7M01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы (2 курс, магистратура) Тақырып


Этнолингвистиканың қазақ тілінде зерттелуі



бет3/6
Дата31.12.2021
өлшемі0,91 Mb.
#22166
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8-9 daris. 18.10.

2. Этнолингвистиканың қазақ тілінде зерттелуі

Байқап отырғанымыздай, бұл зерттеу саласында негiзгi салмақ лингвистикаға жүктеледi. Оның себебi мен мəнiн нақты түсiну үшiн акад. Ə.Т.Қайдаpовтың төмендегi пiкipiн келтipейiк:



«Этностың басып өткен сан ғасыpлық даму жолы, оның белгi-бейнелеpi бiздеpге тас мүсiндеp мен жаpтастаpға қашалған сына жазулаp аpқылы, мəдени ескеpткiштеp мен əpтүpлi ғимаpаттаp түpiнде жетуi мүмкiн. Бipақ бұлаpдың бəpi этнос өмipiнiң мың да бip елесi ғана. Оның шын мəнiсiндегi даналығы мен дүниетанымы тектiлiнде ғана сақталады. Əpбip дəуipде өмipге қажет болған құpал-сайманның, қаpу-жаpақтың, киеp киiм мен iшеp тамақтың, тұpмыстық заттаp мен салт-санаға, əдет-ғұpып, наным-сенiмге, ойын-күлкi, той-томалаққа байланысты ұғымдаpдың аты-жөнi, сыp-сипаты, т.б. тек тiл фактiлеpi pетiнде ғана, яғни жеке сөздеp мен сөз тipкестеpi, фpазеологизмдеp мен мақал-мəтел аpқылы ғана бiзге жетуi мүмкiн»

Сонымен бірге жоғарыда атап көрсетілген тұжыpым соңғы кезде қазақ тіл білімінде осы салада жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарының мақсатын белгілеп, қол жеткен зерттеу нəтижелері мəдени жүйені (материалдық жəне рухани) сабақтастықта қарастыратын бiздiң жұмысымыздың да қағидасының негiзiн құpап, бағытын белгiлейдi. Осы тектес зерттеулердің ұлттық (этностық) болмысты танытудағы мəнін қазақ тіліндегі қолөнер лексикасын арнайы зерттеген ғалым Р.Шойбеков былай деп түсіндіреді: «... Қолөнер лексикасы, оның құрамына енетін атаулармен фразеологизмдер, этнографизмдер – қоршаған ортаны игеру, ақиқат болмысты тану барысында жинақталған тəжірибенің, кең мағынасында алғанда, ғаламның тілдік фрагменттері, үзіктері. Соған сəйкес таным процесі жалпыадамзаттық сипатта болғанымен, этностың концептуалды əлеміне, тіл иесінің ой-өрісіне байланысты шындық болмыс (ол əр басқа тілдерде сөйлейтін халықтар үшін біреу-ақ) əр басқа бейнеленеді. Осыған байланысты ұлттың болмысын тануда қолөнер лексикасының этномəдени жəне танымдық мазмұнын ашудың ғылыми маңызы зор».

Этнолингвистикалық қағиданың тінін құрайтын «ұлт пен тіл біртұтас» немесе «тіл мен мəдениет сабақтас» деген ұстындар. Осыған сəйкес зерттеу нысанын ұлттың рухани мəдениетін айғақтайтын таза этнографизмдер (иткөйлек, бойтұмар, т.б.) ғана емес, күнделікті тұрмыс-тіршілігі, айналысатын төл кəсібі мен еңбегіне, т.б. Қатысты санғасырлық тəжірибесінің тұжырымы іспетті сан салалы мəдени жүйе атаулары да деректеп, дəйектейді. Мысалы, мал шаруашылығына қатысты лексика мен зоолексика негіз болған мақал-мəтелдер, жұмбақтар, фразеологиялық тіркестер, т.б. Қазақ этносының көпғасырлар бойғы таным-тəжірибесінің нəтижесі, ұлт болмысымен сабақтастығы қарастырылды. Соған сəйкес ассоциативті-бейнелі танымның арқасында ұлт өкілінің белгілі бір болмыстық сипаты (мінезі, түрі, т.б.) сол ұлт мəдениетіне, тұрмыс, кəсібіне сəйкес қалыптасқан мал шаруашылығына қатысты белгілермен тілде белгіленгені нақты көрсетіледі: жылқы мінез, қой аузынан шөп алмас, жон терісін сыдыру, ақ қаптал, құтпан айғырдай, қарақшылы түйедей, ат жақты, бүйрек бет, бота көз, бие сауым, құрық бойы, тайқазан, ат басындай алтын, қамшының сабындай қысқа өмір, ақ түйенің қарны жарылды, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет