8 – дәріс. Ежелгі грек лирикасы



бет3/6
Дата29.10.2023
өлшемі29,81 Kb.
#121061
1   2   3   4   5   6
Феогнид Мигард қаласының тұрғыны болды. Оның артынан 1400 өлең қалды делінген пікірлер бар. Оның элегиялары елдегі әлеуметтік процесстердің көріністерінен туындаған. Ол аристократ, қаладан қуылған. Ол адамзатты демос пен танымалдарға бөлген. Танымалдар – олар жақсы, демостер – олар нашар. Ол өмірге ашулы. Жинақтарының үні пессимистік. Ол жабырқау, оның ойынша елді жамандар билейді, адамдар тұқымы ұсақталып бара жатыр. Үйреншікті қоғамның қабаты жоғалып бара жатыр. Оның саяси элегиясында мемлекеттің бейнесі теңіз дауылына ұшыраған кемеге ұқсатылады. Кеме экипажы даңқты капитанды қуғындайды. Содан кейін өздері дағдарысқа ұшырап, кеме суға кетеді. Алғаш рет «Ескерткіш» атты өлең өмірге келеді. (Соңынан Горация, Державин, Пушкиндер өздеріне үлгіеткен).
Махаббат элегиясы – ол өте жеке басқа ғана тән лириканың түрі, оның алғашқы өкілдернің бірі б.э.д. VII ғасырда өмір сүрген Мимнерм еді. Оның элегияларының басты тақрыбы махаббат. Дегенмен оның шығармашылғында эпостан лирикаға ауысуын байқауымызға мүмкіндік
Дидактикалық лирика. Дидактикалық лирикаға алдымен эпиграммалар кіреді, оның мағынасы қазіргі жаңа әдебиет қарастырып жүргендей емес, тура мағынасында «жазба» (тасқа, бейт тастарына жазылған жазу) («надпись») деген түсінікте қарастырылған. Эпиграммалар арнау түрінде соның ішіде құдайларға арнау, бет тастар мен жеке адамға адрестелген афористік мінезде туындаған өткір тілді бір немесе бірнеше элегиялық іс-әрекетті ойдан тұрған.
Эпиграмманың басты өкілдері Архилох мен Симонид Кеосский болған.
Барлық лирикалық шығармаларға қарағанда элегия метрикалық, мазмұндылығынан қарасақ өзін эпосқа жақындығын байқаймыз. Ол ежелгі шабулшыл-патриоттығынан арыла азаматтық лирика ұласа, құштарлығы тарқамаған қоғамдық – саяси тақырыптан ауыса отырып даму қарқынын мораль үйретуші сабырлы үнге ауыстара отырып, нәзік эстетикалық қалыпқа түседі және эллинистикалық эпиграммаларға ауысады. Элегия тақырыптары бара-бар философтармен, шешендерді, тарихшыларды, мысалшыларды қызықтырады. Александрия дәуірінен бізге жеткен бірақ эротикалық элегия еді.
Ямб атауы қайдан келгені беймілім десекте «тастау»( «бросать») деген етістіктен шықты деген әңгіме сөз бар. Көпке дейін ол жайлы қызмет көсетуші әйел жайлы мифтер сөйлеген еді. Мәселен, ямбылық поэзию Деметра культімен және фольклорлық тамырымен байланысты. Келейдің және гомер гимндерінің мазмұнына үңілсек элвилік патшаның қызметші әйелі Ямба қайғылы Деметраны ұсқынсыз әңгімелерімен күлдірген екен. Ямбы сөзі белгілі мерекелер процессиясында қолданылған, Афинадағы Эдевисин мерекесіндегі салттың талабына сай күлкілі және сайқы-мазақтық бұл өлеңдерде басым болған. Басқаш версияларда ямб сөзінің мағынасы фольклорлық өлеңдердегі жердің құнарлылығымен тығыз байланысты.
Со словом «ямб» у греков, вообще говоря, соединялось представление о шуточном характере произведения, в то время как в новой литературе ямб является понятием исключительно метрическим.
Ямб – қысқа буынмен ұзын буынның өз ара қосындысы. Метрикалық поэзияда ямбалық поэзия гекзаметраге мен элегия қарағанда ұзынрақ.
Ямб хуликалық өлеңдерде негізінде және біреуді келемеждеу мақсатында айтылатын өлең негізнде сақталған.
Архилох –көне грек әдебиетінің танымал ақыны. Халыққа танымал еткен оның ямбтары мен элегиялары. Ол - Парос аралының тұрғыны, Телесикл атты аристократтың күңнен туған баласы. Өскеннен кейін атасы жарлығымен жалданбалы жауын­гер болып Фасос аралына, кейін Фракияға, Эвбей аралына Грекияға да барады.
Ол жауынгер ақын ретінде ретінде өзін соғыс құдайы Арес пен өнер падишалары - музаларға қызмет етемін деп есептейді.
Ұлы ақынның 100 шақты керемет ямбтары, трохей және элегиялық өлеңдері ғана жеткен. Оның өлеңдерінің тақырыптары әр түрлі болды. Ол мысал өлеңдер де жазған. Осы мысал өлеңдерінің ішінде кең таралған Гераклге арналған әнұраны Олимпиадалық ойын­дарда айтылды.
Грек халқы оның шығармашылығын атақты Гомермен қатар қойды. Архилох жаңа жанр­дың негізін қалаушы саналған. Архилох шығармашылығы - ащы мысқылға, өткір сынға толы туынды­лар.


Мелика: монодилық және хорлық болып бөлінеді.
Меликалық лирика өлеңдерден тұрады және хормен бір орындаушыдан тұрады.
Лирикалық поэзия (мелика) мелодия-ырғақтан-сөзден тұрады және кешенді түрде құрылған. Олар өз ішінен монодикалық және хорлық ьолып екіге бөлінеді. Меликалық поэзия континентте емес, аралдық жерде кең тараған. Орталығы Метилен қаласы. Б.э.д. VI – VIIғғ. Бұл жерде таптық соғыс бұрқ ете түсті және осы жердің негізгі иелері аристократтары өздерін Агамемнонан бастау аламыз деген екен.
Меликалық поэзияның шығарушылары және негізгі өкілдері Сапфо, Анакреонта, Алкеялар болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет