71. Педагогиканы оқытудың әр кезеңдеріндегі бақылаудың (алдын-ала, ағымдық, тақырыптық (аралық) және қорытынды) түрлерін өз сөзіңізбен жазыңыз


«Тəрбие теориясы» бөлімін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін тұжырымдаңыз



бет4/9
Дата11.12.2023
өлшемі42,33 Kb.
#137494
1   2   3   4   5   6   7   8   9
74. «Тəрбие теориясы» бөлімін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін тұжырымдаңыз.
Тәрбие теориясы қоғам талабымен және мүдделерімен өте тығыз байланысты. Педагогика ғылымында «тәрбие» терминіне әрқашан ерекше нақты мән беріліп келді. Тәрбиелеу теориясы – тарихи тұрғыда құрылып ХІХ ғасырда түбегейлі қалыптасқан педагогика ғылымының бөлімі. ХІХ ғасырдың басында неміс педагогы И.Ф.Гербарт (1776-1841жж.) тәрбиелеу теориясын оқыту теориясына пара-пар қылып педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде бөліп қойды. Уақыт өте тәрбиелеу теориясының шешуге тиісті мәселелерінің шеңбері анықтала басталды.
Тәрбие теориясының жалпы сұрақтары студенттердің меңгеруі үшін күрделі болатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан да студенттерге оқылатын сұрақтар тізімін бірізділікпен айқын ажыратып алған дұрыс. Аталған бөлімнің тақырыптары мемлекеттік саясатпен және қоғамдық демократиялық идеялармен байланысты болғандықтан, жаңа сұрақтармен толықтырылып отырады.
тәрбие тарихи-қоғамдық, педагогикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде; тәрбие мәні, қазіргі таңдағы тәрбиенің ерекшеліктері; тәрбие үдерісінің негізгі заңдылықтары мен принциптері; тәрбиенің құрылымдық компоненттері (Лекцияның мақсаты мен міндеттері, міндеттері, мазмұны, әдістері, тәсілдері, формалары, тәрбие нәтижесі); «балалықтың экологиясы» саласының ерекшелігі.
Тәрбиелеуші орта, «тәрбиелеуші кеңістік» және ортаны педагогтандыру туралы сұрақ маңызды орын алады. Студенттер бұл құбылыстардың тәрбиелеудің заманауи жағдайларында өзекті болып табылатынын білулері керек.
Осыдан келіп – тәрбиенің теориялық негіздері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру туындайды.

75. Жоғарғы оқу орында тәрбиені ұйымдастырудың топтық формасын өз сөзіңізбен жазыңыз.
Тақырып тәрбие жұмысының формалары ұғымының мәні, тәрбиелік іс-шара, тәрбиелік іс; тәрбие үдерісі формаларының көптүрлілігі; тәрбиені ұйымдастыру формаларының критерийлері деген сұрақтарды қарастырады. Бұл тақырып студенттердің қабылдауына еш қиындық туғызбайтынын айта кеткен жөн, сол себепті тәрбие жұмысының кез келген түрін жоспарлау және ұйымдастыру алгоритмі, сынып сағаты тәрбие үдерісінің негізгі формасы ретінде, тәрбие жұмысының картотекасы деген кейбір жекелеген сұрақтарды студенттердің өз бетімен қарауларына беріп кейін семинар сабағында бірлесіп талдауға болады.
Оқытушы ақпарат-дәрісті визуалдау элементтерімен қолдана алады. Семинар сабағын мұғалім-практикті шақыруымен тақырыптық семинар түрінде өткізуге болады.
СӨЖ ұйымдастыру үшін үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе мүмкіндіктерін пайдаланған жөн. Студенттерге мынандай топтық тапсырма беріледі: бір тәрбиелік іс-шараға қатысып, талдау жасап, талқылауға ұсыну керек, сонымен қатар студенттер тәрбие жұмыстарының бірнеше формаларын көрсете алулары керек, мысалы, ауызша журнал, «Не?» «Қайда?» «Қашан?» викторинасы, байқаулар, тақырыптық сынып сағаттары, «Көңілді старттар» атты спорттық жарыстары және т.б.
Дәріс барысында ұғым аппаратымен жұмыс жүргізу керек: тәрбиелеуші орта, тәрбие кеңістігі, әлеуметтік орта, әлеуметтік кеңістік; әлеуметтік бейімделу және персонизациялау, ортаны педагогтандыру.
СӨЖ тапсырмалары ретінде мыналарды ұсынуға болады:
1) Үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе кезінде бөлініп берілген оқушылар ұжымының жағдайы туралы хабарлама әзірлеу.
2) Ата-аналар жиналысының жоспарын дайындау.
3) Сабақ үлгерімі мен тәртібі нашар оқушының ата-анасымен жеке әңгіме жүргізудің жоспарын құру.
4) Бекітіліп берілген сынып оқушыларымен «Өз-өздеріңді игере аласыңдар ма?» деген тест өткізу, оның қорытындысын талдап, диаграмма жасау.
Семинар сабағында тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру әдістемесін практикум элементтерімен толық қарастыру керек.
Осы тақырыпты меңгерту барысында ақпарат-дәріс, визуалдау-дәрісін қолданған орынды.
СӨЖ мынандай тапсырмалардан тұрады:
1) Тәрбие жұмыстарының құрылымдық моделін құрастыру.
2) Сыныптың тәрбие жұмысының перспективті-күнтізбелік жоспарын құру (сыныпты студент өзі таңдап алады).
3) Ұжымдық шығармашылық қызметті қолдана отырып, бір тәрбиелік іс-шараны өткізу конспектісін әзірлеу.
Педагогикалық диагностика педагогикалық үдеріс кезеңдерінде белгілі бір бағдарлама бойынша жүйелі жүргізіледі және осы үдерістің қатысушылары, шарттары, мазмұны мен нәтижесі туралы нақты ақпарат алуды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет