78. Қан және оның маңызы. Қан жасаушы органдарды атаңыз



бет7/13
Дата15.12.2022
өлшемі403,78 Kb.
#57592
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
84) Жүректің құрылысы. Жүрек – қанайналым жүйесінің орталық мүшесі. Оның жиырылуы мен босаңсуының нәтижесінде қан қантамырлардың бойымен үздіксіз ағады. Ересек адамдарда жүрегінің салмағы 250–300 г. Жүрек – кеуде қуысында, екі өкпенің аралығында орналасқан іші қуыс бұлшықетті мүше. Жүрек көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады, адам еркінен тыс жиырылады. Жүректің жалпақ бөлігі – негізі, сүйірлеу бөлігі – ұшы деп аталады. Жүректің сыртын дәнекер ұлпадан тұратын жұқа үлпершек (жүрек қабы) – перикардқаптап тұрады. Жүрек пен үлпершектің арасындағы кеңістікте аздаған сұйықтық болады. Ол жүректің еркін жиырылуына жағдай жасап, үйкелісті азайтады. Жүрек 4 қуысты: 2 жүрекшеден (предсердие) және 2 қарыншадан (желудочек) тұрады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалар (ушко) болады. Жүректің сыртындағы көлденең сайша жүрекшелер мен қарыншаларды бөліп тұратын шекара болып саналады.
Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты – эпикард (грекше «epі» – сыртқы, «cor» – жүрек), өте жұқа, жүректі қоршап тұрады. Ортаңғы қалың бұлшықетті қабаты – миокард (грекше «mіos» – бұлшықет). Ішкі қабаты жұқа – эндокард(грекше «endo» – ішкі) жүректің ішкі қуыстары мен қақпақшаларын астарлап жатады.
Жүрек негізінен ұшына қарай созылып жатқан қалың бұлшықет қабаты арқылы 2 бөлікке бөлінген. Жүректің әрбір бөлігінде бір жүрекше, бір қарынша болады. Әр бөліктегі жүрекше мен қарынша өзара тесіктер арқылы байланысады. Сол тесіктерде жүрекшелерден қарыншаларға қарай ашылып-жабылып тұратын жақтаулы қақпақшалар (створчатые клапаны) болады. Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында үш жақтаулы, сол жағында қос жақтаулықақпақшалар орналасқан.
Жүрек қабырғасының дәнекер тінінің , эндотелийдің және жүрек бұлшықетінің құрамы бар . Жүрек бұлшықеті жүректің келісімін береді және жүрек соғусинхронизациясына мүмкіндік береді. Жүрек қабырғасы үш қабатқа бөлінеді: эпикард, миокард және эндокардия.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет