71. Педагогиканы оқытудың әр кезеңдеріндегі бақылаудың (алдын-ала, ағымдық, тақырыптық (аралық) және қорытынды) түрлерін өз сөзіңізбен жазыңыз


«Білім беру жүйелерін басқару» бөлімін сипаттап басқару кеңесінің орнын анықтаңыз



бет6/9
Дата11.12.2023
өлшемі42,33 Kb.
#137494
1   2   3   4   5   6   7   8   9
77. «Білім беру жүйелерін басқару» бөлімін сипаттап басқару кеңесінің орнын анықтаңыз.


Педагогика ғылымында мектепті басқару – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Ол жайлы ғалым-педагог Н.Д.Хмель өзінің зерттеулерінде: «педагогикалық процесті басқару дегеніміз әлеуметтік жүйені басқару» -деп көрсеткен.
Қазiргi заман мектебi – күрделi де кіріктірілген жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтiн мұғалiмдердiң, мектеп әкiмшiлiгiнiң (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелiк және қызмет көрсететiн адамдардың іс-әрекетiнен, мектеп алдында тұрған жалпы мiндеттердi шешуге белгiлi бiр жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегенiмiз –мұғалiмдер мен онда қызмет ететiн адамдар ұжымы, олар бiлiм беру жүйесiн мемлекеттiк тұрғыдан басқарудың объектiлерi болып табылады.
Қазiргi мектептi өзара байланысы бар, iшкi құрылымы және социуммен белгiленетін тұтас әлуметтiк-педагогикалық жүйе ретiнде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екi жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазiргi кез-келген оқу-бiлiм беру мекемесiнiң алдына өмiрдiң өзi қойып отырған мiндеттердi жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретiндегi мектеп директорының тiкелей басқару іс-әрекетiнде көрiну керек. Мектеп басшылығы мен мұғалiмдерден тұратын басқару жүйесi жетекшi болып келедi. Басқарылушы кiшi жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады. 
Г.И.Щукинаның пiкiрi бойынша,басқару– мектеп iшiндегi “психологиялық, ұйымдастырушылық және әдiстемелiк” сияқты күрделi процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу. Алайда басқарудың алдыңғы қатарлы тәжiрибесiн жинақтап қорыту тек материалды жинаумен ғана және оны тиiстi ғылыми-әдiстемелiк тұрғыдан бағаламай, тек баяндаумен ғана шектеледi. Материалдарда, көбiнесе, негiзгi идеялар мен тәжiрибенiң талдауы болмайды және оларды қолданудың кеңес-ұсыныстары берiлмейдi, оны енгiзудiң шарттары да көрсетiлмейдi. Ал кейбiр жағдайларда, тұтас жұмыс жүйесi емес, керiсiнше, жекелеген тәсiлдер ғана суреттелiп таратылады. Кейде, мектеп басшылары мен бiлiм беру органдары үшiн ешқандай тәжiрибелiк құндылығы жоқ көптеген материалдар жинақталады. М.М. Поташник былай дейдi: ”Басқару – мектептiң қалыптасуын, тұрақтануын, тиiмдi қызмет етуiн және дамуын қамтамасыз ететiн барлық субъектiлердiң мақсатты іс-әрекетi”. Бұл анықтама маңызды екi нәрсеге назар аудартады: бiрiншiден, кез-келген басқарудың мақсатты іс-әрекет болып табылатынына; екiншiден, ол басқалардан өзiнiң мiндеттерiмен ерекшеленетiніне. К.Я. Вазинаның пiкiрiнше: ”Басқару – нақты бiр мақсатқа жетудi қамтамасыз ететiн қалыптасуға жауап беретiн жүйенiң қызметi”.
Педагогикалық басқару әлеуметтiк мақсатта жүзеге асады, ол адамдардың іс-әрекетiн басқару мен олардың бiрiгуiне қатысты. Алайда, ол жалпы әлеуметтiк басқарудан өзiнiң объектiлерiмен (оқушылар, мектептер, мектептен тыс мекемелер, халыққа бiлiм беру бөлiмшелерi, т.б.), олардың заңдылықтарымен ерекшеленедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет