8 – дәріс. Ежелгі грек лирикасы



бет2/6
Дата29.10.2023
өлшемі29,81 Kb.
#121061
1   2   3   4   5   6
элегия ямб мелика
↓ ↓
монодикалық хорлік
Декламациялық лирика музыкамен көмкеріле отырып және речтативтік түрде болған және өз ішінен элегиялық пен и ямблыққа бөлінген. – Аталмыш терминдер грек әдебиетінде арнайы мағнаға ие болған.
«Элегия» термиі гректерде көп жағдайда метрикалық мағынаны білдіреді. Ол гекзаметрлермен пентаметрлердің қосылуынан туындағын (пентаметр – гекзаметр с усечением последней краткости в обеих половинах стиха) Осыған орай элегиялық өлшемдер көлемі жағынан эпоске жақын.
Элегия сөзі мағынасы жағынан «элегос» сөзіне жақын, мағынасы әрқилы түсіндіріледі. Біреулер бұл сөз трасниктен жасалған флейтаның атауы десе, енді біреулері азиядан келен сөз: олардағы мағынасы «өлгенді жоқтап жылау» деген мағына береді дейді. Ежелгі уақытта махаббат, қаза жанрларына арналған әндер мен жанрлар болған болған жоқ. Оның есесіне әскери маршке арналған әндер-элегиялар болды.
Элегия мағынасына қарай әскерлік, азаматтық, философиялық, дидактикалық болып бөлінеді. Осылардың соңғы сатысында махаббат элегиясы – ол болған жайды толық баяндап тұрады. Элегия формасы жағынан эпоске өте жақын, сондай-ақ элегияда мифологиялық сюжеттер қаралады.Уақыт қте келе элегия сатиралық мінезге ие болады, онда ұстаз бен шәкіртің диологынан көрініс табады. Алғашқы элегия Рим қаласынан шыққан.
Азаматтық элегия. Біз онымен Ежелгі Грецияда б.з.д. VII әсери-патриоттық әнде кездестіреміз. Ең ежелгі элегияға Эфестен шыққан Калиннің элегияларын жатқызуға болады. Ол өзінің элегияларында Магнезии тұрғандарын бас салған киммериліктерге қарсы шығуға үндейді.
Тиртей – әскери элегия авторы. Ол спартандық және ақсақ болған. Ол соғыс кезінде патриоттық элегиялар орындаған. Элегияда: алғаш тақырып, содан соң даму мен сонан соң Отанды қорғауға қызу шақыру тұрады.
Элегиялардың басты тақырыбында ескі гомерлік нормалар сақталған олар үшін қорқу ойға келмейтін түсініксіз сөз. Оның орнына соғыста қаза табу. Ең биік моральдік бақыт Отаны үшін жан беру. Қорқақты барлық әулет үшін кетпейтін кір болып есептелген. Идеялық бағыты – азаматтық ержүректілік, патриотизм, отан үшін отқа түсу еді. Сондай-ақ ерлік, даңқ басты кейпкер үшін аздық етеді. Тиртей идеалы – белсенді азамат. Батыр – ол отаны үшін өз жанын алғы шептен құрбандыққа қиятын адам. Тиртей үшін мемлекеттің жасампаздығы азаматтар үшінде ауадай қажет дүние. Кең құлашты халықтық ерлік – қозғаушы күш. Әскери элегиялар бәйгесі өтіп тұрған және жеңімпазға бір кесек ет сыйға тартылған.
Афиндік ақын Солон Афинский (б.эд. 638 – 558 жж.). Ол жеті дангөйлер қатарына жатқызылды.сЕжелгі Кодр патшалар жанұясынан шыққан. Ол афиналық демократияның негізін салушы. Көп қиындық көрген. Афина халқы кейдейлене береді, байлық небары санаулы адамның қолында болды. Адамдар жерлерін беріп, өздері құл орны табылғанға міз болды. Солон алаңға жасырын жетіп, храмның үстіне шығып Саламинге арнаған элегиясын оқи бастайды. Оракул оған елді билеуге бұйрық береді. Ол алдымен тас, кітап борыштарын алып тастайды, осыдан кейін азаматтар бостандық алды. Солон өз көзқарастарымен дүние танымын элегияларында білдірді. Оның элегиялары саяси, патриоттық, азаматтық және дидиктикалық болып келеді. Солон жалпының сөзіне құлақ тосады. Мынау афаризм: «Ештеңе шамадан тыс қажет емес» Солондыкі деп айтылып жүр. Солон өз еркімен биліктен кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет