8-апта
БӨЖ тақырыбы: Шәлкес тіркестер және олардың пайда болу жолдары.
Пән бойынша глоссарий құрастыру .
1.Қазақ тіліндегі дыбыс тіркесі күрделі фонетикалық құбылыстардың бірі ме, дәлелдеңіз.
2.Қазақ тілінде қалыптасқан жазу дәстүріміздің нәтижесіне талдау жасаңыз.
3.Дыбыс тіркесінің құрамындағы дыбыстар қайшы белгілеріне қарай бірін-бірі артикуляциялық тұрғыдан икемделуін талдап дәлелдеңіз.
9-апта
БӨЖ тақырыбы: Дыбыстық үнемнің жасалу жолы. Бейнесюжет дайындау.
1. Дыбыстық үнемнің жасалу жолы жайлы түсінік қалыптастырыңыз.
2. Кірме сөздерді игерудің өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
3. Тілден тілге сөз ауысу құбылысын талдап түсіндіріңіз.
10-апта
БӨЖ тақырыбы: Буын жасайтын дыбыстар және буын жасамайтын дыбыстар.Талдау,жинақтау, пікіралмасу.
1. Екпін және оның түрлері, фразалық логикалық және эмфатикалық екпін, сөз екпінінің типтері туралы мәліметтерді тұжырымдап, талдау жасаңыз.
2. Дыбыс жылысуы туралы көзқарастарды талдап, жинақтап, өз түсінігіңізді жазып беріңіз.
3. Бунақ және оның құрамын талдап түсіндіріңіз.
4. Буын, буынның басты теориялары, буындық және буындық емес дыбыстар туралы мәліметтер жайлы айтып беріңіз.
11 апта
БӨЖ тақырыбы: Көрші дыбыстардың үндесуіне әсер ететін факторлар.
Реферат дайындау.
1. Сингармонизмді алғаш қазақ тілінде жан-жақты баяндаған кім?
2. Сингармонизм тек дауыстылар гармониясы емес, сөздің құрамындағы барлық дыбыстардың гармониясы (дауыстылардың, дауыссыздардың) екендігіне талдау жасап жазыңыз.
3.А.Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедұлының сингармониялық концепцияларынан ғылыми ұғымдар қабылдағанына ғылыми түсініктеме беріңіз.
12 апта
БӨЖ тақырыбы: Көрші дыбыстардың үндесуіне әсер ететін факторлар.
Реферат дайындау.
1. Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуін тұжырымдап,ғылыми талдау жасаңыз.
2. Сингармонизм заңы туралы түсінігіңізді талдап дәлелдеңіз.
3. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды түсіндіріңіз.
4 .Ерін үндестігі жайлы көзқарастарды талдап жазыңыз..
13 апта
БӨЖ тақырыбы: Орфоэпиялық ережелер. Баяндама.
1. Орфоэпия нормалары туралы түсінігіңізді мысалдармен тұжырымдап, талдау жасаңыз.
2. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын меңгертуде IT-технологиясын пайдалану жайын баяндаңыз.
3. Орфоэпия, оның мәнерлеп оқудағы маңызын талдап түсіндіріңіз.
14 апта
БӨЖ тақырыбы: Қазақ графикасына байланысты пікірталастар. Презентация.
1. Қазақ жазуына байланысты алғашқы жобаларды талдап тұжырымдаңыз.
2. Ұлттық бағыт және қазақ жазуы туралы талдап жазыңыз .
3. Миссионерлік бағыттағы Н.И. Ильминскийдің жобасы туралы мағлұмат дайындаңыз.
4. Ұлттық кезеңге дейінгі қазақ жазуы деректерді жазыңыз.
5. Қазіргі қазақ графикасы туралы өз пікіріңізді баяндаңыз.
15 апта
БӨЖ тақырыбы: Орфографиялық және орфоэпиялық нормалар. Сөзжарыс.
1. Орфография туралы жалпы түсінігіңізді талдап түсіндіріңіз.
2 .Тіл мәдениетінің басты талаптарын қалай баяндар едіңіз?
3. Морфологиялық,фонетикалық принциптерді талдап түсіндіріңіз.
4. Дифференциялаушы, дәстүрлік принциптерді талдап түсіндіріңіз.
5. Сөздердің дұрыс жазылу ережелерін сақтау қолданылатын қағидаларды мысалдармен түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |