№ 34 (1338). 23 тамыз 2014 жыл
БІЛІМ
Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның
және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы
салыстырғанда (14,8) 1,5 баллға көтеріліп
отыр. Аудандық деңгейден төмен көрсеткен
А.Тихоненко атындағы ОМ – 14,5 балл.
Математикадан орташа балл жиынтығы – 11,7
балл. 2013 жылмен салыстырғанда 1,4 баллға
көтерілсе, білім сапасы 46,1%, 2013 жылмен
салыстырғанда 13,7% артқан. ең төмен нәтиже
көрсеткен Шыңғырлау ОМ (орыс сыныбы)
– 9,5 балл, (қазақ сыныбы) – 10,3 балл, Алмаз
ОМ – 9 балл, Белогор ОМ – 9 балл, Қуағаш
ОМ – 7,3 балл. Аталған пәннен 1 оқушы «2»
алса (Л.Қылышев атындағы ОМ – С.Казымова)
өткен жылы 5 оқушы «2» деген баға алды.
Үлгерімі – 98,9%.
Қазақстан тарихы пәнінен аудандық көрсеткіш
– 16,6 балл. 2013 жылмен салыстырғанда 1,9
баллға өскен. Білім сапасы – 76,5%. Аудандық
деңгейден төмен көрсеткіш көрсетіп отырған
Шыңғырлау ОМ (орыс сыныбы) – 14,3 балл,
Қуағаш ОМ – 15,8 балл, Алмаз ОМ – 15,2 балл,
Тасмола ОМ – 15,2.
Таңдау пәндері
Физика пәнінен аудан бойынша барлығы
22 оқушы сынақ тапсырды. Орташа балл
–10,3. 2013 жылмен салыстырғанда 1,1 баллға
төмендеген. Аудандық көрсеткіштен төмен
деңгей көрсеткен Алмаз ОМ – 7 балл, Қуағаш
ОМ – 7 балл, Ащысай ОМ – 8 балл.
Химия пәнінен аудан бойынша барлығы 7
оқушы сынақ тапсырып, орташа балл – 17,5
көрсетті. 2013 жылмен салыстырсақ (15,4) 2,1
баллға көтерілген. Төмен көрсеткіш көрсеткен
Л.Қылышев атындағы ОМ - 16,5 балл,
Шыңғырлау ОМ – 16 балл, Тасмола ОМ – 16
балл.
География пәнінен аудан бойынша барлығы 8
оқушы тапсырып, орташа балл – 19,2 құрады.
Өткен жылмен салыстырғанда 4 ұпайға
көтерілген.Төмен көрсеткішті Л.Қылышев
атындағы ОМ – 18,5 балл, Шыңғырлау ОМ
– 16,5 балл көрсетті.
Биология пәнінен аудан бойынша барлығы
47 оқушы сынақ тапсырып, орташа балл – 17,8
көрсетті. 2013 жылмен салыстырсақ 2,7 баллға
өскен. Ауданнан төмен А.Тихоненко атындағы
ОМ – 16,5 балл, Шыңғырлау ОМ – 16,3 балл,
Алмаз ОМ – 15,6 балл, Тасмола ОМ – 16,5
балл.
Дүние жүзі тарихынан аудан бойынша 4 оқушы
сынақ тапсырып, орташа балл – 16,6 құрады.
2013 жылмен салыстырсақ 5 баллға көтерілген.
Ауданнан төмен көрсеткішті Ащысай ОМ – 13
балл көрсетіп отыр.
Әдебиет пәнінен аудан бойынша 7 оқушы
тапсырып, орташа балл – 19 көрсетіп отыр. 2013
жылмен салыстырғанда 1,6 баллға көтеріліп
отыр. Білім сапасы – 100%. Төмен көрсеткіш
Белогор ОМ– 17 балл, Шыңғырлау ОМ – 18,7
балл.
Ағылшын тілінен аудан бойынша 3 оқушы
тапсырып, орташа балл – 22,2 көрсетіп отыр.
2013 жылмен салыстырғанда 6,2 баллға өсіп
отыр. Білім сапасы – 100%.
ҰБТ
қорытындылары
көрсеткендей,
аудан мектептері түлектерінің бірқатар
жетістіктеріне қарамастан, көңіл аударатын
маңызды кемшіліктер бар. Әлі де болса
Алмаз ОМ (директоры Мусин Қ.Б.) екі жыл
бойы аудан мектептері деңгейінен төмен
көрсеткіш көрсетуде. Аудан мектептері
жоғары білім сапасына қол жеткізу мақсатында
жоспарлы түрде нақты жұмыстар жүргізіп,
жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді
пайдалануды басшылыққа алуы қажет.
Дарынды балалармен жұмыс
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңында мемлекеттік саясат негізінде ең
алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай
интеллектуалдық дамуы жеке адамның
дарындылығын таныту» сияқты өзекті
мәселелер
енгізіліп
отырғаны
белгілі.
Дарынды балаларды қолдау мақсатында
аудандық
іс-шаралар
ұйымдастырылып
келеді.
Оқушылардың
оқутанымдық
қызметтерін ынталандыру, пәндік білімдерін
және
оқушылардың
ғылыми
қызметке
қызығушылығын
дамытуды
насихаттау,
олимпиадалар мен әр түрлі деңгейдегі ғылыми
жарыстарға қатысуға даярлау мақсатында
аудандық байқаулар өткізіліп, оқушылар
облыстық кезендерде жүлделі орындарды
иеленуде.
Жүйелі жүргізіліп келе жатқан жұмыс
нәтижесі деп аудан оқушыларының облыстық
байқаулардағы
жетістіктеріне
тоқталсақ:
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» лингвистика-
лық турнирінің облыстық кезеңіне ауданның
құрама командасы қатысып, Л.Қылышев
атындағы ЖОББМ 11-сынып оқушысы Айғаным
Рамазанова І, ІІІ орын иеленіп қайтты.(Өткен
оқу жылында да аталмыш байқауда осы
оқушы ІІ орын иеленді). Семей қаласында
өткен республикалық Абай оқуларына
облыстық кезең жеңімпазы Л.Қылышев
атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы И. Са-
ғындық қатысып қайтты. Облыстық тілдер
басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген
«Жұбан оқуларына» Шыңғырлау ЖОББМ 8-
сынып оқушысы И.Масабаева қатысып, жүлделі
ІІІ орынды иеленді.
Республикалық оқушылар пән олим-
пиадасының аудандық кезеңінің жеңімпазы
Л.Қылышев атындағы ЖОББМ 10-сынып
оқушысы З.Сабитов орыс сыныптарындағы
қазақ тілінен облыстық кезеңде де өз білімін
дәлелдеп, ІІ орын иеленіп, Шымкент қаласында
өткен пән олимпиадасының республикалық
кезеңіне қатысты.
Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында
жылдан жылға ұйымдастырылып келе жатқан
«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының
аудандық кезең жеңімпаздары құрамасы
облыстық кезеңге қатысып, «Сөз шеберлері»
кезеңі бойынша Л.Қылышев атындағы
ЖОББМ 10-сынып оқушысы И.Сағындық
пен в.Михальчук және «Тілші-әдебиетші»
кезеңінен Л.Қылышев атындағы ЖОББМ
А.Жаңабаевалар Алғыс хаттар иеленіп қайтты.
Сырым ауданында өткізілген облыстық ІІ
Қадыр оқуларының мәнерлеп жатқа оқу кезеңі
бойынша қатысушымыз Шыңғырлау ЖОББМ
оқушысы М.Әленова ІІІ орын иеленді.
Облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларына
қатысушы И.Сағындық түрлі мәнерлеп оқу
байқауларының жүлдегері атанып жүргенін
тағы да дәлелдеп, облыстық кезеңнен ІІ
орынмен оралды.
Ұлы ақын шығармашылығына арналған
дәстүрлі
Абай
оқуларының
облыстық
кезеңінде биыл да аудан оқушылары жақсы
дайындық көрсете білді. «Жүйріктен жүйрік
озар жарысқанда» атты жас ақындар кезеңіне
қатысушы А.Тихоненко атындағы Лубен
ЖОББМ 10-сынып оқушысы А.Исекенов
жеңімпаз атанып, республикаға жолдаманы
жеңіп алса, «Көңілім әнді ұғады» кезеңінен
осы мектеп оқушысы А.Қараматова ІІІ орын,
Махамбет оқуларының «Ұлы арман» кезеңінен
де Шыңғырлау мектебінің оқушылары
М.Айталипов пен Б.Кереев ІІІ жүлделі орынмен
оралды.
Облыстық тілдер басқармасының ұйым-
дастыруымен өткізілген өзге ұлт өкілдері
арасындағы «Абай оқуларына» А.Тихоненко
атындағы Лубен ЖОББМ 8 сынып оқушысы
А.Катькал қатысып, ІІІ орын алып келді.
Математика пәнінен облыстық «Intel-ju-
nior-ІІ» 5-8 сынып оқушыларына арналған
олимпиаданың «Қиынды оңай шешу» туры
бойынша Л.Қылышев атындағы ОЖББМ-нің
командасы (Г.Сапарғалиева, Д.Сағынғали,
Ә.Жұмақожиева, Ә.Сапашев) І орынды жеңіп
алды. Сонымен қатар, 8-11 сынып оқушылары
арасында X облыстық «Апельсин» физика-
техникалық турниріне Л.Қылышев атындағы
ОЖББМ-нің командасы «Үздік экспериментші
команда» номинациясын алды. V облыстық
«Terra-2013» география, биология, экология
пәндерінен интеллектуалды турнирде Белогор
ОЖББМ 5-сынып оқушысы Сарузен ермахан
ІІІ орынға ие болды.
Информатика пәні бойынша «Туған өлке»
атты облыстық байқауда Шыңғырлау ОЖББМ-
нің командасы (М.Әленова, Ж.Жұмағазиева,
И.Масабаева) І орын, «Инфоман» облыстық
байқауында аталған мектеп командасы
ІІ орынды жеңіп алды. Аудандық пәндер
олимпиадасының қорытындысы бойынша
Л.Қылышев
атындағы
ОЖББМ-нің
11
«в» сынып оқушысы А.Жұрмағамбетова
Қазақстан тарихы пәнінен І орынға ие болып,
облыстық олимпиадаға жолдама алып,
облыстық олимпиадада жүлделі ІІІ орынды
иеленді. Облыстық білім басқармасының
ұйымдастыруымен VІІ облыстық «Жеті құпия
– 2013» атты турниріне қатысқан Л.Қылышев
атындағы ОЖББМ-нің 8-сынып оқушысы
А.Рамазанова жүлделі І орынға ие болса,
аталмыш сайысқа қатысқан осы мектептің 11-
сынып оқушысы Р.Дельмухамедова ІІІ орынды
иеленді. «Дарын» Республикалық ғылыми
практикалық орталығының ұйымдастыруымен
Қазақстан тарихы пәнінен мектеп оқушылары
арасында өткізілген интернет олимпиадаға
ауданның бірнеше оқушылары қатысып,
жақсы нәтиже көрсеткені үшін Л.Қылышев
атындағы ОЖББМ-нің оқушысы А.Хусаинова
сертификатқа ие болды.
Жылдан жылға дәстүрлі түрде өткізіліп келе
жатқан «Интел-юниор» бастауыш сынып
оқушыларының олимпиадасының аудандық
кезеңінің жеңімпаздары – А.Бақтыбаев,
Б.Қадыров (Л.Қылышев атындағы ЖОББМ),
А.едресов (А.Тихоненко атындағы Лубен
ЖОББМ), А.Макашевтар (Шыңғырлау ЖОББМ)
облыстық кезеңге жолданып, А.Бақтыбаев ІІ
орын мен Алғыс хат, Б.Қадыров Алғыс хатпен
оралды.
2013-2014 оқу жылында аудан оқушылары
облыстық сайыстарға қатысып, бірқатар
жеңістерге
қол
жеткізді.
Бұл
нақты
жоспарланған шаралар мен жүйелі жүргізіліп
жатқан жұмыстар нәтижесі деп білуге болады.
Білім ұйымдарындағы тәрбие беру қызметі
Балалардың тәрбиесі және сабақтан тыс
уақытындағы әрекетін ұйымдастыру мен
мазмұнының заманауи моделін қалыптастыру
бағытында білім орындары жоспарлы жұмыстар
жүргізеді.
Тәрбие саласында оқушылардың жеке
тұлғалық қабілеттерін дамыту бағытында
балалардың өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс
жасайды. Балалар мен жастар ұйымдары
арқылы оқушыларды тәрбиелеу бағытында
мектептерде «Жас ұлан», «Жас қыран»
ұйымдары белсенді жұмыстанады. Облыстық
«Жас қозғалыс инспекторы» слетіне қатысқан
аудандық команда 3 орынға ие болды.
Әрине, мұндай жетістіктердің оқушының
Отанымыз бен өңірімізді құрметтеуге, жеңіс
пен жетістікке ұмтылысын шыңдауға жол
ашатыны айқын. «Мектеп баспасөзі» сырттай
байқауынан І орын алған Ащысай ЖББОМ
облыстық кезеңнен «Безендіру шеберлігі үшін»
номинациясына ие болды. Аудандық деңгейде
ұйымдастырылған «Алтын ұя» сайысының
жеңімпаздары Сүлейменовтар отбасы облыс-
тық кезеңнен «Татулығы мен ынтымағы
жарасқан» номинациясын иеленді. Облыстық
“Мөлдір бұлақтан” отбасылық шығармашылық
фестиваліне қатысқан Құлбабаевтар отбасы
«Отбасылық құндылықтарды насихаттағаны
үшін» номинациясымен марапатталды.
Сонымен қатар аудандық деңгейде «Жастар
мен жасөспірімдердің эксперименттік идеяларын
қабылдамауын қалыптастыруға бағытталған
тәрбие бағдарламаларының» байқауы, «Топтың
өмірінен бір күн» - мобильді көзқарас сайысы
т.б. байқаулар ұйымдастырылып, өткізілді.
Ата-аналар қоғамдастығымен жұмыс, үкіметтік
емес ұйымдардың балалар тәрбиесіне әсері
бағытында да ауданымыздағы «Шыңғырлау
жастары» ЖҚБ-нің және ауданымыздағы өзге
ұлт өкілдерінің ұлттық орталығымен жұмыстану
жолға қойылған. Оқушыларымыздың мерекелік
кештерде аталған өнер ұжымдарымен бірлесе
концерттік
бағдарламаларды
орындауы,
жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастыратын
КТК ойындарына үлкен қызығушылықпен
ат салысуы аталған бағыттағы тәрбиенің өз
нәтижесін беретіндігінің дәлелі.
Тәрбие саласы бойынша Белагор және Правда
мектептеріне оқушыларға сапалы тәрбие
беру жұмысын жандандыру бағытында біраз
жұмыстану қажет.
Қазақстан
Республикасы
Премьер-
Министрінің «2011-2015 жылдарға арналған
жазғы каникул кезеңіндегі балалардың
сауықтыру демалысын, бос уақытын және
жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы»
2011 жылғы 28 маусымдағы №86-Ө өкімін
орындау және жазғы каникул кезеңінде
балалардың сауықтыру демалысын, жұмыспен
қамтылуы мен бос уақытын ұйымдастыру
мақсатында
іс-шаралар
оздырылуда.
Оқушылардың жазғы демалысын өткізуде
ауданымызда аудандық «Арай» жазғы лагері (1),
«Достық» палаталық лагері (1), күндізгі мектеп
жанындағы лагерлер (18) ұйымдастырылып,
балалардың бос уақытын тиімді өткізудің
шаралары, экскурсиялар, экспедициялар, қала-
аралық саяхаттар жоспарлануда.
Аудан бойынша 18 мектеп жанындағы
лагерьлерде 1616 оқушы демалады. Лагерьде әр
оқушыға күніне 134 теңге жұмсалады. Барлығы
6 млн. 496 мың 320 теңге бөлінді. Аудандық
«Арай» лагерінде 180 оқушы демалды, 1млн.
944 мың теңге бөлініп отыр.
Жазғы демалыспен 65 қамқорлық пен
қорғаншылықтағы оқушылары және көп
балалы отбасынан шыққан 217 оқушы, ата-
аналарының мүмкіндігі шектеулі 15, қолайсыз
отбасының 13 балалары болса, 115 оқушы аз
қамтылған отбасы балалары түгел (100%-ға)
қамтылды. 1 маусымнан басталған алғашқы
кезеңінде 553 бала қамтылды.
Жылдағы дәстүр бойынша ауданымыздан
квоталық жолдамамен Италия мемлекетінің
чезенатико қаласына 1 оқушы, сонымен қатар
Астана, Алматы, Бурабай және Түркістан
қалаларына 60 бала экскурсиялық демалыс
сапарларына жолданды. Бұл мақсатқа 3 млн.
679 мың теңге қаржы бөлінді.
Табиғат аясында палаталық лагерьде
жасөспірімдердің
арасында
құқық
бұзушылықтың алдын алу мақсатында
аудандық туризм және экология орталығының
ұйымдастыруымен – 120 бала демалды.
Бұл
бағытта
балаларды
«Сарқырама»
бұлағына апарып, табиғат аясында демалыс
ұйымдастырылды.
Мектеп жанындағы лагерьлерде оқушылардың
жазғы демалыс қауіпсіздігі шараларына назар
аударылуда. Бұл орындарда балалардың суға
шомылу сәті қарастырылмайды.
«Қонақай» көлінде балалардың шомылуы
ұйымдастырылып, осы шараға байланысты көл
бетіне жүзуге рұқсатты жерлердің шекарасы
арнайы тақтайшалармен белгіленіп, осы
мақсатта торкөзді қоршаумен бөлініп қойыл-
ған. Бұл торкөз қоршау 1,5 метрлік тереңдіктен
аспайтын шекке қойылып, балалардың суға
шомылу
сәті
тәрбиеші-нұсқаушылардың
бақылауымен жүргізіледі.
Шыңғырлау ауданыңда 3 қосымша білім
беру орталығы жұмыс істеуде. Балалармен
мектептен тыс жұмыс орталығында: фото,
радиотехника, хореография, әуе үлгілері, жас
сарбаз, қолөнер, жас ақың, робот техника,
үйірмелерінде 405 оқушы, балалар туризмі және
экология орталығында: Жаяу, велотуризм, су
туризмі, өлкетану, экология үйірмелерінде 300
оқушы және Шыңғырлау ауданының балалар
саз мектебінің базасында домбыра, қобыз, баян,
фортепиано, терме кластары бар 110 оқушы
білім алады. Барлығы 905 оқушы қамтылып
отыр.
Балалармен
мектептен
тыс
жұмыс
орталығында оқушыларды шығармашылыққа
баулу мақсатында 2012-2013 оқу жылында 8
үйірме жұмыс жасаса, 2013-2014 оқу жылында
13 үйірме (5 үйірмеге артып отыр) өз жұмысын
жүргізді. Осы жұмыстардың нәтижесінде
биылғы жылы облыстық, республикалық
деңгейде бірқатар жетістіктерге қол жеткізді.
Олар «Таңғажайып сәт» атты балалар фотосурет
байқауында «Қолөнер шеберлігі» номинациясы
бойынша Ф.Тұяқова І орынға ие болса, «Қол-
өнер сәндік-қолданбалы өнер» байқауында
Н.Шаненов «Мүсіндеу» номинациясы бойынша
ІІ орынға, «Ғылым әлемін ашамыз» атты
облыстық көрме байқауында М.Рахымжанов
және Б.Кереев «Астрофизика және дүние
жүзінің эволюциясы» номинациясы бойынша
ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар Х Ұлттық
жастар дельфий ойындарының облыстық
кезеңінде «Бейнелеу» номинациясы бойынша
Н.есенов ІІІ орынға, «Қолөнер» номинациясы
бойынша Ш.Кузбаев ІІІ орынға, «Көркемсөз
оқу» номинациясы бойынша И.Сағындықов
І орынға ие болды. Облыстық «Туған өлкеге
шексіз сүйіспеншілік» атты сырттай байқауында
Ә.Макиев ІІІ орнынды иеленіп, А.Ашхатов
ынталандыру мадақтамаға ие болса, аталған
сайыстың республикалық кезеңінен Ә.Макиев
жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.
Шыңғырлау аудандық саз мектебі де биылғы
оқу жылында табысты жұмыстар атқарды.
«Күншуақ»
республикалық
фестиваль
конкурсында Т.Кузбаев аспапта ойнаудан
ІІІ дәрежелі, Г.Мусаева «вокалдан» ІІІ
дәрежелі дипломдармен марапатталса, ақпан
айында өткізілген аталған фестиваль аясында
ұйымдастырылған «Зимняя сказка» сайысынан
«Алтын дән» вокалдық тобы ІІ орынға және
«Инструментальная музыка» номинациясы
бойынша Б.Өтепбергенова жүлделі ІІІ
орынға ие болды. «Праздник детства» атты
ХVІ Халықаралық фестиваліне қатысқан
М.Айталипов және Т.Кузбаев аспаптық
шығармашылық бойынша дуэтте өнер көрсетіп
І дәрежелі лауреат атанса, аспата ойнауда жеке
өнер көрсеткен А.Тасмағамбетова І дәрежелі,
М.Айталипов І дәрежелі және Т.Кузбаев І
дәрежелі лауреат атанып қайтты.
Туризм және экология орталығы да өз
дәрежесінде жұмыстанып, белгілі деңгейде
жетістіктерге қол жеткізді. Облыстық деңгейде
ұйымдастырылған «Бард әндері» сайысынан
А.Сағидолла ансамбльде өнер көрсетіп ІІІ
орынға, Ж.Габдрахимова ән орындаудан ІІІ
орынға, А.Исанов «Абай әндерін» орындаудан
ІІІ орынға ие болды және аталған сайысқа
қатысқан аудандық команда командалық
есепте ІІІ орынға қол жеткізді. «Мәңгі бірге»
сайысына қатысқан А.Бигалиева, Л.Иманбекова
«Топонимика» саласы бойынша ІІ орынға,
Н.Мырзағалиев «Ұлттық ойындар» саласы
бойынша І орынға ие болды.
Қосымша білім беру ұйымдары облыстық,
республикалық деңгейде сайыстарға қатысып
жоғары деңгейден көрініп жүргенімен,
ұйымдардың ішкі жұмыстары жүйелеуді қажет
етеді. Сонымен қатар, Алмаз, Қуағаш, Қайыңды
мектептерінің қосымша білім беру ұйымдары
тарапынан өткізілген сайыстарға қатысу деңгейі
төмен.
(Аудандық білім бөлімінің басшысы А.Сапаровтың дәстүрлі тамыз мәслихатына арнаған баяндамасының желісі)
( Жалғасы 4 бетте )
(Жалғасы.Басы 2 бетте )
Серпін
4
БІЛІМ
№ 34 (1338). 23 тамыз 2014 жыл
Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның
және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы
Әр бала дүниеге келісімен отбасында өмір
сүріп, тәрбиеленуге, өз ата-анасын білуге,
олардың қамқорлығы мен тәрбиесін көруге
құқылы. Алайда, өкінішке орай, қоғамымызда
мұндай құқығы жүзеге аспай қалатын балалар
да бар. Бұл ерекше санаттағы – ата-ана
қамқорлығынсыз қалған балалар. Патронаттық
тәрбиенің – жетімдіктің алдын алуға және
баланың
үлкендермен,
айналасындағы
адамдармен тұрақты түрде қарым-қатынас
жасап отыруына және олардың психикасының
дұрыс дамуына әсері мол.
Шыңғырлау ауданы бойынша қазіргі таңда
30 бала патронаттық тәрбиеге, қамқорлыққа
34 бала, барлығы 64 бала қорғаншылық пен
қамқоршылыққа алынған.
Жас
ұрпақты
тәрбиелеуде,
оның
бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін
дамыту, бағалау, сенім, талап ету арқылы
жауапкершілігін жетілдіру, ынтымақтастық
педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны
қалыптастыруға жол ашылады - ( «2030
стратегиясын жүзеге асыру – жастардың
міндеті» атты жолдауында) делінген
болатын.
Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі оқу-
шылар саны – 27, соның ішінде мүгедектік
анықтамасы бар – 7 оқушы. Л.Қылышев
атындағы орта мектебінде 6, түзете дамыта
оқыту сыныбында – 17 оқушы және
денсаулығына байланысты үйден оқитын 3
оқушы. А.Тихоненко атындағы Лубен орта
мектебінде 2 түзете дамыта оқыту сыныбында –
9 оқушы, Шыңғырлау орта мектебінде 1 түзете
дамыта оқыту сыныбында – 2 оқушы және
денсаулығына байланысты үйден оқитын 2
оқушы, Қуағаш орта мектебінде денсаулығына
байланысты үйден оқитын 1 оқушы, Сегізсай
негізгі мектебінде денсаулығына байланысты
үйден оқитын 1 оқушы бар. Мектептерде
логопед, дефектолог, психолог мамандар
бекітілген оқушылармен жоспар бойынша
қосымша жұмыстармен жұмыстанды.
Мектептерде педагогикалық консилиумның
жоспары құрылып, жоспарға сай жұмыстар да
жүргізілді. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға
арналған мектептік «Жұлдыз-ай» фестивалі
өткізіліп, оқушылар сыйлықтармен, мақтау
грамоталарымен марапатталды. Аймақтық
«Жұлдыз-ай» фестиваліне 7 «в» сынып оқушысы
А.Бимағамбетова қатысты. Қолөнер жанры
бойынша 6 «б» сынып оқушысы Д.Машқанов,
5«Б» сынып оқушысы А.Исқалиева қатысты.
Л.Қылышев атындағы орта мектебінде
түзете-дамыта оқыту сыныбы жыл бойы
бастауыш сынып бойынша өткен әр түрлі іс-
шараларға қатысты. Мектепішілік мәнерлеп
оқу сайысында 4 «Д» сыныбының оқушысы
А.Шондыбаев ІІІ орынды иеленді. Әр сынып
мерекелерге байланысты іс-шараларға қатысып,
өз өнерлерімен ата-аналарын қуантты. Тоқсан
сайын ата-аналар жиналысы өткізіліп, ата-
аналарға қажетіне қарай кеңестер берілді.
Білім беруді ақпараттандыру
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім
кеңістігінің тиімді жолы - білім беру саласын
толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Респуб-
ликасының «Білім беру» Заңында білім
беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы
мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы
жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып
отыр.
Аудан бойынша 18 жалпы орта білім
беру мектебі толықтай компьютерлермен
жабдықталып, барлығы 329 компьютерді
құрап отыр, яғни, 1 компьютерге 6 оқушыдан
келеді. Ауданда барлығы 24 интерактивті тақта
бар. Соның ішінде 2 қазақ тілі, 1 география,
2 бастауыш сынып, 1 тарих, 3 химия, 2
биология, 1 ағылшын тілі, 8 мультимедия
кабинеті, 1 информатика кабинеті және 3
физика кабинеттері интерактивті тақталармен
жабдықталған.
Аудан бойынша 18 (100%) мектеп интернет
жүйесіне Қазақтелеком арқылы қосылып,
казiргi уақытта жұмыс жасауда. Соның ішінде 7
мектеп: Л.Қылышев атындағы ОЖББМ, Правда
НЖББМ және Шыңғырлау ОЖББМ, Полтава
НМ Белогор ОЖББМ Ащысай ОЖББМ және
А.Тихоненко атындығы ОЖББМ ADSL, ал
қалған мектептер Dial-up желісімен қосылған.
2013 жылдан бастап Шыңғырлау ауданында
үш мектепке атап айтқанда Л.Қылышев
атындағы ОЖББМ, А.Тихоненко атындағы
Лубен ОЖББМ және Шыңғырлау ОЖББ
мектептерінде электронды оқыту жүйесін
енгізу жұмыстары жүргізілді. Бұл көрсеткіш
ауданымызда орналасқан мектептеріміздің 16,6
пайызын құрайды. Электронды оқыту жүйесін
ендіру мақсатында мектепке ең заманауи
техника – аса жоғарғы жылдамдықты локальді
желі, 4-10 с/Мбит кең көлемді Интернет, оларға
кез-келген кабинеттен қосылатын сымсыз Wi-
Fi нүктелері, ең заманауи сервер-компьютер,
мультимедиалық сандық подиум, интерактивті
тақтамен жабдықталған жаңа информатика
сыныбы, қуатты проектор, мультимедиалық-
лингафондық ноутбуктер сыныбы, моно-
блоктар, дербес компьютерлер, жоғары сапалы
принтер құрылғылары, әрбір сыныпта, әр
мұғалімнің, қызметкерлердің алдында жеке
компьютерлер,
электрондық
мұғалімдер
бөлмесімен жабдықталып қолданылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |