7–дәріс Тақырыбы: Жапсыру техникасы Мақсаты


Аппликация — балалардың жапсыру арқылы жасалатын іс-әрекетінің бір түрі. Аппликация



бет2/2
Дата27.02.2023
өлшемі404,46 Kb.
#70106
1   2
Байланысты:
7-дәріс

Аппликация — балалардың жапсыру арқылы жасалатын іс-әрекетінің бір түрі.
Аппликация — бейнелеу іс-әрекетінің балалар сүйетін біртүрі: балаларды қағаздың ашық түсі, фигуралардың сәттілікпен үйлесімді орналасуы қуантады, қию мен жапсырудың техникасы оларда үлкен қызығушылық тудырады.Балалар аппликациялық жұмыстарды орындайотырып, жаңа нәтижелерді игереді, басқа сабақтарда алған үғымдарынқалыптастырады. Бейнелеу іс-әрекетінің барлық түрлері, соньщ ішіне аппликация да кіреді, балаларда белгілі бір білімнің қалып- тасуына, іскерліктерінің дамуына, дағды мен жеке бастың тәрбиесінің қалыптасу-ына бағытталады.Аппликацияның өзіндік ерекшелігі балаларға заттардың түр-түсі туралы, олардың құрылысы, көлемі, жазықтық формасы мен композициясы туралыбілімді белсене меңгеруге мүмкіндік береді. Қиылған формалардыәрлі-берлі жылжытуға, бір форманы екіншісінің үстіне салып көріп салыстыруға аппликацияның мүмкіндігі мол. Бүл композиялық білім мен іскерлікті жедел игеруге көмеқтеседі, ол тек сюжетті және декорациялық аппликация жасау үшін ғана емес, сондай-ақ сурет салу үшін де маңызды.
2.
Аппликацияға қолданылатын құралдар: Түрлі - түсті қағаз, табиғи заттар түрлі түсті қатты қағаз, мата, салфетка, түрлі жіптер , желім , т.б.Аппликацияны үйретудің техникасымен түсті қағаздардың маталарын қиындыларына ұлттық композицияның сюжетін, көлемін анықтау, бастапқы эскізін басып салу, фигуралар салу, фонын анықтау, фигураларды қағаздан ою, фигураларды кішкентай бөлшектермен желімдеу, үлкен фигураларды және басқа да деталдарды фонға желімдеу.
Коллаж – техникасы бір қаттылау дененің бетіне әр түрлі бейнеде желімдеу.
Бастауыш сынып балаларының эстетикалық талғамдарын, жапсырма бейнелерінің мәнерлілігін құру іскерліктеріне тәрбиелейді. Сондай-ақ балаларды безендіру және ою-өрнек қызметіне дайындайды, қию тәсілдерін меңгеру барысында көру қимыл үйлестірулерін дамытады. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі қалыптасады. Баланың көркемдік талғамы, шығармашылық қабілеті артады. Жыл соңында жапсыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

  • үлгілермен, дайын киім үлгісімен жұмыс істеуді;

  • өзінің жұмысын композиция, перспектива ережелеріне сәйкес құруды;

  • жұмыс тәсілдерін таңдауды және дәлелдеуді;

  • қайшыны дұрыс қолдануды;

  • жұмыс материалдарын тиімді қолдануды;

  • екі бүктелген қағаздан симметриялық пішіндер қиюды;

  • ұлттық өнердің желісімен түрлі пішіндегі қағазда геометриялық

элементтерден (шеңберлер, шаршылар, сопақ­шарлар) өрнектер, көз алдына елестету арқылы бірнеше бөліктерден заттарды құрастыруды;

  • заттарды қазақ өрнектерімен әшекейлеуді;

  • ұлттық бұйымдарды ою-өрнек элементтермен бейнелеуді;

  • жырту тәсілімен жапсыруды орындауды;

  • Қазақстан табиғатын, адамдардың еңбектерін бейнелей отырып,

  • ұжымдық композицияларды орындауды;

  • еске түсіру бойынша, затқа қарап, пішініне, пропорциясына, көлеміне,

  • перспективасына назар аудара отырып заттарды бейнелеуді (қию, жапсыру және т.б.);

  • өзінің жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, жұмыс кезінде тәртіп сақтауды;

  • еңбек қауіпсіздігі және жеке гигиена ережелерін сақтауды білуі тиіс.

Мұғалім сабақ бастаудан бұрын қауіпсіздік ережелерін балалардың есіне түсіреді:
1.Қайшыны лақтырма, сермеме. Қайшының ашасын ашық тастама.
2. Қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой.
3. Қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап алушыға сабын бер.
4. Желіммен жұмыс кезінде партаның бетіне төсеніш төсе.
5. Желімді аузыңа, көзіңе тигізбе.
6. Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу.

Жапсыру кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдер:


геометриялық пішіндер қию;
композиция жасау;
жеке бөліктері бойынша қию;
қос бүктеу тәсілімен қию;
шеткі сызықтары бойынша қию;
бірнеше қабаттап бүктеу;
бірнеше қатпарлап бүктеу;
оригами (қағазды бүктеу арқылы бейне жасау)
силуэт (сұлбасы) бойынша қию;
коллаж (табиғи материалдар, тері мата, мақта, қажетті заттар қолданып мазмұнын құрастырумен сипатталады.
Аппликацияның бірнеше түрлері бар:

Заттық аппликация



Симметриялы аппликация





Сюжетті аппликация





Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу сабағы жасөспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады. Осыған орай, оқушыларға берілетін білім мазмұнды, жүйелік, тәрбиелік мәні зор процесс болуы шарт. Көркем еңбек сабағында аталған әдістерді сабақтың жоспарына сай жүйелі қолданамыз.


Бақылау сұрақтары




  1. Қағаздың пайда болуы, өңделуі, пайдаланылуы

  2. Қағаздың түрлері, қасиеті

  3. Қағазбен жұмыстың маңызы, жапсыру түрлері

  4. Жапсыру сабағында қолданылатын әдіс –тәсілдердің ерекшеліктері

Әдебиеттер


1. ҚР Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім.- А., 2003.
2. «Еңбекке баулу» бағдарламалары (1,2,3,4- сыныптар).- А., 2003.
3. «Еңбекке баулу» оқулықтары (1,2,3,4- сыныптар).- А., 2001-2004.
4. Әміргазин Қ.Ж. Қазақ қолөнері.- А., 2004.
5. Өмірбекова М. Энциклопедия. Қазақтың ою өрнектері. - А.,2005.
6. Смирнов С.А. Технология как средство обучения второго поколения.-М.,2005.
7. Сатканов О.С. Еңбекке баулу әдістемесі (1-4 сыныптар). А., 1995.
8. Төленбаев С., Өмірбекова М. Қазақтың ою- өрнектерінің жасалу жолдары. - А.,1993.
9. Марғулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство.Том 1,2,3 - А.,1994.
10.Выгонов В.В. Практикум по трудовому обучению. - М.,1999.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет