78. Қан және оның маңызы. Қан жасаушы органдарды атаңыз


Ұрықжолдастық қанайналым шеңбері



бет5/13
Дата15.12.2022
өлшемі403,78 Kb.
#57592
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Акерке анатомия

Ұрықжолдастық қанайналым шеңбері
Ұрықжолдастық қанайналым шеңбері іштөлінің (іштегі нәрестенің жолдасы — ұрықжолдас пайда болғаннан бастап қызмет атқара бастайды. Бұл кезенде жүрек түтікшелері төрт бөлімді (камералы) жүрекке айналады. Ұрық организмінде артерия және вена қан тамырлары қалыптаса бастайды. Қан іштегі нәресте (іштөлі) организмінен жұп кіндік артериялары арқылы ұрықжолдасқа жеткізіліп, оның капиллярларында оттегі пен қоректік заттарға қанығып, артерия қанына айналады да, кіндік венасы арқылы ұрық денесіне (бауырға) әкелінеді. Бауырдан ағып шыққан артерия қаны артқы дене бөлігінен каудальды (адамда — төменгі) қуыс вена арқылы ағып келген вена қанымен араласып, аралас қанға айналады да, жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Оң жүрекшеден жүрекшеаралық пердедегі сопақша тесік (foramen ovale) арқылы сол жүрекшеге, одан әрі жүрекше-қарын- шалық тесікпен сол қарыншаға, содан соң қолқа арқылы ұрықтың денесіне тарайды. Ұрық организмі бас бөлімінен жиналған вена қаны краниальды (адамда — алдыңғы) қуыс венамен оң жүрекшеге құйылып, одан оң қарыншаға өтеді де, өкпе артерия бағаны арқылы өкпеге бағытталады. Ұрық организміндегі өкпелік қан- айналымның қызметке қосылмауына байланысты, қан ерекше артерия өзегі арқылы қолқадағы аралас қанға барып құйылады. Туғаннан кейін, нәрестенің (іштөлінің) бірінші рет тыныс алуына байланысты (өкпенің қызметі қалыптасады) плаценталық қанайналымның орнында үлкен және кіші қанайналым шеңберлері қалыптасады.






82) Қантамырлар ағзаны түгелдей торлап жатады. Қантамырлар: артериялар (салатамырлар), веналар (көктамырлар) және капиллярлар (қылтамырлар) деп 3 топқа бөлінеді
Артерия қантамырлары (грекше «arterіa» – қантамыр) – қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларға тарататын қантамырлар тобы. Жүректен шығатын екі ірі артерия қантамыры бар. Оң жақ қарыншадан басталатын – өкпеартериясының ішінде вена қаны болады. Сол жақ қарыншадан басталатын – қолқа (аорта) тамырының ішінде артерия қаны. Артериялардың қабырғасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы қабаты – дәнекер ұлпасынан, ортаңғы қабаты – бұлшықет ұлпасынан, ішкі қабаты– жалпақ эпителий жасушаларынан түзілген. Артерия қантамырларының қабырғасы қалың, серпінді. Олардың сыртқы қабаты мықтылық, серпінділік қасиет беріп, қантамырлардың кеңейіп, тарылуына әсер етеді. Ортаңғы қабатысерпінді талшықтар мен бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады. Бұлшықеттер жиырылып, босаңсу арқылы қантамырлар қуысының диаметрін реттейді. Ішкі қабаты қантамырлардың қабырғасына қосымша мықтылық қасиет береді. Артерия қантамырларымен ағатын қанның қысымы өте жоғары болады. Сондықтан қысымға төзіп, созылуына қабырғасының тығыз, мықты, серпінді болуының маңызы өте зор. Артерия қантамырлары бұлшықеттердің астында терең орналасады, сондықтан олар көрінбейді. Ең ірі артерия қантамыры – қолқа (аорта) деп аталады. Жүректен алыстаған сайын артерия қантамырлары тармақтанып, жіңішке капиллярларға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет