Сау баланың қалыпты дамуында, оның қажеттіліктері өсіп, күрделеніп отырады, яғни, танымдық қызығушылықтары мен қажеттіліктері пайда болады (баланың әр нәрсені білгісі келеді: кітап оқығысы, музыка тыңдағысы, табиғатқа сүйсінгісі, өнер шығармаларына сүйсінгісі келеді). Сол сияқты, қоғамның жоғары бағасына және ұжымның құрметіне, беделге ие болғысы келеді. Э. Сеген арнайы мектепте оқымаған, ақыл-ойы кем баланың ешнәрсе білмейтінін, ешнәрсеге зауқы соқпайтынын айтады.
Әсіресе, «зауқы жоқ» дегенге баса назар аударып, ол балаларда, қандай бір талаптың, қажеттіліктің, тілектің жоқтығын дәлелдейді. Э. Сегеннің ойынша, бұл балалардың тілегі болса, бірнәрсені үйренуге, білуге шамалары келер еді, бірақ бар мәселе, олардың рухани қызығушылықтарының және қажеттіліктерінің болмауында. Әйтсе де, ақыл-ойы кем балалардың қарапайым органикалық қажеттіліктері қалыпты, әрі жылдан-жылға ұлғая түседі. Олардың тәбеттері мен тілектері, шектен тыс жоғары, жыныстық жетілулері өте ерте байқалады.

Еңбекке тәрбиелеу – тұлғалық қалыптасудың маңызды факторы ретінде қарастырылады. Көмекші мектеп үшін, қандай бір мамандық түріне үйрету – ең маңызды мәселе болып табылады. Тұлғалық қалыптасуда, баланың дамып келе жатқан ортасы, маңызды рөл атқарады (ата-аналардың, басқа отбасы мүшелерінің ақыл-ойы кем балаларға деген көзқарасы). Тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің ішінде маңыздыларының бірі – ерік-жігер болып табылады. Ол саналы, мақсатты іс-әрекеттерде көрінеді. Сау балаларда, ерік-жігерді тәрбиелеу – күрделі, ұзақ үдеріс.