Әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсаты – қазақ әдебиеті пәнінен берілетін білімді ғылыми-теориялық жағынан қаруландыру. Оқушының шығарманы оқуы, қабылдауы – көркемдік танудың екі жағы. Бұл — әдебиетті оқытудағы басты нәрсе. Оқыту үрдісінде (процесінде) шығарманың ерекшелігіне, сабақ мақсатына қарай әдістер таңдалады. Қазақ әдебиеті әдістемесінде зерттелген әдістер ұтымды пайдаланып, мектеп тәжірибесінде жинақталды. Әдеби зерттеу негізі жүйеленді.
Әдебиетті зерттеу әдістері екіге бөлінеді:
мектепте оқытылатын көркем шығарманы оқушыға жеткізу әдістер жүйесі;
сол көркем шығарманың жазылу стилі, мазмұны, идеясы, тәрбиелік мәні, тілдік, ырғақтық әдістері.
Әдеби әдістер, яғни, оқушыға жеткізу жолы мен жүйесі – күнделікті сабақта батыл енгізіліп, оқушының өзіндік шығармашылық еңбегіне құрылады.
Әдебиет әдістемесінің міндеттері:
білім беру приоритетіндегі ұстанымдарды жетілдіру;
әдістемелік нұсқауларды толықтырып отыру;
әдеби-теориялық ұғымдар сөздігін жасау;
сабаққа қажетті дидактикалық материалдарды көбейту;
техникалық оқу құралдары: диафильмдер, оқу кинофильмдер, слайдтар, магниттаспаларына жазылған: радио, телехабар беттері, фонохрестоматиялар жасау. Бір сөзбен айтқанда көркем шығарма мен жаңа әдістердің байланысын ашып, оқушының жас ерекшелігіне сай жаңартып отыру. Үнемі ізденіс зерттеуді жетілдіру.
77. ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ – ҒЫЛЫМИ ПӘН Қазақ әдебиеті әдістемесі – жан-жақты дамыған, жетілген, теориялық, тәжірибелік негізі қалыптасқан. Оның зерттейтін нысанысы (обьектісі), мақсаты, зерттеу әдістері жүйеленген. Әдебиет әдістемесінің нысанасы – оқыту мәселесі. Әдебиеттегі көркем шығармаларды оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім мен халықтық даналық тәрбие беру жөніндегі туатын заңдылықтарды қарастырады. Бұл міндетті жүзеге асыруда педагогика ғылымының, оның теориясының жалпы қағидаларына, ережелеріне сүйенеді.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі әдебиеттану ғылымымен, тіл білімімен, тарих ғылымымен, психологиямен, педагогиканың теориясымен, таным теориясымен, эстетикамен тығыз байланысты.
Мектепте өтілетін оқу пәндерінің ішінде қазақ әдебиеті тіл біліміне тікелей байланысты. Қазақ әдебиеті әдістерінің зерттейтіні – көркем әдебиет. Көркем әдебиет – сөз өнерінің туындысы, алтын қазынасы.
«Әдебиет сөзбен жасалады». Сөзді жасайтын халық.
Әдебиеттану ғылымынсыз әдебиетші мұғалімдер әдебиетті ғылымның әрі өнердің бір саласы ретінде оқыту мүмкін емес. Бұл пәнді оқытудың күрделілігі де қызықтығы да осында. Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркемсөз табиғатын ашатын заңдылықтарды білуі керек, көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс.
Әдебиет ғылымының үнемі дамуының арқасында әдебиет әдістері жүйеленіп, молайып, қорланып, байып отырады. Мектепте оқылатын әдебиет пәні, қазақ әдебиеті әдебиет тану ғылымына енген теориялар мен әдістер арқылы дамиды. Қазақ әдебиетін оқыту – ғылым ретінде дамуын мына бағытта зерттейді:
ғылыми-әдеби эксперимент;
жаңартылған сабақтың түрлері;
шығармашылықпен оқыту жүйесі;
дидактикалық ұстанымдар.
Мектепте әдебиет сабағы оқытудың білім берудің жүйелі, жалғаспалы, бірізділік принциптерін басшылыққа ала отырып, жүргізілуі керек.
Ол төмендегідей кезеңдерден тұрады:
1-кезең: 1-4 сыныптар
2-кезең: 5-8 сыныптар
3-кезең: 9-14 сыныптар
1-кезеңнің негізгі мақсаты – оқуға, жаза білуге, мазмұндауға үйрету, көркем туындыға деген оқушы ынтасын қалыптастыру.
2-кезеңде көркем сөздің көркем шығармадағы ролі, маңызын танып-білу жұмыстары жүргізіледі. Оқу бағдарламасында талдауға ұсынылатын шығармалар жанрлық жағынан қамтылады. Көркем туынды туралы өз пікірлерін, ойларын айта білуге дағдыландыру.
3-кезеңге әдебиетті оқыту ауыз әдебиетін байытып, әдебиет тарихымен жалғастырылады. Оқушы өз беттерімен көркем туындыны оқытуға, талдауға баулу, әдебиет тарихы, сыны, әдебиеттік ғылымнан білім беру, ақын-жазушы стилі, тілі, әдеби әдістер туралы үйрету.