8 дәріс. Дизартрия классификациясы, түзету жұмысының негізгі бағыттары Мақсаты



Дата25.11.2023
өлшемі16,57 Kb.
#127330
Байланысты:
Лекция-1694602072859


8 дәріс. Дизартрия классификациясы, түзету жұмысының негізгі бағыттары
Мақсаты: Студенттерді дизартрия классификациясы, түзету жұмысының негізгі бағыттарымен таныстыру
Жоспар:

  1. Дизартрияның анықтамасы

  2. Кемістіктің пайда болу себептері

  3. Дизартрияның түрлері, олардың сипаттамасы

Тірек сөздер: резус-фактор, гиперкинездер, нүктелек массаждар

Дизартрия («dis»-бұзылу, «arthron»- мүшелену) деп сөйлеу тілінің дыбыс айтылу жағының бұзылуымен қатар, сөйлеу қарқыны, оның мәнерлігі, срындылығы, модуляциясының жапа шегуін айтады. Дазартрия үшін дем алу және дауыс бұзылуы тән болып табылады.


Дизартрия орталық жүйке жүйесінің әр- түрлі зақымдануы кезінде пайда болады: энцефалит нәтижесінде, менингоэнцефалит, қан тамырларының зақымдалуы, құрсақ ішіндегі және туу кезіндегі жарақат. Себебі болып ана қанының иммунологиялық үйлеспеушілігі және ұрықтың резус- факторы мен қанның топқа жатпайтындығы табылады. Әртүрлі бала жұқпалы және қабынбалы аурулар едәуір жеңіл түрдегі дизартрияның себебі болуы мүмкін.
Балалық шақтағы дизартрия мәселесі клиникалық, нейролингвистикалық, психопедагогикалық бағытта қарқынды жетілуде. Церебралды сал ауруы бар балалардағы дизартрия едәуір толық жазылған. Шетел әдебиетінде бұл мәселе туралы келесі ғалымдардың жұмысында көрсетілген М.Clement 1959, C.Bohme 1968, R.D.Dwer 1984 және басқа авторлар.
Дизартрияны жіктеу сұрақтары туралы біріңғай көзқарас жоқ. Оқшаулау ұстаным бойынша құрастырылған жіктеу, дизартрияның келесі түрлерін қосады: сопақша ми дизартриясы (бульбарная), жалған сопақша ми дизартриясы (псевдобульбарная), мишық (мозжечковая), ми қыртысы дизартриясы (корковая), ми қыртысы асты немесе экстрапирадалды (экстрапирамидальная или подкорковая) дизартриясы.
Дизартрияның әр-алуан түрлерінің көптеген ортақшылығы бар, бірақ олар үшін терең айырмашылық та сипат алады, оларды білу логопедке түзету жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.
Сопақша ми дизартрия өзектің ошақтық зақымдану нәтижесінде,түбі немесе бас –ми жүйкесінің шеткі бағаны 5, 7, 9, 10, 12 жұпта басталады. Бульбарлы, енжар, жансызданған сал дамиды. Нышандары: бұлшық ет атрофиясы, атония, арефлексия. Мұндай жағдайларда жоғарыда көрсетілген бас-ми жүйке жұбының қоздырылуы бұлшық етте дамиды.
Бұзылу механизмі сопақша ми дизартрия кезігдегі сөйлеудің жеткіліксіздігін анықтайды: сөз көмескіленген және қоршаған адамдар үшін түсініксіз, дауыс ұяң, әлсіз мыңқылдаған түрде болады. Дауысты дыбыстар және ұяң дауыссыздар құлақ тұндырады. Қосақталған дыбыстар артикуляциясы бұзылады.
Бульбарлы сал ауруы кезінде ерікті және еріксіз қозғалыс бұзылады.
Жалған сопақша ми дизартрия – едәуір көп таралған түр. Қозғалысты қабықтан сопақша ми ядросына түсіретін пирамидалық жолдардың зақымдануының салдарынан болады. Асфиксия, туу кезіндегі жарақат нәтижесінен болуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет