71. Педагогиканы оқытудың әр кезеңдеріндегі бақылаудың (алдын-ала, ағымдық, тақырыптық (аралық) және қорытынды) түрлерін өз сөзіңізбен жазыңыз


Дидактикалық үрдістің нəтижесін анықтау диагностикасының мақсаттарын анықтаңыз



бет2/9
Дата11.12.2023
өлшемі42,33 Kb.
#137494
1   2   3   4   5   6   7   8   9
72. Дидактикалық үрдістің нəтижесін анықтау диагностикасының мақсаттарын анықтаңыз.
Оқыту үрдісінің ажырамас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностиканың көмегімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық үрдістің нəтижесін анықтау.
«Диагностика» түсінігінің мəні «білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру» түсінігімен салыстырғанда едəуір терең əрі кең. «Тексеру» нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс-тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар-бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады. Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын жəне жобілім алушынуын қамтиды.
Білім берудегі диагностиканың міндеттері:
• білім алушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (білім алуға әзірлігі, психикасының қызметі, дамуы);
• оқыту үрдісінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білуі, ой жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);
• тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін, адамгершілікке сенімін, адамгершілігін).
Диагностика нәтиже мен процесті бірге зерттейді. Білім алушының еңбегі Педагогтің еңбегімен бірге талданып, білім алушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділігі зерттеледі. Педагогтің жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріледі. Тексеру білім алушының «оқығым келмейді» деген пікірімен санаспайды. Ал диагностика онымен санасады, білім алушының оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін табады.
Диагностика арқылы білім алушылардың білім, іскерліктері тексеріліп бағаланады, сандық мәліметтер талданады, бағыттар айқындалып, одан арғы жұмыстар болжанады. Диагностика үшін көптеген әдістер және әдістемелер қолданылады. Мысалы, дәстүрлі тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, білім алушылардың оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді, ақыл-ойды, т.б. зерттеу, жеке білім алушылармен жұмысты жобілім алушыу әдісі қолданылады. Қазіргі мектепте қолданылатын диагностика педагогикалық қатынастар жүйесіндегі білім алушыны (сыныпты) жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелердің жиынтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет