оқушының оқуда қаншалықты «ілгерілегенін» айқындай алады, өзінің оқыту әдіс-тәсілдеріне өзгеріс енгізу қажеттілігін талдайды;
бағалау тәсілдерінің қайсысының оқудың жақсы жүзеге асып жатқанын анықтауға мүмкіндік беретінін шешеді;
қолданылған бағалау әдістерінің тиімділігін зерттейді және салыстырады;
оқушылардың оқуы жайында барынша мол ақпарат алады.
Бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру. Бағалау процесін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге оның формасын, мазмұнын, жиілігін, сондай-ақ құралдарын өз бетінше анықтау мүмкіндігі беріледі.
Мұғалім оқу процесіне және бағалауға оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу мақсаттарын енгізуі қажет. Сол үшін мұғалімге көмек ретінде оқу мақсаттары бойынша бағалау критерийлері, дескрипторлары бар тапсырмалар үлгілері берілген бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындау қажет.
Бағалау тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге келесі қадамдарды ұсынуға болады:
Алдымен: пәннің оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;
Екінші: оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;
Үшінші: тапсырма құрастыру кезінде саралауды қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендіру;
Осыдан кейін бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
Соңында әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру.
Мұғалім тапсырманы оқу мәнмәтінін, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып таңдайды немесе құрастырады .
Келесі кезекте Бағалау тапсырмасын әзірлеу кезеңдерін толығырақ қарастырайық.
Тапсырма әзірлеудің 1-кезеңі оқу бағдарламасын, пәннің ұзақ мерзімді жоспарын талдаудан басталады. Тақырыптар аясындағы оқу мақсаттарына талдау жасап, бағаланатын оқу мақсаты/мақсаттары таңдалады.