70. ҚАзақ тілі фонетикасын оқыту әдістемесі


МӘТІНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ. ОРФОГРАФИЯ МЕН ПУНКТУАЦИЯНЫ ОҚЫТУ



бет6/22
Дата19.06.2023
өлшемі1,53 Mb.
#102347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
70-90

75. МӘТІНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ. ОРФОГРАФИЯ МЕН ПУНКТУАЦИЯНЫ ОҚЫТУ.
Мәтін – тілді оқытудағы негізгі құрал. Ол оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Мәтінмен жұмыс тіл үйренушінің сөздік қорын байыту мен еркін сөйлеуге үйрету немесе өз ойын ашық, анық жеткізе білу дағдысын қалыптастыру мақсаттарын көздейтіндіктен, тілді оқытуда мәтінмен жұмыс жүргізуде ұтарымыз мол болмақ. Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді.
Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы логикалық ойлауының бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде және оқушының сауатты оқу дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады. Оқыту мен оқу үдерісінде білім алушы теориялық, танымдық ақпаратты мәтін арқылы алады, ал алынған ақпаратты қабылдап, ой елегінен өткізу арқылы шығармашылық әрекетпен өмірде қолданады.
Мәтін – мағыналық және құрылымдық аяқталуымен, автордың ақпаратқа көзқарасымен, ақпараттың нысандылығымен танылатын болса, шығармашылық – тұлғаның стандартты емес шешімдер қабылдаудағы терең қасиеттерін көрсететін қабілеті. Мектеп оқушыларының жаңартылған білім беру жағдайында күнделікті білім алу, пәндер бойынша жиынтық бағалау жұмыстарында, қорытынды аттестаттау емтихандары мен сыртқы және тәуелсіз бағалау сынақтарында берілген мәтіндегі ақпаратты табу біліктілігін арттыру үшін мәтінмен жұмыс жасау дағдысын дамытудың бүгінгі күні маңызы зор.
Оқушы тапсырманы орындау барысында мәтінді «көзбен сүзіп» өтіп, оның негізгі элементтерін анықтау және қандай да бір болмасын сипаттамаларына қарап мағыналық бірлігін (ұқсастықтарды, айырмашылықтарды, себептік-салдарлық қатынастарды және т.б. анықтау) табу, ақпаратты салыстырып көру, автордың ойын білу, жауапты дайындау барысында әлем туралы өз пайымдауына сүйеніп, өз ойын қорғайтын дәлелдер келтіруді меңгеруі қажет. Сондықтан мәтінмен жұмыс жасаудың мақсаты – мәтіннің тілдік-құрылымдық, стильдік жүйесін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу.
Білім алушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын дамыту арқылы шығармашылық ізденістерін, өзіндік ой-пікірлерін жетілдіру, игерілген ақпарат арқылы сыни ойлауы мен метатанымдық қабілеттерін арттыру. Мәтінмен жұмыс жүргізуде теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, мәтіннің және шығармашылықтың өзіндік заңдылықтарын сауатты қолдануға негізделген ауызша, жазбаша жұмыстар, теориялық ұғымдар негізінде мәтін мен шығармашылық бойынша түрлі деңгейдегі тапсырмалармен шығармашылық, ізденушілік бағыттағы өзіндік зерттеу жұмыстары.
Мәтін мазмұнын жан-жақты ашуда белсенді әдістер арқылы топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері, тақырыптар бойынша тілдік және мәтіндік талдау, сыни тұрғыдан ойлануға байланысты жағдаяттық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар берілсе, оқушылардың өзіндік ізденісін де арттыруға мүмкіндік туады. Мәтінмен жұмыс жасау барысында тілдік (әңгіме, дәріс, диалогтік оқыту, топтық оқыту, бірлесе оқыту), көрнекілік (танымдық, зерттеушілік, сюжеттік, деректі фильмдер, көрсету, презентация).
Практикалық (жаттығулар, тапсырмалар, графикалық органайзерлер, шығармашылық жұмыстар, ақпараттық ізденістер), репродуктивтік, проблемалық-ізденушілік, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары сияқты әдістерді кеңінен қолдану ұсынылады. Оқу-тәрбие үдерісінде жоғарыда ұсынылғандай жұмыстар жүргізілгенде білім алушылардан мынадай нәтижелер күтуге болады: мәтінге қатысты құрылымдық сипаттарды, ерекшеліктерді, лингвистикалық терминдерді меңгереді; мәтін түрлері мен шығармашылық жұмыстардың түрлерін ажырата алады, құрылымдық ерекшелігіне сәйкес қолдана біледі.
Түрлі жанрдағы, тақырыптағы, типтегі мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіру, салыстыру, бағалау, түрлендіру жұмыстарын жүргізе алады; мәтіннің жасырын мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың, сөздердің мағыналық топтарының мәнін анықтай алады; оқудың түрлі стратегияларын пайдаланып, мәтінге ақпараттық ізденіс жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; шығармашылық жұмыстарды жанрлық және стилистикалық ерекшеліктеріне сәйкес орындай алады.
Және түрлі дереккөздерден алынған ақпараттарды жинақтау арқылы өзінің ойын, көзқарасын, пікірін түрлі стильде, жанрда ауызша және жазбаша түрде жеткізе алады. Оқушыларымен қазақ тілі сабақтарындағы мәтінмен жұмыс жасау және олардың шығармашылық қабілетін жетілдіру, оқу жетістіктерінің оң нәтижесін қамтамасыз ету барысында мәтінмен және шығармашылықпен жұмыс жасаудың бүгінгі күні тигізер пайдасы мол деп айтуға болады.
Оқыту әдістері сан алуан. Солардың ішінде орфографины оқытуға байланысты мына әдістерді қолдануға болады: 1) байқау әдісі, 2) баяндау әдісі, 3) әңгімелесу әдісі, 4) кітаппен жұмыс әдісі, 5) жаттығу әдісі, 6) талдау – жинақтау әдісі, 7) салыстырма әдіс, 8) индукция – дедукция т.б.
2. Орфографиялық жаттығу грамматикалық және орфографиялық түсінік бойынша, сондай-ақ талдаулар жасау арқылы орындалып отырады. Жаттығу орындатудың бір түрі басқа түрлерімен алма-кезек ауыстырылып отырады. Белгілі бір тақырыпқа байланысты жаттығу кезінде көшіріп жазу және диктант әлементтері, тіпті творчестволық диктант немесе шығарма араласа жүргізіліп отырылуы мүмкін. Мұндай жаттығулар берік орфографиялық дағды қалыптастыруға көмектеседі. Алайда, орындауға үсынылатын жаттығулар дұрыс іріктеліп, оны орындату жолдары дұрыс белгіленуі және жұмыс шебер үйымдастырылуы қажет.
Жаттығу іріктеуде және оны оны орындату тәсілдерін белгілеуде шамамен мына сияқты талаптар ескерілуі тиіс:
1. Берілген жаттығу оқушылардың белсенді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасай ала ма;
2. Жаттығу класс оқушыларының шама-шарқына лайық па (тым жеңіл болмауы ескерілу керек);
3. Көру және есту сезімдері қаншалықты қатыстырылуы ойластырылған ба;
4. Жаттығу орындау кезінде сөйлеу, қу, лексикалық және грамматикалық жұмыстар жан-жақты қамтыла ма;
5. Жаттығу орфограммаларды дұрыс танып, есте сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ете ала ма;
6. Қате болдырмауды алдын ала ескерту үшін, алдын ала жұмыстар жүргізу ескерілген бе;
7. Көзделіп отырған нақтылы мақсатқа жетуге жаттығу қаншалықты үйлесімді (ол мақсаттарға анықтама ережені айталау, қиындық келтіретін орфограмманы табу, орфограмманың жазылу сипатын берік сақтау, нақтылы жағдайларға байланысты ережелерді ауыстыра қолдану т.б. жатады).
Орфографияны үйрету - біртұтас қиын процесс. Бұл процестің біртұтастығы оқытылатын баланың психикалық қызметінің бірлігімен, қабылдау бірлігімен, тіл мен ойлаудың бірлігімен, ауызша және жазбаша тіл бірлігімен жүзеге асырылады.
Жаттығуға байланысты қандай жұмыс түрлерін жүргізу оқушылар алған орфографиялық дағды дәрежесімен дәл сол кезде қойылып отырған мақсатқа негізделеді. Егер жаңа өтілген ережеге қорытынды жасалып, ол ережеге байланысты әлде де жаттыға түсу, еске берік сақтау қажет болса, онда грамматикалық және орфографиялық талдау жасай отырып, көшіртіп жазғызу керек. Егер оқушыларға емлелік қиындықтарды тапқызып, орфограммаларды жете таныту мақсат етіп қойылса, онда мына сияқты жұмыстар жүргізуді үсынуға болады:

  1. жазылуы қиын сөздерді теріп көшіру.

  2. Терме диктант.

  3. Ауызша талдау.

  4. Қажетті орфограммалардың астын сыздыру.

  5. Өз жазғандарын өзі тексеру т.б.

Жаттығу жүргізуде мынадай дидактикалық талаптар қойылады: жаттығудың әржақтылығы және қайталай жаттығу. Тақырыпты өту кезіндегі жаттығумен шектеліп қалуға болмайды. Келесі сабақтарда немесе келесі тақырыптарды өту кезінде де қайталана жаттықтырылу керек. Сондай-ақ сыныптағы оқушылардың белгілі орфограмманы меңгреу дәрежесіне қарай және оқушыларға арнайы тапсырма беру жолымен жаттығу орындату оқу процесіндегі тиімді тәсіл болып табылады
Грамматикалық ереже қолдану тәртібі Я.А.Коменскийге дейін былайша жүйеленетін еді. Алдымен ереже айтылып, одан кейін мысал келтіріліп, ең соңында жаттығу жүргізілетін, Коменский бұл схемаға өзгеріс енгізіп, біріші орынға мысалдарды, екінші орынға ережені қойды. Бұл тәртіп бойынша, оқушылар сол ережеге жаңадан мысал ойланады немесе ережені қалай қолданудың жолын қарастырады. Мұндай процестер арқылы тек мысалдар таңдалынып қоймай, ережеге бірнеше дүркін қайта оралуға мүмкіндік туады, сөйтіп ережені саналы түрде меңгеруге қолайлы жағдай жасалады. Дидактикалық бұл схеманы жүзеге асыру оқу процесінде оқушылардың ережені догматикалық, механикалық жаттап алудан арылып, тіл заңдылығын саналы меңгеруіне жағдай жасайды.
Тыныс белгісі бір ережеге сай қойылады. Әрбір пунктуациялық ережеге тыныс белгісімен бөлінетін мағыналы бөлшек сай келеді. Тыныс белгісін қоюда позитивті және негативті жағдайлар болады. Мысалы: бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылу керек (позитив) егер олар шылаулармен (және) байланысса, (негатив) қойылмайды. Пунктуациялық ұғымдарға: тыныс белгілері, тыныс белгілерінің қызметі, пунктуациялық-мағыналық бөлшек, тыныс белгісін қоюдағы белгілер, пунктуациялық норма, пунктуациялық қате жатады.
Пунктуациялық норма — ережеге байланысты тыныс белгісін қою және қажет болмаса қоймау. Асан оқушы. Сызықшаның қойылуы пунктуациялық норма, егер қойылмаса нормадан ауытқу.
Тыныс белгісі – жазуда қолданылатын графикалық тәсіл.
Пунктуациялық қырағылық – сөйлемнен тыныс белгіні қажет ететін мағыналық бөлшекті таба білу: Ол үшін жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Пунктуациялық қате тыныс белгісінің дұрыс қойылмауы.
Бастауыш сыныпта пунктуациялық іскерліктің мынадай түрлері қалыптасуы қажет:
— коммуникативтік единицаны, мағыналық бөлшекті, (тыныс белгісін керек ететін) таба білу;
— өтілген ережеге сай тыныс белгісін қоя білу;
— тыныс белгісінің қойылу себебін дәлелдей алу,
— лепті сөйлемді жай сөйлемнен бөле алу;
— интонацияның түрін ажытара білу;
— автор сөзін басқа біреудің сөзінен ажырата білу;
— пунктуациялық талдау жасай білу;
Пунктуацияны оқытуда бастауыш сыныпта негізінен мұғалімнің сөзі, әңгіме, бақылау, талдау, оқушылардың өз бетімен жұмысы, салыстыру, ауыстыру, пунктуациялық талдау, т.б. әдіс, тәсілдер қолданылады. Пунктуациялық талдау толық (сөйлемдегі барлық тыныс белгісіне тоқталу), не ішінара (бір ғана тыныс белгіге тоқталу) жүргізілуі мүмкін.
Пунктуациялық талдауда:
— тыныс белгісі аталады, қызметі айқындалады;
— мағыналық бөлшек оқылады, тыныс белгісі қойылады.
Пунктуациялық іскерлікті қалыптастыруда орындалатын жаттығудың маңызы зор. Жаттығуларға: көшіріп жазу (тыныс белгісін қойып), диктант (белгілі бір тыныс белгісіне қарай) схема арқылы сөйлем құрау, тыныс белгісін қою (құрмалас сөйлемдер құрау) творчестволық жұмыс (мазмұндама, шығарма жаздырту, тыныс белгісінқойдыру, себебін айтқызу, мәнерлеп оқыту, интонациясын дұрыс қойып оқу), техникалық құралдарды пайдалану (эпидиаскоп арқылы сөйлемді тақтаға түсіріп, оқушыларға тыныс белгісін қойдырту) т.б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет