7 тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері



бет1/4
Дата10.03.2023
өлшемі191,77 Kb.
#72803
  1   2   3   4
Байланысты:
7 дәріс


7 тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.



  1. Сұраныс заңы. Сұраныстың қисығы

  2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы

  3. Сұраныс пен ұсыныстың бірөбіріне әсер етуі.

  4. Нарықтық тепе-теңдік.

  5. Икемділік түсінігі.

  6. Икемділік коэффициенті.

Өндірісті ұйымдастыру кезеңінде туатын негізгі мәселелер:



  • Нені өндіру қажет?

  • Қалай өндіру қажет?

  • Кім үшін өндіру қажет?

Бұл аталған мәселелер тауарларға сұраныс пен ұсыныстың тікелей әсер етуімен шешіледі.Осыған байлансты сұраныс пен ұсынысты талдау міндетті.
Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).
Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.

  2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.

  3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)

  4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.

  • Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.

  • Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.

  1. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет