8 – дәріс. Ежелгі грек лирикасы



бет1/6
Дата29.10.2023
өлшемі29,81 Kb.
#121061
  1   2   3   4   5   6

8 – дәріс. Ежелгі грек лирикасы

  • Б.з.д. 7-8 ғасырлардағы әлеуметтік процестермен архаикалық лириканың пайда болуы.

  • Ежелгі грек лирикасының жанрлық классификациясы.

  • Элегиялық және ямбылық поэзия.

  • Монодиялық поэзия (Алкей и Сапфо).

  • Хорлық мелика.

Әдебиет пен поэзияның дамуы бірізділік жүйе қалпында дамыды. Әрбір жанрдың даму процесі әлеуметтік және қоғамдық қажеті бойынша туындады. Алғашында, архаикада – эпос, содан соң дидактика, содан кейін – лирика дамыды.
Әсіресе, кең құлашта аралдық Греция өмір сүрді. Б.Э.Д 7-8 ғ.ғ.әлеуметтік революциялар болды. Полистердің пайда болуы патриархалды жүйені талқандады. Адам өзіне басқаша көзбен қарай бастады. Сондай-ақ теңіз экспансиясыда өз әсерін байқата бастады. Және билік басына тирандар келе бастады. Олар өз идиологиялары мен биліктерін бекіту мақсатында өнер мен сауда-саттықты көтере бастады.
Кеме жасау кәсіпорындары жазба заңдары үшін күресті. Қаумдастықтарда ауызша заңдар болды және бұл жерлерде жеке таныстықтар өз ролін орындады. Алғашқы заңнамалықты спартандық Ликург енгізді. Одан кейін тирандарда кіргізе бастады. Тиран Драконттің жазба заңнамасында барлық қылмыстың жазасы – өлім делінген.
Эпос өткен уақыттың белгісіндей болып қалды, ол жаңа өмір мен сезімдерді көрсете алмады. Сондықтанда лирика пайда бола бастады және ол адамның ішкі сезімін көрсете алатын еді. Бұл эпоске қарама қайшы еді.
Эпостан туындаған жанр ретінде лирика эпостан мына дүниелерді қабылдады:
– көркем форма;
–эпос тақырыптары (алғаш рет мифологиялық сюжеттерді қорыту, және жаңадан мифологиялық бейнелердің трактовкаларын жасау).
Егер лирика эпостан шықты десек: онда ол эпосқа тән объективті суреттеуден тұрады, ал лирика алғашында-ақ жанр ретінде субъективтік тұрғыда туындаған болатын. Лириканың бойында адам бейнесі бар ма, жоқ па ол соншамалықты мәнге ие емес.
Лосев: «Лирикалық поэзия жеке тұлғаның рухани бай әлеміне негізделген. Лирикада қауымдық қоғамның гармониялық әлемі өледі, және де жаңадан дифференццалды әлем туды».
Лирика – естуге арналған поэзия, ол сондықтанда қағазға түсірілмеген. Өлең жолдары болмауы мүмкін, бірақ милодия әрқашан болған. Лирикада мәтін мен мелодия бірдей мәнде болған. Оқу үшін жасалған мәтіндер Александрдің дәуірінде б.з.д. 3-1 ғасырларында пайда болды және лириканы мелодия мен мәтінге айыру Рим заманында туындады. Мелодия тек философиялық және психологиялық теориямен анықталды. Аристотель мен Платонның пайымдауынша «лирика адам психиксын тыныштандырады». «Адам жанын қатаң тәртіптегі дорилік мән (лад), кәріліктің белгісін фрикилік мән (лад), қазалық мәнді (лад) – лидилік мәндер (лад) танытқан». Пифагордың айтуынша лириканың магикалық емдеу қасиеті болғанға және бүкіл әлем музыкадан жаратылғанға ұқсайды.
«Лирика» термині б.з.д үшінші ғасырнда кеш пайда болған. Бұның өзі лира мен кифара кейде флейта, авлос аспатарында да орындалған. Бұл әрқашан әндік поэзия болған. Б.э.д үшінші ғасырда гректер поэзияны – мелика («мелос» сөзінен – мелодия) деп атаған. Мелодия классификациялы поэзияның негізіне салынады. Барлық поэзияны мелос (сольный (монодийлік) и хорлік) пен декламациялық лирикаға бөледі. Ол элегия мен ямбке де бөлінеді.


Грек лирикасының жанрлары
↓ ↓ ↓


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет