7M01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы (2 курс, магистратура) Тақырып


Қазақ тіліндегі мәдени лексиканың этномəдени құрылымының негізгі қырлары



бет4/6
Дата31.12.2021
өлшемі0,91 Mb.
#22166
1   2   3   4   5   6
2. Қазақ тіліндегі мәдени лексиканың этномəдени құрылымының негізгі қырлары

Тілдің тарихи-лексикалық жүйесіндегі ұлттың мəдениеті, тұрмысының айнасы іспетті қабаттарының бірі ретінде тағам жəне тамақатаулары қарастырылады. Заттық мəдениеттің басқа салаларына қарағанда ұлттың ерекшелігі ұзағырақ сақталатын осы жүйені арнайы зерттеген А.Жылқыбаеваның еңбегінде тамақ атаулары ұлттың салт-дəстүрімен, əдет-ғұрпымен контексте қарастырылып, этнолингвистикалық астары анықталады. Мысалы, дайындау, сақтау технологиясына сəйкес сүр ет, қақтаған ет, ыстаған ет, іркіт, құрт, бауырсақ,т.б., ал қонақасыға берілетін: қазы, қарта, жал-жая, қуырдақ,т.б.; қонаққа ұсынылатын мүшелер: бас, жамбас, омыртқа, т.б. Көлемі мен түріне қарай: биқазы, дөңбек қазы, шере қазы; сықпа құрт, ақ ірімшік,т.б. Қымыздың өзі дайындалу əдісі, құрамы, ашыту уақыты, дəмі, т.б. сапалық қасиеттеріне қарай: саумал, сары қымыз, бесті қымыз,т.б. деп жіктеледі.

Піскен еттің ішіндегі мүшелерді үлестірудегі салт-дəстүрлердің сақталуы: басты кімге беру керек немесе төсті, желкені, т.б. Немесе ас қайыру, жарыс қазан, құйрық-бауыр асату, наурыз көже, жеті күлше нан,т.б. – бəрінің өзіндік мəні бар рухани мəдениетпен астасқан көріністер.

Қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми негізі қаланған ономастиканың бір саласы – антропонимика. Дегенмен, ұлттық ұжымда қалыптасқан əртүрлі тілдік жағдаятқа қатысты коммуникативтік қызметтің ерекше сипаты ретіндегі антропонимдік аталымдар этнолингвистік тұрғыдан жеке қарастыруды қажет етеді. Олар «тек тілдік фактор ретінде ғана емес, сонымен қатар этнолингвистика тұрғысынан қаралып, ұлттың менталитетіне, салт-дəстүрге, экспрессияға байланысты» сипатталады. Мысалы, құрметтеуге байланысты: Мəке, Телаға, Ғалеке, т.с.с.; еркелетуге байланысты: Сəулеш, Күлəтай, Төлеш, Мұқаш, Баянжан,т.б.

«Тамыры тіл даму тарихының тереңінде жатқан, кейбірі көпшілік жадынан шыға бастаған, түркі тілдеріне ортақ боп келген, төрт түліктің жасына қатысты атауларды, солар негіз, ұйытқы болып қалыптасқан фразеологиялық тіркестерді «тіл мен ұлт біртұтас» қағидасына сəйкес этнолингвистикалық сипатта қайта жаңарта қараудың да мəні ерекше». Атап айтқанда, төрт түліктің жас мөлшеріне қатысты атаулардың қалыптасуына себеп болған уəждерді этнолингвистикалық тұрғыдан сипаттау – ол жүйенің ұлттық болмысқа қатыстылығын көрсетеді. Мысалы, жылқы төлінің жас мөлшеріне қарай жіктелуі: құлыншақ, құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, байтал, айғыр, бесті бие, азбан айғыр, ат, қысырақ, сақа бие, қасабалы бие,т.б. Түйенің төлі жасына қарай былайша ажыратылады: бота, көшек, тайлақ, торым,

кенже нар тайлақ, нартайлақ, жайлақша, құнанша, дөненше, тығыршын, буыршын, бүлдіршін, бура, атанша, атан,т.б. Сиыр төлінің жас мөлшеріне қарай атаулары: бұзау, торпақ, баспақ, тана, тайынша, құнажын, дөнежін, сиыр, ту сиыр, тұмса сиыр, азбан бұқа,т.б. Қой малының жас мөлшері былайша сипатталады: қошақан, сырбаз, марқа, бағлан, тоқты, тұсақ, ісек,т.б. Ешкіге қатысты жас мөлшер былайша сипатталады: лақ, шыбыш, туша, теке, серке, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет