Еңбекке тәрбиелеу – тұлғалық қалыптасудың маңызды факторы ретінде қарастырылады. Көмекші мектеп үшін, қандай бір мамандық түріне үйрету – ең маңызды мәселе болып табылады. Тұлғалық қалыптасуда, баланың дамып келе жатқан ортасы, маңызды рөл атқарады (ата-аналардың, басқа отбасы мүшелерінің ақыл-ойы кем балаларға деген көзқарасы). Тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің ішінде маңыздыларының бірі – ерік-жігер болып табылады. Ол саналы, мақсатты іс-әрекеттерде көрінеді. Сау балаларда, ерік-жігерді тәрбиелеу – күрделі, ұзақ үдеріс.
Ал, ақыл-ойы кем балаларда, бұл үдеріс, олардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты, одан да қиын қалыптасады. Ақыл-ойы кем балаларда, бастаманың кемшілігі, өз істерін бақылай алмау, мақсатты әрекетке қабілетсіздік т.б. байқалады. Яғни, олар өздерінің жігерсіздігінен біреудің айтқанына, тез еріп кетуге бейім.

Ақыл-ойы кем балалардың қажеттіліктері мен интеллектісінің дамуына байланысты, оның тұлғалық жетілмегендігі эмоционалды саладан да байқалады. Біріншіден, ақыл-ойы кем балалардың сезімдері, ұзақ уақыт бойы айқындалмайды. Бұл тұрғыдан қарағанда, олар сәби сияқты. Сәбилердің сезім шеңбері, шектеулі ғана: қуанады, жабырқайды, жылайды, қорқады т.б. қалыпты дамудағы сау балалардың сезімдері алуан түрлі. Мысалы, жақсы баға алғанда – қуану, ұялу, қанағаттану, масаттану сияқты, сан алуан сезімдерді басынан кешіреді. Ал, ақыл-ойы кем балалардың сезімдері тым қарапайым, олар мұндай жағдайда, тек қанағаттанады немесе керісінше. Ал, нәзік сезімдер мүлде болмайды.