7-тақырып. Орта Азияның ортағасырлық мәдениеті



бет4/6
Дата09.03.2022
өлшемі1,62 Mb.
#27284
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
7-Лекция

Исламның ықпалы. Х-ХІІ ғасырлар түркі мәдениетінің «алтын ғасыры» деп аталады. Ислам мәдениеті, өнері, сәулет өнері, әдебиеті әсіресе X ғасырдың ортасынан бастап жедел дами бастады. Түркі билеушілері білімділігімен ерекшеленді, рухани жасампаздыққа көп көңіл бөлді. Олар талантты шығармашылық тұлғаларға қамқорлық етті. Өздері де парсы, араб және ана тілдерінде өлеңдер жазды.

Х-ХІІ ғасырларда ортағасырлық мұсылман әлеміне кеңінен танымал ғұламалар шықты. Олар мұсылман мәдениетінің ғана емес, бүкіл әлем өркениетінің дамуына зор үлес қосты. Мұсылман мәдениетінің әсері елеулі еді, бірақ соған қарамастан түркілер өз тілі мен дүниетанымын сақтап қалды. Әбу Насыр әл-Фараби, әл-Бируни еңбектерін араб тілінде жазды. Ал Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашғари, Ахмет Иүгнеки, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани өз шығармаларын түркі тілінде жазды. Түркі мемлекеттерінде араб тілі ғылым тілі ретінде қолданылды.



7.3. Қазақстан аумағындағы «Ұлы Жібек Жолы» сауда керуені.

Халықаралық сауда жолының тарихы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтардан, Шығыс Түркістаннан Иран, Мысыр, Қытай мен Сирияға лазурит пен нефрит тасудан басталады. Б.з.б. 138 жылы Қытайдан император Удидің Батыстың беймәлім елдеріне (күн қайда батса, сол жаққа) жіберген елшілік керуені жолға шығады. Ол алғаш рет Қытайдан Орталық Азияға тіке жол тартты. Сапар барысында сауда үшін қолайлы жолдар анықталды. Бұл жолдар Ұлы Жібек жолының негізін қалады. Тарих ғылымында б.з.б. II ғасырды Ұлы Жібек жолының тұрақты жұмыс істеуінің басталуы деп есептеу қабылданған. Қытай елшісінен кейін іле-шала бұл жолмен Батысқа жібек керуендері жүрді. Рим мен Византия, Үндістан, Иран, Араб халифатынан осы елдерде өндірілетін тауарлар тасылды. Ұлы Жібек жолының маңызы- халықтар мен мәдениеттерді жақындастырып, өзара байытуында болды. Ұлы Жібек жолы өзінің атауын XIX ғасырда ғана алды. Оны неміс ғалымы, Азияның физикалық географиясы туралы еңбектердің авторы фон Рихтгофен ұсынды. «Ұлы Жібек Жолы» сауда керуенінің жібек сауданың басты түрі болды. Жібек алтынмен бірге халықаралық валюта міндетін атқарды. Оны патшалар мен елшілерге тарту етті, жалдамалы әскерге жалақы және мемлекеттік қарыздардың өтеуі ретінде төледі. Жібек өзінің жұқа, әсемдігінің арқасында алыс жерлерге тасымалданатын негізгі тауар саналды. Сонымен қатар иіссу, тәтті тағамдар, женьшень мен маталар, бояу, бағалы тастар, аң терісі, алтын, күміс құймалары сияқты бұйымдар да тасылды. Жібек жолымен араб арғымақтары, қаршыға, тотықұстар мен түйеқұстар т.б. сатуға әкелінді. Жібек жолымен ежелгі мәдениет пен өнер туындылары таратылды. Орта Азия, Түркістаннан келген музыкант, биші, акробаттар Қытай императоры мен Византия сарайларында өз өнерлерін көрсетті. Жібек жолымен қытайлықтар өз елінде жоғары бағаланатын асыл тұқымды жылқы мен түйелерді Орталық Азиядан алдырды. Қытайлықтар керуен саудасы арқылы әкелінген ауыл шаруашылығы дақылдарын - бұршақ, пияз, қияр, сәбіз, анар, грек жаңғағы т.б. өз елдерінде өсіруді үйренді. Орталық Азиядан Қытайға жүннен тоқылған әртүрлі бұйымдар — кілем, жапқыш, төсеніштер әкелінді. Жүн өңдеу мен кілем тоқу әдісімен таныс емес қытайлықтарға бұл бұйымдар ерекше әсер етті. Ұлы Жібек жолындағы сауда. Жібек жолы бағытымен өткен керуен саудасы пайда әкелумен қатар, үлкен қауіп-қатерге де толы еді. Сол себепті көпестер жолға жалғыз емес, қарулы адамдардан тұратын ірі керуендермен шықты. Керуендер жүк артылған бірнеше жүздеген малдан құралды. Олармен бірге саудагерлер, аудармашылар, нөкерлерін ерткен елшілер, дін таратушылар да сапар шекті. Керуен саудасы арқылы жол бойында тұрақты түрде қызмет көрсететін орындар ашылды. Сол себепті Ұлы Жібек жолы бойында керуен сарайлар (жолаушылар тоқтап, демалатын жайлар) салынды. Оларда көпестер мен керуенге қызмет көрсететін арнайы адамдар, демалыс бөлмелері, тауар сақтауға, жүк артылған малға арналған қоражайлар, қажетті жемшөп, азық-түлік пен қоймалар болды. Керуен сарайлар көпес үшін қажетті тауарды сатып алатын, сататын орынға айналды. Айырбас сауда да дамыды. Жер иелері кедендік баж салықтарынан пайда тапты. Бұл артықшылықты жоғалтып алмау үшін Орталық Азия елдерінің билеушілері көпестерді қорғайтын заңдар қабылдады. Сауданы дамытуда көшпелі малшылар маңызды рөл атқарды. Олар керуендерге жол көрсетіп, азық және көлік малымен қамтамасыз етті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет