Бірінші құзыреттілік – студент проблемаларды шешу құзыреттілігі бойынша:
· әртүрлі тілдік жағдаяттардағы проблемаларды анықтайды, өздігінен шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтижесін бағалай алады;
· өзгермелі өмір жағдайларында туындаған жағдаяттарда міндеттерді шешетін технологияларды таңдай алады, сөздерді өз мақсатына, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талғап қолдана алады;
· өзгелермен тіл табысуға қажетті сөздерді талғай алады; сөздік қорын өз бетінше толықтырады.
Екінші құзыреттілік – ақпараттық құзыреттілік бойынша:
· ақпараттарды сыни тұрғыда талдайды, соның негізінде саналы шешім қабылдайды;
· тілдің танымдық қызметтерін өз мақсатына сай қолдана алады;
· логикалық операцияларды еркін қолдана отырып ақпараттарды өз мүмкіндігіне сай өңдей алады; сөйлеу әрекетін жоспарлауда және оны жүзеге асыруда ақпараттарды талғап қолданады;
· мәтіннің көркемдеуші және мәнерлеу құралдарын анықтай алады;
· ақпараттар негізінде көздеген мақсатына сай мәтін түрлерін құрайды, әр жанрға тән тілдік құралдарды пайдаланып, шығармашылық жұмыстарды орындайды.
Үшінші құзыреттілік – коммуникативтік құзыреттілік бойынша:
· сөйлесімнің барлық компоненттеріне тән дағдыларды меңгереді;
· ауызша және жазбаша тілде сөзді құрау ережелерін, сөзді таңдау тәсілдерін және грамматикалық нормаларды ұстанады;
· оқу материалдары бойынша іскерлік қарым-қатынасқа қажетті дағдыларды меңгереді;
· ауызша, жазбаша сөйлеу қажетті коммуникативтік сапаларды қолданады;
· іс қағаздары түрлеріне сай тілдік құралдарды пайдаланып, өз ойын дәлелдей алады;
· ұсынылған тақырып пен ситуациялық тапсырмаларға сай сөздерді орынды таңдап, жұмсай алады.
Құзыреттіліктің түрлері өте көп, мысалы Б.Т.Кенжебеков кəсіби құзыреттіліктің келесідей түрлерін ажыратып көрсетеді:
арнайы құзыреттілік – өзінің кəсіби қызметін жеткілікті дəрежеде меңгеру, өзінің кəсіби дамуын жобалай білу;
əлеуметтік құзыреттілік – бірлесе қызмет атқару, ынтымақтасу мен кəсіпке қатысты қарым- қатынасты меңгеру, кəсіби еңбегінің нəтижелері үшін əлеуметтік жауапкершілік;
жеке тұлға құзыреттілігі – өзін көрсете білу мен дамытудың амалдарын, құралдарын игеру жəне кəсіби еңбектегі даралық;
дара құзыреттілік – өзінің қабілетін жүзеге асыру, кəсіп аясында өз даралығын дамыту қабілеттігі, кəсіби тұрғыдан өсуге деген дайындық, өзінің даралығын сақтау қабілеті, еңбегін ұтымды ұйымдастыруға икемділігі, еңбекті қиындықсыз, шаршаусыз, тіпті сергіту арқылы нəтижеге жеткізу
Сонымен, құзыреттілік – тек білім ғана емес, студенттің оқу үдерісінде меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін іс жүзінде дұрыс, орынды, тиімді пайдалануы.