарсы  одақтастықтың  экономикалық  қауқары  германдық
деңгейден  əлденеше  есе  асып  түсті.  1950  жылдан  1990  жылға  дейін
созылған,  өзінен  екі  еседен  астам  күшті  бəсекелеспен  тайталастық  тым
шамадан  тыс  тыраштық  еді.  Соғысқа  дайындыққа  бағышталудың
салдарынан  болдыртқан  шаруашылық  экономикалық  жүйе  ретінде  де
күйзеле бастады. Көзге шұқымай-ақ көрініп тұрған бұл ақиқат, қайдағы бір
субъективті себептерге қарағанда, мəселенің байыбына тереңірек бойлауға
көбірек мүмкіндік туғызары сөзсіз.
Неге  екені  белгісіз,  біз  1973  жылғы  энергетикалык,  дағдарысты  да
еске  ала  бермейміз.  ОПЕК  елдерінің  өзара  келісілген  бірыңғай  саясат
жүргізуінің нəтижесінде, мұнайдың құны апта сайын жоғарылай түсті. Бұл
жағдайда  технологияда  жетекші  орындарға  ие  мемлекеттер  жетпісінші
жылдардан
бастап
қуат
үнемдеушілік
пен
ресурс
үнемдеушілік
технологияға  енсеріле  көше  бастады.  Бұл  ғалымдарымыздың  жаңалықтар
ашуына  жағдай  жасауды  көздеген  альтруистік  пиғылдан  емес,  əлемдік
экономикалық конъюнктураның талабынан туындаған құбылыс еді.
Дəл сол кезде, Кеңестер Одағында Сібірден ірі мұнай кендері жедел
игеріле бастады. Бір қарағанда, əлемдік экономикалық конъюнктураның өзі
бізге  əдейі  қарасқандай  еді.  Аса  ірі  мұнай  кендерінің  ашылуы  мен  қуат
ресурстарының  əлемдік  рыноғында  аса  тиімді  бағаның  ұзаққа  тұрақтануы
арқасында  миллиардтаған  доллар  табыс  түсірілді.  Соның  ықпалымен,
жетпісінші  жылдардың  аяғында  тұрмыс  деңгейі  де  біршама  жоғарылады.
Батыспен  екі  арадағы  əскери-саяси  жоне  əскери-техникалық  тайталас  та
КСРО-ның осындай орасан зор қуаттық мүмкіндіктерінен туындап жүрген-
ді.  Алайда  бұл  ресурстар  стратегиялық  мақсаттарға,  болашаққа  қажет
қорларды,  əсіресе  финанстық,  алтын-валюталық  қорларды  молайтуға
15

пайдаланылмады.  Олар  технологиялық  жағынан  алға  озып  шығу  үшін
емес,  сол  əскери-өнеркəсіп  пен  көмір,  металлургия  жене  ауыл
шаруашыдығы  сияқты,  экономикаиың  өзін-өзі  ақтамайтын  салаларының
қажетіне  жұмсалды.  Оның  үстіне,  табиғи  қуат  көздеріне  сеніп,  үнемдегіш
жүйедегі
жаңа
технология
жасақтауға
мəн
берілмеді.
Мұнай
молшылығының  мүмкіндіктері  азаматтық  экономика  саласынан  атымен
аулақ жатты.
Мен  бұған  сол  кездегі  бір  аса  ірі  кеңес  республикасының
Министрлер Кеңесінің Төрағасы ретінде, Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің  экономика  мəселелерімен  шұғылданған  хатшысы  ретінде  де
жауапкершілікпен  ол  туралы  куəлік  бере  аламын.  Бірнеше  статистикалық
деректер келтірейін.
Ең  алдымен,  сол  кездегі  КСРО  Министрлер  Кеңесінің  Төрағасы
Н.И.  Рыжковтың  1988  жылғы  елдің  даму  стратегиясы  туралы  жасаған
баяндамасында  келтірілген  деректерге  сілтеме  жасамақпын.  Елдің  негізгі
қорының  активтік  бөлігі  40  процент  құрады,  ал  пассивтік  бөлігі  -  60
процент.  Дамыған  елдерде  -  керісінше.  70-  ші  жане  80-ші  жылдары  елдің
бюджеті  шығынды  болып  қала  берді.  Тұрғындардың  тауарларға  деген
теңестірілмеген  жəне  өтелмеген  сұраныстары  70  миллиард  сомды  құрады,
ал  бұның  өзі  жылдық  тауар  айналымының  бестен  бір  бөлігі  болатын.
Кəсіпорындардың  шығыны  12  миллиард  сомға  жетіп,  мемлекеттік
бюджеттің шығынының үштен бірін немесе елдегі үй құрылысы құнының
соншама  бөлігін  құрады.  1965  жыллан  кейін  ауыл  шаруашылығына  1
триллион  сомға  жуық  қаржы  жұмсалды.  Бұл  ақшалар  аса  тиімсіз
пайдаланылды.
Орташа жан басының кірісі 75 сом болды, бірақ оған 40 миллионға
жуық адамның қолы жетті; 10 миллион адамға бұл көрсеткіш 50 сомнан да
аз болды. Елдің 15 процент тұрғындарының жан басына шаққанда орташа
табысы  бұдан  да  төмен  деңгейде  еді  жəне  əлемде  қабылданған
көрсеткіштер бойынша, кедейлік шегінің ар жағында тұрды.
Қайта  құрудың  бас  кезінде  КСРО-ның  экономикалық  жағдайы
туралы  бүкпесіз  талдауларға  негізделген  көптеген  материалдар  жарық
көрді.  1988  жылдың  мамырында  «Знамя»  журналында  жарияланған
Н.Шмелев  мен  В.Поповтың  қорытындылары  менің  есімде  қалыпты.  Олар
Кеңестер  Одағында  ешкім  жұмыс  істемейтін  кəсіпорындар  салынды,  ал
барларында  –  белгіленген  қуаттарда  жұмыс  істелмеді  немесе  қажетсіз
өнімдер  шығарылды  деп  жазды.  Ешкімге  керегі  жоқ  станоктар  сатып
алынды.  25  жылда  КСРО-да  фондтардың  қайырымы  екі  есе  дерлік
16

төмендеді:  өнеркəсіпте  бір  жарым,  ал  ауыл  шаруашылығында  -  үш  есе.
Ауыл  шаруашылығындағы  қозғалыссыз  жатқан  жабдықтардың  паркі
ақылға сыярлық шектен асып кетті. 30 жыл ішінде комбайндардың орташа
қызмет  ету  мерзімі  екі  есеге  кеміді.  КСРО-да  комбайндар  АҚШ-тағымен
салыстырғанда  бір  жарым  есе  кем  қызмет  етті.  Қажетті  650  мың  парктің
орнына  бізде  1  миллион  комбайн  болыпты.  Комбайндарды  жөндеуге
кеткен  шығындар  олардың  алғашқы  құнынан  бес-алты  рет  асып  түсті.
Мұндай  техника  үшін  жөндеушілер  қызметінің  тұтастай  армиясы  керек
болды.  Олардың  саны  шамадан  тыс  ұлғайып  жатты.  АҚШ-та  ауыл
шаруашылық  техникасын  жөндеуге  қаңтар-ақпан  айларында  -  1,8-2,9
миллион  адам,  шілде-тамыз  айларында  40  миллионға  дейін  адам  жұмыс
істеді.  Бізде  осы  мақсатта  жыл  бойына  30  миллионға  тарта  мамандар
жалақы  алды.  Бір  американдық  жұмысшы  бір  сменада  біздің  екі  адамның
өнімін  шығарды;  бір  американдық  фермер  –  біздің  бес  колхозшының
өндіргенін өндірді.
80-жылдарлыи  басында  КСРО-да  қол  еңбегімен  шамамен  40
миллион  адам  айналысты,  80-жылдардың  екінші  жартысында  –  енді  50
миллионға жуық, ал ауыл шаруашылығында – тіптен 80 проценттен астам.
70-жылдары қалыптасқан өте сəтті жағдай 80-жылдары едəуір өзгерді.
Валюталық  кіріс  беріп  келген  негізгі  сала  –  мұнай  өндірісі  80-
жылдардың ортасына қарай іс жүзінде өндіріс өсімін тоқтатты, ал сол кезде
біздің  экспортымыздың  4/5-ін  қуат  көздері  құраған  еді,  бұл  біздің
технологиялық  жəне  стратегиялық  артта  қалу  деңгейімізді  тағы  да
дəлелдеді.
Бұл  жерде  түсінік  беріп  жату  артық  қой  деп  ойлаймын.  Қайталап
айтамын, бұл мəліметтер 1988 жылы келтірілген.
Карағанды  металлургия  комбинатында  жұмыс  жасап  жүрген
кезімнен бастап, болат өндіру технологиясы саласындағы біздегі жəне шет
елдегі  жаңалықтарды  салыстыра  зерттеумен  шұғылданып  келемін.
Мəселен,  мартендік  жолмен  болат  балқыту  8  сағаттан  12  сағатқа  дейін
уақыт талап етеді. Ал алғаш рет біздін елімізде жүзеге асырылған оттегілі-
конверторлық жолмен болат балқытуға бар болтаны бірнеше минуттар ғана
керек.  Алайда  АҚІІІ  пен  Жапония  металлургия  комбинаттарында  болып
жүріп,  бір  кезде  ең  озат  тəсіл  керінген  Карағанды  конверторының  өзі
тоқтаусыз  болат  құю  машинасынсыз  салынғандықтан,  осы  заманғы
деңгейден  əлдеқайда  артта  қалып  қойғандығын  байқадым.  Əлгіндей  əдіс
əрі  сапаны  жақсартады,  əрі  үнемді  көбейтеді  екен.  Мəселен,  АҚШ
жетпісінші  жылдардың  аяғында  мартендік  қуаттың  90  процентін  істен
17

шығарыпты, ал Жапония бұл əдістен атымен бас тартыпты. Ал біз болсақ,
сексенінші  жылдардын  басында  мартен  болатын  өндіруді  38  миллион
тоннаға  көбейтіп,  келелі  жеңіске  жеттік  деп  мақтандық.  Менің  келтірген
барлық  цифрларым  мен  дəлелдерім  біздін  экономикамыздың  батыс
елдерінен  қаншалықты  алшақ  қалғанымыздың  денгейін  тек  ішінара  ғана
көрсетеді.
Көңілімді  нілдей  бұзған  тағы  бір  дерекке  тоқталайын.  Академик
Сағдеевтың айтуынша, біздің еліміздегі бір жұмыс орнының өнімділігі озат
елдердегі  компьютерленген  жұмыс  орнының  өнімділігінің  бір  процентін
ғана  құрайды  екен.  Бұған  не  деп  дау  айта  алмақпыз.  Жанымызға  жақсын,
жақпасын,  шын  жағдайға  өзіміз  əбден  қаныға  түсініп,  өзгелерге  əдеппен
түсіндіре білейік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет