ҚР МЖМБС. БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР (КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР Б.БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН) ЭССЕ.
ҚР МЖМБС. білім беру аясында білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптарды толық түсіну үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына қосымшасынан үзінді келтіре кетуді жөн көрдік:
білім алушының дайындық деңгейі - тұлғалық, жүйелік-әрекеттік және пәндік нәтижелерінен көрінетін білім алушылардың орта білім мазмұнын меңгеру деңгейі.
2-тарау, 1-параграф, 12- тармаққа сәйкес :
Негізгі орта білім берудің мазмұны оқу, жобалау және зерттеу іс-әрекеттерінің мақсатты ұйымдастырылған тәрбие жұмысымен үйлесімі арқылы іске асырылатын академиялық дайындықты, білім алушылардың дербестігін дамытуды және рухани-адамгершілік тәрбиені кіріктіру негізінде айқындалуы тиіс.
1-параграф. Негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар,71-тармақта "Математика және информатика" білім беру саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер тармағында дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар анықтап жазылған.
ҚР МЖМБС білім беру аясында 2-тарау, 1-параграф, 12- тармаққа сәйкес, күтілетін нәтижелер Б.Блум таксономиясына негізделген.
Б.Блум таксономиясына сәйкес барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген. Мақсаттардың салыстырмалы кестесі бойынша: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейлерін қамтиды.
Дайындық деңгейінде оқушының мақсаттарға жету деңгейі арқылы білімін бағаланады.
Мақсаттар:
Білім - еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу;
Түсіну- қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу, айқындау;
Жинақтау- тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау;
Бағалау- жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау.
Осы мақсаттардың орындалу деңгейі бағалауға негіз болады. Мақсаттар орындалған кезде оқушының бойында тек қана жаттанды білім емес, салыстыру, зерттеу, таңдау жасау, зерделеу, тәжірибеден өткізу т.б. шексіз қабілеттер қалыптасады. Б.Блум таксономиясының басты мақсаты да осы.