Асыруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру



Pdf көрінісі
Дата02.02.2023
өлшемі211,91 Kb.
#64710
түріБағдарламасы
Байланысты:
Қоғам және құқық




Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 
2018 жылғы 20 қыркүйектегі 
№ 469 бұйрығына 84-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 
2013 жылғы 3 сәуірдегі 
№ 115 бұйрығына 524-қосымша
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған
сыныптары үшін «Қоғам және құқық» пәнінен жаңартылған мазмұндағы 
үлгілік оқу бағдарламасы 
1-тарау. Жалпы ережелер 
1. 
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған
8-10 сыныптары үшін «Қоғам және құқық» пәнінен жаңартылған мазмұндағы 
үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 
27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес 
әзірленген. 
2. «Қоғам және құқық» оқу пәнінің мақсаты – жеңіл ақыл-ой кемістігі бар 
білім алушылардың әлеуметтік бейімделуі үшін олардың құқықтық 
сауаттылығын көтеру, мемлекет заңдары мен қоғам нормаларын құрметтеу 
жолымен жағдайлар құру, өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін жүзеге 
асыруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру.
3. Пәннің міндеттері:
1) қазақстандық құқық салаларының негізгі түсініктері жайлы білімдерді 
қалыптастыру;
2) қарапайым құқықтық және әлеуметтік құндылықтар жүйесі туралы 
білімдерін қалыптастыру: адам құқықтары, демократия, азаматтық қоғам, 
заңдылық пен құқықтық тәртіп; 
3) оқу және практикалық әрекетте құқықтық ақпаратты қолдану 
біліктерін қалыптастыру; 
4) сәйкес тәртіп нысандары заңы және қалыпты өмірлік жағдайлардағы 
әрекеттерді таңдау кезінде құқықтық білімдер мен дағдыларды қолдану 
біліктерін қалыптастыру;
5) қоғамда қабылданған жалпы адамгершілік рухани-этикалық және 
құқықтық нормаларды меңгеру негізінде әлеуметтік тәртіпті қалыптастыру; 
6) қоғамда қабылданған жалпы адамгершілік рухани-этикалық және 
құқықтық нормаларды меңгеру негізінде әлеуметтік тәртібін түзету. 



2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер 
4. Берілген пән бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық 
тәсілдер арнайы педагогика принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады:
1) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың дамуы және дайындық 
деңгейі мен ерекшеліктеріне білім беру жүйесінің бейімделу принципі; 
2) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың түзете-
дамыту бағыттылығы олардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен 
мүмкіндіктерін ескере отырып оқу әрекетінің арнайы әдістері және 
тәсілдерімен қамтамасыз етіледі;
3) оқытудың әлеуметтік-бейімдеу бағыттылығы тұлғаның әлеуметтік 
бейімсіздігін жеңу немесе азайтуды қарастырады. Әлеуметтік өмірге қатысуға 
қажетті тәртіп нормалары, өмірлік дағдыларды білім алушылардың меңгеруі 
бойынша арнайы жұмыс қарастырылады; 
4) білім берудегі әрекеттік тәсіл жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім 
алушыларды тұлғалық тұрғыдан дамуы ерекшелігіне байланысты білім беру 
құрылымы мен оның негізгі заңдылықтарын ашатын психология ғылымының 
теориялық ережелеріне негізделеді. Онымен қоса, жеңіл ақыл-ой кемістігі бар 
тұлғаны дамыту қолжетімді әрекетті (пәндік-тәжірибелік және оқу) 
ұйымдастыру сипатымен анықталатындығын мойындауға құрылады; 
5) оқытудың тәжірибелік бағыты зерттелетін материал мен білім 
алушылардың тәжірибелік әрекеті арасында тығыз байланыс орнату, 
тәжірибелік-бағыттық тапсырмаларды шешуге арналған бастапқы мәнге ие 
білім мен біліктерді қалыптастыруды ұсынады; 
6) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға саралау және жекелеу 
тәсілі олардың бағдарлама мазмұнын игеру мүмкіндіктерінің біртекті еместігі, 
оқу материалдарын игеру кезінде көрінетін және алынған білім, дағды мен 
біліктер сапасына ықпал ететін вариативті типологиялық ерекшеліктердің 
болуымен олардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескеруді болжайды. Білім 
беру процесі педагог білім алушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес оқу 
материалының мазмұнын таңдайтын 4 типологиялық топ (В.В. Воронкова 
бойынша) негізінде жүзеге асады.Оқу жұмысының қарқыны, жеңіл ақыл-ой 
кемістігі бар білім алушының дербестік дәрежесі, оқыту әдістері мен тәсілдері 
түрленеді. Білім алушыларды топтарға бөлу шартты және қозғалмалы. Саралау 
тәсілі оқытуды жекешелендірумен толықтырылады; 
7) оқу-танымдық және практикалық әрекетке арнайы педагогикалық 
басшылық ету қажеттілігі төменгі танымдық белсенділігі және ойлау 
қызметінің талдау және жалпылау әлсіздігіне байланысты. Педагог ақыл-ой 
кемістігі бар білім алушының жалпы даму заңдылықтарын, сыныптың әрбір 
білім алушысының танымдық мүмкіндіктері мен оқытудың арнайы әдістемесін 
біле отырып білім алушылардың оқу-танымдық қызметтерін ұйымдастырады 



және бағыттайды.
5. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу материалын 
меңгеру нәтижелерін бағалау нормалары бағдарламада көрсетілген мақсатты 
тұжырымға негізделген және білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру мен 
бағалауды ұйымдастыру кезінде бірыңғай тәсілдерді іске асыруға бағытталған.
6. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау 
ішкі бағалау тәсілдерімен жүзеге асырылады. Бағдарламаны меңгеру 
нәтижелерін сабақтарда мұғалім білім беру процесі барысында бағалайды. 
Педагог жүйелі түрде бақылаушы бағалау әрекетін атқарады.
7. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту нәтижелілігін 
бағалау ағымдағы (әр сабақтың), мерзімді (тақырыптық) және қорытынды 
бақылау түрінде болады.
8. Ағымдағы бақылау білім алушының әрекетін сабақта бақылау
тәжірибелік және дербес жұмыстарын талдау, әрекеттің ұжымдық түрлері 
көмегімен жүзеге асады. Әр сабақтық бақылау оқу процесінің сапасын 
қамтамасыз ету үшін педагог қолданатын оқыту мазмұны мен әдістерін түзету 
мақсатында жүргізіледі. Бақылау ынталандырушы және білім алушыларға 
қатысты тәрбиелеуші сипатқа ие.
9. Мерзімді бақылау бағдарлама тақырыбы мен бөлімін зерделеп болған 
соң жүргізіледі. Оның нәтижелері білім алушылардың оқу жетістіктерінің 
карталарында курс тақырыптары бойынша көрсетіледі.
10. Қорытынды бақылау жарты жылдық пен жылдың соңында болады. 
Оқу жылы ағымында бақыланып, білім алушылардың жетістіктерінің жиынтық 
картасында тіркелетін сыныптың әрбір білім алушысының даму динамикасы 
мен табыстылығы педагогпен талданады.
11. Бағалаудың көмегімен педагог арқылы алынатын ақпарат дағдылар 
мен біліктерді меңгеру барысында туындайтын қиындықтарға уақытылы және 
дұрыс әрекеттесуге мүмкіндік береді. Педагог білім алушыларға жеке көмектің 
мазмұны мен тәсілдерін негізді түрде анықтайды.
12. «Қоғам және құқық» пәнін оқу кезінде курстың практикалық 
бағыттылығын күшейту маңызды. Оқу материалының көп бөлігін рөлдік 
ойындар арқылы саналы түрде меңгеру және бекіту, практикалық 
тапсырмаларды (стандартты бланктерді толтыру, арыздар, өтініштер, 
қолхаттар, өтінішхаттар, хаттар жазу) орындау, мәселесі бар тапсырмаларды 
шешу, өмірдегі тақырыптық жағдаяттар, әр түрлі мемлекеттік мекемелер мен 
халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудағы қалыпты жағдаяттары 
талқылау үшін беріледі. Берілетін жағдаяттар бастапқыда сыныпта, одан кейін 
әлеуметтік орта объектілерінде орындалатын кезеңдік әрекеттер бағдарламасын 
береді.
13. Құқық қорғау органдары, түрлі әлеуметтік қызметтер және әкімшілік 
органдарының өкілдерімен кездесу сабақтары жоспарланады. Бұндай жағдай 
білім алушылардың бойында білім, білік, құнды бағдарлар мен қоғамдық 
нормаларға негізделген қажетті әлеуметтік құзыреттіліктерді қалыптастыруға 



ықпалдасады.
14. Әртүрлі әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға қатысты білім 
алушылардың бойында прогностикалық дайындықты қалыптастыруға 
бағытталған жаттығуларды оқыту барысында қосу. Ақыл-ой кемістігі бар білім 
алушыларға мүмкіндіктеріне қарай өзінің қалауы, істері мен әрекеттерінің 
салдарын болжауға оқыту қажет болып табылады. Түрлі практикалық 
жағдаяттарды сыныпта модельдеу барысында болжау («егер мен тиянақты, 
нақты және анық сөйлесем, онда …», «егер мен лас болсам, не айтуды 
білмесем, онда …», «егер мен ақша алсам, оны тез жұмсасам, онда …») 
бойынша жаттығуларды қосылады. Осындай тәсілдер жеңіл ақыл-ой кемістігі 
бар білім алушыларға өз қалауының салдарын түсініп, өзінің әрекеттері үшін 
жауапкершілікті сезінуге ықпалдасады.
15. Педагогикалық тәсілдерді жүзеге асыру оқытудың әр түрлі 
стратегияларын қолдануды қарастырады:
1) мұғалім мен білім алушы арасындағы сенім ахуалын құру; 
2) әр білім алушының пікірін тыңдау;
3) білім алушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес мұқият 
жинақталған тапсырмалар мен әрекет түрлерінің көмегімен ынталандырушы 
және дамытушы оқыту;
4) білім алушыларға түсінікті мысалдар негізінде мәселелерді шешу 
стратегияларын үлгілеу;
5) білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сараланған 
тапсырмаларды құрастыру; 
6) білім алушылардың жеке, топтық қызметтері және барлық сынып 
жұмысын ұйымдастыруды қосады.
16. «Қоғам және құқық» пәнін меңгеру барысында білім алушыларда 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту 
үшін жағдайлар жасалады. «Қоғам және құқық» пәнін оқыту кезінде 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану: 
1) құқықтық ақпаратты іздеу, оны таңдау және қолданумен байланысты 
дербес жұмыс дағдыларын дамыту; 
2) білім алушылардың білімдерін кеңейту үшін мультимедиялық 
ресурстарды қолдану;
3) белсенді оқытуды ұйымдастыруды техникалық тұрғыдан қолдау үшін 
интерактивті тақталарды қолдану; 
4) электрондық оқулықтарды қолдану; 
5) компьютерлік презентациялардың әртүрлі түрлерін қолдана отырып, 
таңдалған тақырып бойынша шығармашылық жобаларды құруды көздейді. 
17. «Қоғам және құқық» пәні бойынша оқыту процесінің мазмұны оқыту 
мақсаттарының жүйесіне бағынышты және білім алушылардың алған білімдері, 
біліктері мен дағдыларын өздігінен еңбек ету және әртүрлі өмірлік жағдайларда 
қолдануға дайындықты қалыптастыруға бағытталған.
18. «Қоғам және құқық» пәнін оқу білім алушылардың қоғамда 



әлеуметтенуі және қоршаған ортамен өзара әрекеттестікке қажет қарапайым 
құқықтық білімдер мен дағдыларды меңгеруді қамтамасыз етеді.
19. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған «Қоғам және 
құқық» курсының мазмұнында құрылымы жеңілдетілген, көлемі анағұрлым 
қысқартылған және білімдер жүйесінің жалпылау деңгейі қарапайым 
бағдарлама берілген. Сонымен қатар, осы салаға тән білімдердің құрылымдық 
біртұтастығы сақталады. 
20. «Қоғам және құқық» пәнін меңгеру барысында «Математика», 
«География», «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» пәндерімен пәнаралық 
байланыстар орнатылады. 
3-тарау. «Қоғам және құқық» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 
21. «Қоғам және құқық» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 8-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты; 
2) 9-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты; 
3) 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
22. «Қоғам және құқық» пәні бойынша бағдарламаның оқу материалының 
құрылымының негізіне білім алушыларға берілетін ақпаратты біртіндеп 
күрделендіре түсетін сызбалы әдіс енген.
23. «Қоғам және құқық» оқу пәнінің мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) 1-бөлім «Құқық және мемлекет»; 
2) 2-бөлім «Конституциялық құқық»; 
3) 3-бөлім «Отбасы құқығы»; 
4) 4-бөлім «Еңбек құқығы»; 
5) 5-бөлім «Қылмыстық құқық»; 
6) 6-бөлім «Әкімшілік құқық»; 
7) 7-бөлім «Азаматтық құқық». 
24. «Құқық және мемлекет» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 
1) адам және қоғам; 
2) құқықтық мемлекет және қоғам. 
25. «Конституциялық құқық» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 
1) адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары; 
2) мемлекеттік органдардың конституциялық жүйесі. 
26. «Отбасы құқығы» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 
1) отбасы құқығы түсінігі; 
2) отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері; 
3) отбасының қоғамдағы маңызы. 
27. «Еңбек құқығы» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 
1) еңбек құқығы түсінігі; 
2) еңбек жағдайлары мен қорғау; 
3) еңбек шарты. 



28. «Қылмыстық құқық» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 
1) қылмыстық құқық түсінігі; 
2) қылмыс түсінігі; 
3) қылмыстық жауапкершілік. 
29. «Әкімшілік құқық» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 
1) әкімшілік құқық түсінігі; 
2) әкімшілік жауапкершілік; 
3) әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу. 
30. «Азаматтық құқық» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 
1) азаматтық құқық түсінігі; 
2) меншік құқығы; 
3) азаматтық құқықтағы міндеттемелер және жауапкершілік; 
4) тұтынушылардың құқығын қорғау. 
31. 8-сыныпқа арналған «Қоғам және құқық» оқу пәнінің базалық 
мазмұны:
1) құқық және мемлекет – Адам және қоғам: қоғам ортақ өмір мен 
әрекеттердің белгілі бір түрлерімен біріктірілген адамдар қауымдастығы 
ретінде; неліктен қоғам арнайы ережелерге мұқтаж; ережелердің қоғам 
өміріндегі рөлі; қоғам өмірінің салалары; қоғамдық қатынастар; әлеуметтік 
нормалар – адамдардың қоғамда тәртіп ережелері; негізгі әлеуметтік нормалар: 
мораль, құқық, тыйымдар, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар; мораль, 
адамгершілік; жалпыадамзаттық құндылықтар; жақсылық пен жамандық, 
ақиқат пен жалған түсініктері; өмір – ең үлкен құндылық; моралды талаптар 
мен адамдардың мінез-құлығы; сыпайылық ережелері; қоғамдағы адам;
2) құқықтық мемлекет және қоғам: «мемлекет» деген не; азамат ұғымы; 
Біздің Отан – Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік рәміздері; мемлекет пен құқықтың өзара байланысы; басқа 
қоғамдық бірлестіктерден мемлекетті айыратын белгілер; құқық және заң; 
құқықтың қайнаркөздері; заңнамалық билік; Қазақстан Республикасында 
заңдар қалай қабылданады; құқық жүйесі; құқық салалары: мемлекеттік құқық, 
конституциялық құқық, азаматтық құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, 
әкімшілік құқық, қылмыстық құқық; халықаралық құқық; Адам құқықтарының 
жалпыға бірдей декларациясы, Бала құқықтары туралы Конвенция; адамның 
бостандығы мен жауапкершілігінің шарасы ретінде «құқық» ұғымы; қоғам мен 
мемлекет өмірінде құқықтың рөлі; 
3) конституциялық құқық: Қазақстан Республикасының Конституциясы – 
негізгі заңы; Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау тарихы; 
Қазақстан Республикасының Конституциясының құрылымы; Қазақстан 
Республикасының заңнамалық билік органдары: Парламент, Сенат, Мәжіліс; 
олардың 
құрамы, 
сайлануы, 
өкілеттілігі; 
сот 
билігі; 
Қазақстан 
Республикасының сот билігінің құрылымы мен өкілеттілігі; Прокуратура және 
құқық қорғау органдары; жергілікті атқарушы органдар; Қазақстан 
Республикасының Президенті, оның мемлекет билігі жүйесіндегі рөлі мен 



орны; тұлғаның ажырамас құқықтары: өмір сүру, жеке басқа қол сұқпаушылық 
пен ар-намыс құқығы; адамның әлеуметтік құқықтары; тұрғын үй құқықтары; 
медициналық қызметке құқығы; демалуға құқығы; саяси құқықтар мен 
бостандықтар; діни нанымдар және олардың заманауи әлемдегі орны; ар-намыс 
бостандығы; білім алу құқығы; мәдени құндылықтарға қолжетімділік құқығы; 
Қазақстан Республикасының азаматтығы; азаматтардың негізгі міндеттемелері. 
32. 9-сыныпқа арналған «Қоғам және құқық» оқу пәнінің базалық 
мазмұны:
1) отбасы құқығы: отбасы құқығының негіздері; адам өмірі және қоғамда 
отбасының рөлі; отбасы құрамы, отбасындағы рөлдік қарым-қатынастар; 
отбасында әке мен ананың рөлі; отбасы мүшелерінің жауапкершілігі; үй 
шаруашылығы; ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері; ата-аналардың 
құқықтары мен міндеттері; Бала құқықтары мен міндеттері туралы Конвенция;
2) еңбек құқығы: еңбек құқығы негіздері; еңбек және еңбек қатынастары; 
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; еңбекке құқығы; Жеке еңбек 
шарты; қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары және міндеттері; жұмыс 
уақыты және демалыс уақыты; еңбекақыны төлеу; кепілдіктер мен өтемақылар; 
еңбекті қорғау; еңбек тәртібі; қызметкерлердің тәртіптік және материалдық 
жауапкершілігі; еңбек даулары – шешу жолдары; еңбек даулары бойынша 
комиссия; еңбек шартын тоқтату және бұзу негіздемесі; кәмелеттік жасқа 
жетпегендердің еңбек ерекшеліктері; 
3) қылмыстық құқық: қылмыстық құқық түсінігі; тағайындалу, 
қайнаркөздер мен қағидалар; қылмыс ұғымы; қылмыс санаттары мен түрлері; 
қылмысқа араласқаны және қатысқаны үшін жауапкершілік; қылмыстық 
жауапкершілікке тарту кезеңдері; қылмыстық жаза, оның түрлері; мәжбүрлеу 
шаралары; қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату; кәмелетке 
толмағандардың жауапкершілігі; жазаны ауырлататын және жеңілдететін 
жағдайлар; елдегі құқық қорғау органдары. 
33. 10-сыныпқа арналған «Қоғам және құқық» оқу пәнінің базалық 
мазмұны:
1) әкімшілік құқық: әкімшілік құқық ұғымы және қайнаркөздері;. 
әкімшілік құқықтық қатынастарының субъектілері; әкімшілік реттеу әдістері; 
әкімшілік құқық бұзушылық белгілері мен түрлері; әкімшілік жаза; атқарушы 
билік; жергілікті өкілдік органдары: жүйе, құрылымы, міндеттері, сайлау 
тәртібі; мемлекеттік қызмет; 
2) азаматтық құқық: азаматтық құқық ұғымы; азаматтық құқық жүйесі, 
жалпы және ерекше бөлімдері; меншік және мүліктік қатынастар; меншік иесі 
болу деген не; мүліктік қатынастарды заңмен реттеу; азаматтардың меншік 
құқықтарын қорғау; кәмелетке толмағандардың мүліктік құқықтары мен 
жауапкершілігі; зияткерлік меншік құқығы; мұрагерлік құқығы. 



4-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі 
34. Бағдарламада оқу мақсаттарын қолдану қолайлығы үшін кодтар 
берілген. Кодтағы бірінші сан сыныпты, екінші – бөлімді, үшінші
сан – бөлімшені, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін білдіреді. Мысалы, 
8.2.1.4 кодында: «8» – сынып, «2» – бөлім, «2.1» – бөлімше, «4» – оқу 
мақсатының нөмірленуі.
35. Оқыту мақсаттары бойынша күтілетін нәтижелер: 
1) 1-бөлім «Құқық және мемлекет»: 
1-кесте 
8-сынып 
Бөлімше 
Оқыту мақсаттары 
1.1 Адам және қоғам
8.1.1.1 «қоғам» ұғымы туралы қарапайым деңгейде 
айту 
8.1.1.2 ережелер не үшін керек екендігі туралы 
қарапайым деңгейде түсіндіру 
8.1.1.3 адамдардың қоғамда тәртіп ережелері туралы 
айту
8.1.1.4 адам өмірінде құқықтың рөлі туралы түсініктің 
болуы
8.1.1.5 қоғамның әлеуметтік нормалары (тыйымдар, 
салт-дәстүрлер, мораль, этикет) туралы педагогтың 
көмегімен айтып, белгілеу
8.1.1.6 қоғамда қалыптасқан сыпайылық пен мінез-
құлық ережелерін (көлікте қарттарға орын беру, яғни 
мораль қарттар мен ауруларға күтім жасауды 
белгілейді) мысалдар арқылы түсіндіру
8.1.1.7 өзінің әрекеттері үшін жеке жауапкершілік 
туралы білу
8.1.1.8 жақсылық пен жамандық, ақиқат пен жалған 
түсініктері ажырата білу
8.1.1.9 жалпыадамзаттық құндылықтардың мағынасын 
түсіну
8.1.1.10 этикет пен сыпайылықтың негізгі ережелерін 
қолдану 
8.1.1.11 қоғамда қалыптасқан негізгі салт-дәстүрлер 
мен әдет-ғұрыптарды білу
1.2 Құқықтық 
мемлекет және 
азаматтық қоғам 
8.1.2.1 мемлекеттік рәміздердің атауларын білу және 
оларды ажырату
8.1.2.2 «қоғам» ұғымы туралы өз түсініктерін 
қарапайым сөздермен түсіндіру
8.1.2.3 
«мемлекет» 
ұғымы 
және 
мемлекетті 



анықтайтын белгілер туралы түсініктерінің болуы
8.1.2.4 
мемлекеттің 
сыртқы 
қызметтерін 
(ел 
қорғанысы, сыртқы саяси қызметтер, халықаралық 
ынтымақтастық) білу 
8.1.2.5 мемлекеттің ішкі қызметтерін (адам құқықтары 
мен 
бостандықтарын 
қорғау, 
тәртіп 
құқығын 
қамтамасыз ету) білу 
8.1.2.6 құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерін (заң 
алдында барлығының теңдігі, мемлекет пен тұлғаның 
жауапкершілігі) білу 
8.1.2.7 
құқықтың қалыптасу негізі (құқықтың 
қайнаркөздері) туралы білу 
8.1.2.8 құқық салаларын атап шығу 
8.1.2.9 құқық қорғау органдарын педагогтың көмегімен 
атау және олардың қызметтерін сипаттау
8.1.2.10 Бала құқықтары туралы Конвенцияның 
мазмұны туралы жалпы түсінігінің болуы 
8.1.2.11 өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, 
балалардың өмірін жақсартуға бағытталған негізгі 
мемлекеттік минималды әлеуметтік стандарттарды 
сақтау (тегін медициналық көмек көрсету; дене және 
психикалық күштеуден қорғау; қажетті өмір деңгейі; 
ата-аналардан қажетті көмекті алу) туралы түсініктің 
болуы 
8.1.2.12 
азаматтар 
алдындағы 
мемлекеттің 
жауапкершілігі туралы өз түсінігін қарапайым 
сөздермен түсіндіру
8.1.2.13 адам мен азаматтың негізгі құқықтары және 
бостандықтары (белгілі бір әрекеттерді жасау 
мүмкіндігі, өз қажеттіліктері мен қызығушылықтарын 
қанағаттандыру үшін нақты құқықтарды қолдану) 
туралы түсініктің болуы 
8.1.2.14 «адам құқықтары» мен «азамат құқықтары» 
түсінігінің қарапайым деңгейін ажырату және 
түсіндіру
8.1.2.15 адамның жеке құқықтарын атау: өмір сүруге 
құқығы, жеке бостандығына құқығы, тұрғын үйге қол 
сұқпаушылық, орын ауыстыру және тұрғылықты жерін 
таңдау құқығы 
8.1.2.16 азамат құқығы туралы (мемлекет істерін 
басқаруға қатысу құқығы, сайлау және мемлекеттік 
билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына 
сайлану құқығы; референдумға қатысу құқығы; 


10 
мемлекеттік қызметке тең қолжетімділік құқығы) айту 
8.1.2.17 Қазақстан Республикасы азаматтығын алу 
үшін қандай органдарға жүгіну керек екендігін білуі 
8.1.2.18 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше 
жағдайлардың салдарларын ескерту мен жоюға қандай 
ұйымдар жауап беретінін айту 
8.1.2.19 
халыққа 
жедел 
медициналық 
және 
психологиялық көмекті қандай ұйымдар көрсететінін 
атау 
8.1.2.20 төтенше жағдайда қандай ұйымдар көмек 
көрсететінін атау 
8.1.2.21 өрт сөндіру қызметін қандай ұйымдар 
қамтамасыз ететіні туралы түсінігінің болуы
2) 2-бөлім «Конституциялық құқық»: 
2-кесте 
8-сынып 
Бөлімше 
Оқыту мақсаттары: 
2.1 Адамның және 
азаматтың 
құқықтары мен 
бостандықтары 
8.2.1.1 бостандық ұғымы туралы қарапайым деңгейде 
айту 
8.2.1.2 азамат ретінде өз құқықтарын атап өту 
8.2.1.3 медициналық қызметке өз құқықтарын білу
8.2.1.4 білім алуға өз құқықтарын білу
8.2.1.5 әлеуметтік қамтамасыз етуге өз құқықтарын 
білу 
8.2.1.6 Қазақстанда бар негізгі діни конфессияларды 
атау 
8.2.1.7 әлеуметтік құқықтарына қысым жасалған кезде 
жүгінуге болатын ұйымдардың атауларын білу 
8.2.1.8 мемлкеттік органдарға жүгіну рәсімін білу
2.2 Мемлекеттік 
органдардың 
конституциялық 
жүйесі
1) 
2) 
8.2.2.1 
Қазақстан Республикасы Конституциясы 
туралы түсінігінің болуы 
3) 
8.2.2.2 Қазақстан Республикасы Конституциясының 
қабылданған күнін білу 
4) 
8.2.2.3 
конституциялық 
құқық 
қайнаркөздерін 
(Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 
заңдары) білу 
5) 
8.2.2.4 адамның негізгі конституциялық құқықтарын 
атау: өмір сүру, бостандық пен жеке басқа қол 
сұқпаушылық құқығы 
6) 
8.2.2.5 әрбір азамат адам, әр адам азамат екенін білу
7) 
8.2.2.6 
Қазақстан Республикасы 
азаматтарының 


11 
конституциялық міндеттерін атау
8) 
8.2.2.7 
адамдардың құқықтары, бостандықтары, 
абыройы және адамгершілігін құрметтеу міндетін білу
9) 
8.2.2.8 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
рәміздерін құрметтеу міндетін білу 
10) 
8.2.2.9 заңда белгіленген салықтар, алымдар және 
төлемдерді төлеу міндетін білу 
11) 
8.2.2.10 өз Отанын қорғау міндеті мен борышын білу 
12) 
8.2.2.11 тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау мен 
қамқорлық таныту міндетін білу 
13) 
8.2.2.12 табиғатты сақтау және табиғи байлықтарды 
күтіп ұстау міндетін білу 
14) 
8.2.2.13 Қазақстан Республикасында сайлау қалай 
өтетіні туралы түсініктің болуы 
15) 
8.2.2.14 Қазақстан Республикасының заңнамалық, 
орындаушы және сот билігі туралы түсінігінің болуы 
16) 
8.2.2.15 Қазақстан Республикасының әрбір билігінің 
құрылымы мен өкілеттігін қарапайым деңгейде 
сипаттау 
17) 
8.2.2.16 
жергілікті 
билік 
органдары 
туралы 
мәліметтерді білу 
18) 
8.2.2.17 мемлекеттік билік жүйесінде Қазақстан 
Республикасы Президентінің рөлі (Президенттің 
жарлықтары мен өкімдерінің заңды күші болуы; 
мемлекеттік бағдарламаларды бекіту; халықаралық 
келіссөздерді жүргізу және шарттарға қол қою; 
төтенше және әскери жағдайды енгізу) туралы айту 
3) 3-бөлім «Отбасы құқығы»: 
3-кесте 
9-сынып 
Бөлімше 
Оқыту мақсаттары: 
3.1 Отбасы құқығы 
ұғымы 
9.3.1.1 отбасы құқығы ұғымы туралы қарапайым 
деңгейде айту 
9.3.1.2 «отбасы» не екенін түсіндіре алу
9.3.1.3 неке мен отбасы, ана, әке және балалық шақ 
мемлекет қорғауында екендігін білу
9.3.1.4 неке ер мен айелдің тең құқылы одағы екенін 
білу 
9.3.1.5 ер мен айелдің қай жаста некеге тұратынын 
білу 
9.3.1.6 азаматтық хал актілерін тіркеу мемлекеттік 


12 
органдарында жасалған неке ресми танылатынын білу 
9.3.1.7 ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік 
құқықтары мен міндеттерін білу 
9.3.1.8 адамдардың бірі басқа некеде тіркеліп тұрған 
жағдайда 
адамдар 
арасындағы 
неке 
рұқсат 
етілмейтінін білу 
9.3.1.9 жоғары көтерілетін және төмен түсетін сызық 
бойынша тікелей туысқандар (ата-аналармен және 
балалармен, атамен, әжемен және немерелермен), 
толық және толық емес туысқандықтағы әкесі мен 
анасы ортақ аға-інілер және әпке-сіңлілер арасында 
неке жасау рұқсат етілмейтінін білу 
9.3.1.10 ерлі-зайыптылардың неке уақытында жинаған 
мүліктері жалпы ортақ меншік болып табылатынын 
білу 
9.3.1.11 неке шарты туралы түсінігінің болуы 
9.3.1.12 әрбір ерлі-зайыптының жеке қолдану заттары 
меншігі болып табылатынын білу 
9.3.1.13 алименттік қатынастар туралы түсінігінің 
болуы 
9.3.1.14 отбасында үй шаруашылығын жүргізуге өзінің 
қатысуы туралы айту 
9.3.1.15 бағу мен қамқоршылық туралы түсініктің 
болуы 
9.3.1.16 мұрагерлік құқық туралы түсініктің болуы 
9.3.1.17 отбасы бюджетін жүргізу туралы түсініктің 
болуы 
9.3.1.18 отбасы құқықтары мен міндеттеріне қатысты 
практикалық міндеттерді шешу үшін жүгінетін 
ұйымдардың атауын білу 
3.2 
Отбасы 
мүшелерінің 
құқықтары 
мен 
міндеттері 
9.3.2.1 отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері 
туралы қарапайым деңгейде айту 
9.3.2.2 ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері 
туралы білу 
9.3.2.3 отбасының әр мүшесінің міндеттері туралы 
айту 
9.3.2.4 
ата-аналардың 
міндеттерін 
білу: 
өз 
балаларының денсаулығының қамын ойлау, өз 
балаларын тәрбиелеу құқығына ие және міндетті 
9.3.2.5 балалардың міндеттерін білу 
9.3.2.6 балалардың отбасында өмір сүру және 
тәрбиеленуіне құқығы, өзінің ата-аналарын білу 
құқығы, олардың қамқорлығына ие болу құқығы, 


13 
өзінің ата-аналары, аталары, әжелері, аға-інілері, әпке-
сіңлілері және туысқандарымен қарым-қатынас құру 
құқығын білу 
9.3.2.7 Бала құқықтары туралы Конвенция туралы 
түсінігінің болуы 
9.3.2.8 отбасы қатынастарының қарапайым әдеп 
ережелерін білу 
3.3 Отбасының 
қоғамдағы маңызы  
9.3.3.1 адам және қоғам өміріндегі отбасының рөлі 
туралы түсініктің болуы
9.3.3.2 тату отбасы ұғымы туралы түсініктің болуы 
4) 4-бөлім «Еңбек құқығы»: 
4-кесте 
9-сынып 
Бөлімше 
Оқыту мақсаттары: 
4.1 Еңбек құқығы 
ұғымы 
9.4.1.1 еңбек құқығы ұғымы туралы қарапайым 
деңгейде айту 
9.4.1.2 жеке еңбек шартын толтыру
9.4.1.3 жеке және ұжымдық еңбек шарттарын ажырату
9.4.1.4 еңбек шартының негізгі тармақтарын (жұмыс 
уақыты, демалыс уақыты, демалыс ұзақтығы, еңбекақы 
мөлшері) таба білу 
9.4.1.5 еңбек тәртібі туралы негізгі түсініктің болуы
9.4.1.6 ішкі тәртіп ережелерін білу 
9.4.1.7 кәмелетке толмағандардың еңбегінің негізгі 
ережелерін білу
9.4.1.8 еңбек кітапшасын кім толтыратынын білу
9.4.1.9 педагогтың көмегімен іскерлік қағаздар және 
стандартты бланктерді толтыру
9.4.1.10 еңбек дауларын шешу үшін жүгінетін 
ұйымдардың атауларын білу
9.4.1.11 қызметкерлердің кәсіпорын, мекеме не ұйымға 
келтіретін зиянға материалдық жауапкершілігі туралы 
білу
9.4.1.12 қызметкердің кінәсі болған жағдайда ғана 
келтірілген зиянға материалдық жауапкершілікті арту 
туралы білу
9.4.1.13 қызметкер мен кәсіпорын арасында мүлікті 
сақтауға қызметкердің жауапкершілікті өзіне алу 
туралы жазбаша шарт жасалатыны туралы білу
4.2 Еңбек шарттары 
және қорғау 
9.4.2.1 әртүрлі кәсіпорындардағы еңбек жағдайлары 
туралы білу 


14 
9.4.2.2 еңбек гигиенасының негізгі ережелерін білу 
9.4.2.3 «кәсіби ауру» ұғымы туралы түсініктің болуы 
4.3 Еңбек шарты
9.4.3.1 еңбек шартының негізгі тармақтарын білу
9.4.3.2 
еңбек шарты қандай жақтар арасында 
жасалатынын білу, жұмыс беруші және қызметкер
9.4.3.3 еңбек шартын оқу және қол қою
9.4.3.4 еңбек шартының түрлерін ажырата білу: 
белгісіз мерзімге, 5 жылдан аспайтын белгілі мерзімге, 
уақытша қызметкермен, мезгілдік қызметкермен
9.4.3.5 жұмысқа қабылдау туралы өтініш жаза алу
9.4.3.6 жұмыстан шығу туралы өтініш жаза алу 
9.4.3.7 демалыс беру туралы өтініш жаза алу 
9.4.3.8 түсініктеме қағаз жазу
5) 5-бөлім «Қылмыстық құқық»: 
5-кесте 
9-сынып 
Бөлімше 
Оқыту мақсаттары: 
5.1 
Қылмыстық 
құқық ұғымы 
9.5.1.1 қылмыстық құқық ұғымы туралы қарапайым 
деңгейде айту
9.5.1.2 қылмыстық құқықта қолданылатын терминдер 
туралы түсініктің болуы: айып, рақымшылық, 
бопсалаушылық, серіктесу, тұтқынға алу
9.5.1.3 полиция қызметтері туралы түсініктің болуы: 
құқық бұзушылықтардың алдын алу; қоғамдық 
тәртіпті қорғау; қылмыспен күрес; қылмыстық жазалау 
және әкімшілік жазаларды орындау
5.2 Қылмыс ұғымы 
9.5.2.1 «қылмыс» ұғымы туралы түсініктің болуы
9.5.2.2 «арандатушы», «дәлдеуші», «қатысушы», 
«орындаушы» және «астыртын айдап салушы» 
ұғымдары туралы түсініктің болуы 
9.5.2.3 
қылмыстық 
жазаны 
өтейтін 
құқық 
бұзушылықтар туралы мәліметтердің болуы 
9.5.2.4 жазалау мен оның мақсаттары туралы түсініктің 
болуы
9.5.2.5 «мәжбүрлеу шаралары» ұғымы туралы 
түсініктің болуы 
9.5.2.6 негізгі жазалар: айыппұл, нақты қызметпен 
айналысу құқығынан айрылу, қоғамдық жұмыстарға 
тарту, түзету жұмыстары, тұтқынға алу, бостандықтан 
айыру туралы түсініктің болуы 
9.5.2.7 өмірдегі практикалық мәселелерді шешу үшін 


15 
жүгінетін құқықтық ұйымдардың атауын білу
5.3 Қылмыстық 
жауапкершілік
9.5.3.1 қылмысқа араласу мен қатысуға жауапкершілік 
туралы түсініктің болуы
9.5.3.2 қылмыстық жауапкершіліктен босатуға негіз 
болатын факторлар туралы мәліметтердің (қажетті 
қорғанысты арттыру, жәбірленушімен табысу, өкіну) 
болуы 
6) 6-бөлім «Әкімшілік құқық»: 
6-кесте 
10-сынып 
Бөлімше 
Оқыту мақсаттары: 
6.1 Әкімшілік құқық 
ұғымы 
10.6.1.1 әкімшілік жауапкершілік ұғымы туралы 
түсініктің болуы
10.6.1.2 әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу 
шараларын жүзеге асыруға қатысу
6.2 
Әкімшілік 
жауапкершілік 
10.6.2.1 кішігірім бұзақылықтың не екенін (қоғамдық 
орындардағы балағат сөздер, азаматтарға тіл тигізу, 
қоғамдық тәртіп пен азаматтардың сабырлығын 
бұзатын әрекеттер) білу 
10.6.2.2 кішігірім бұзақылыққа айыппұл тағылатынын 
білу 
10.6.2.3 қоғамдық орындарда жүріп-тұру ережелерінің 
талаптарын орындау 
10.6.2.4 жер және су ресурстарын тиімді қолданудың 
негізгі ережелері мен нормалары туралы түсініктің 
болуы
10.6.2.5 атмосфералық ауаның ластануынан сақтау 
ережелері туралы түсініктің болуы 
10.6.2.6 жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау 
туралы түсініктің болуы
10.6.2.7 Қызыл кітаптың маңызы туралы түсініктің 
болуы 
10.6.2.8 
Қызыл кітапқа енген жануарлар мен 
өсімдіктерді атау
10.6.2.9 жол жүру қозғалысының негізгі ережелерін 
білу
10.6.2.10 негізгі кеден ережелері туралы түсініктің 
болуы 
10.6.2.11 әкімшілік құқық бұзушылықтар кезінде 
жүгінетін ұйымдардың аталуын білу
6.3 Әкімшілік құқық 10.6.3.1 «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» 


16 
бұзушылықтардың 
алдын алу
 
Қазақстан Республикасы Заңының жалпы ережелері 
туралы түсініктің болуы 
10.6.3.2 құқық бұзушылықтардың алдын алу кешеніне 
кіретін ұғымдар туралы түсініктің болуы: әлеуметтік 
бейімдеу, әлеуметтік оңалту, құқықтық тәрбие
7) 7-бөлім «Азаматтық құқық»: 
7-кесте 
10-сынып 
Бөлімше 
Оқыту мақсаттары: 
7.1 Азаматтық құқық 
түсінігі 
10.7.1.1 азаматтық құқық туралы түсініктің болуы
10.7.1.2 
мүліктік 
қатынастармен 
байланысты 
әрекеттерге 
(ұрлық, 
тонау, 
бопсалаушылық) 
жауапкершілік туралы мәліметтерге ие болу 
10.7.1.3 азаматтық құқықтарда келіспеушіліктерді 
шешу үшін жүгінетін құқықтық ұйымдардың атауын 
білу
7.2 Меншік құқығы 
10.7.2.1 меншік туралы түсініктің болуы 
10.7.2.2 меншік мемлекетпен қорғалатынын білу
10.7.2.3 меншік құқықтарын қорғауға тартылған 
органдарды білу
10.7.2.4 
азаматтардың 
кәсіпкерлік 
қызметпен 
айналысуға құқығы бар екенін білу
10.7.2.5 мемлекеттік және жеке меншікті ажырата білу
7.3 Азаматтық құқық 
міндеттемелері және 
жауапкершілік 
 
10.7.3.1 азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы 
түсініктің болуы 
10.7.3.2 азаматтың негізгі міндеттерін білу 
10.7.3.3 азаматтың азаматтық құқықтағы міндеті 
(мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу) туралы 
түсініктің болуы 
10.7.3.4 кредит беруші, қарыздар, жалдау, өсімпұл, 
кепіл ұғымдары туралы түсініктің болуы 
10.7.3.5 материалдық жауапкершілік, тұрақсыздық 
төлемі, кепілдеме ұғымдары туралы түсініктің болуы 
7.4 Тұтынушылар 
құқығын қорғау 
10.7.4.1 тұтынушылардың құқықтарын қарапайым 
деңгейде қорғауды түсіндіру
10.7.4.2 сатып алу, қызметтер көрсету және лайықсыз 
тауарды ауыстыру немесе қайтару жұмыстарын 
орындау кезінде алған білімдерін қолдана алу
10.7.4.3 өз құқықтарын білу және тауардың тиісті 
сапасын талап ете алу
10.7.4.4 өз құқықтарын білу және тауар, жұмыс не 


17 
қызметтің жеткіліксіздігі салдарынан туындаған 
шығындарын талап ете алу 
36. Осы Бағдарлама жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға 
арналған 8-10 сыныптары үшін «Қоғам және құқық» пәнінен жаңартылған 
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспары негізінде осы 
Бағдарламаның қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді 
жоспарда барлық сынып бойынша әр бөлімде қамтылатын оқу мақсаттарының 
көлемі белгіленген. 
37. Бөлімдер мен тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің 
еркіне қалдырылады.


18 
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім 
алушыларға арналған 8-10 сыныптары 
үшін «Қоғам және құқық» пәнінен 
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу 
бағдарламасына қосымша 
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 8-10 сыныптары үшін «Қоғам және 
құқық» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын
жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар 
1) 8-сынып: 
1-кесте 
Бөлім 
Бөлімше 
Оқыту мақсаттары 
1-тоқсан 
1. Құқық пен 
мемлекет
1.1 Адам және 
қоғам
8.1.1.1 «қоғам» ұғымы туралы қарапайым деңгейде 
айту 
8.1.1.2 ережелер не үшін керек екендігі туралы 
қарапайым деңгейде түсіндіру 
8.1.1.3 адамдардың қоғамда тәртіп ережелері 
туралы айту
8.1.1.4 адам өмірінде құқықтың рөлі туралы 
түсініктің болуы
8.1.1.5 
қоғамның 
әлеуметтік 
нормалары 
(тыйымдар, салт-дәстүрлер, мораль, этикет) туралы
педагогтың көмегімен айтып, белгілеу
8.1.1.6 қоғамда қалыптасқан сыпайылық пен мінез-
құлық ережелерін (көлікте қарттарға орын беру, 
яғни мораль қарттар мен ауруларға күтім жасауды 
белгілейді) мысалдар арқылы түсіндіру
1.2 Құқықтық 
мемлекет және 
қоғам 
8.1.2.1 мемлекеттік рәміздердің атауларын білу 
және оларды ажырату
8.1.2.2 «қоғам» ұғымы туралы өз түсініктерін 
қарапайым сөздермен түсіндіру
8.1.2.3 «мемлекет» ұғымы және мемлекетті 
анықтайтын белгілер туралы түсініктерінің болуы
2-тоқсан 
1. Құқық пен 
мемлекет
1.1 Адам және 
қоғам
8.1.1.7 өзінің әрекеттері үшін жеке жауапкершілік 
туралы білу
8.1.1.8 жақсылық пен жамандық, ақиқат пен 
жалған түсініктері ажырата білу
8.1.1.9 
жалпыадамзаттық 
құндылықтардың 
мағынасын түсіну: адам өмірінің құндылығы
8.1.1.10 этикет пен сыпайылықтың негізгі 
ережелерін қолдану 
8.1.1.11 қоғамда қалыптасқан негізгі салт-
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды білу
1.2 Құқықтық 
8.1.2.4 мемлекеттің сыртқы қызметтерін (ел 


19 
мемлекет және 
қоғам 
қорғанысы, сыртқы саяси қызметтер, халықаралық 
ынтымақтастық) білу 
8.1.2.5 мемлекеттің ішкі қызметтерін (адам 
құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тәртіп 
құқығын қамтамасыз ету) білу 
8.1.2.6 құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерін 
(заң алдында барлығының теңдігі, мемлекет пен 
тұлғаның жауапкершілігі) білу 
3-тоқсан 
1. Құқық пен 
мемлекет 
1.2 Құқықтық 
мемлекет және 
қоғам 
8.1.2.7 құқықтың қалыптасу негізі (құқықтың 
қайнаркөздері) туралы білу 
8.1.2.8 құқық салаларын атап шығу 
8.1.2.9 құқық қорғау органдарын педагогтың 
көмегімен атау және олардың қызметтерін 
сипаттау
8.1.2.10 Бала құқықтары туралы Конвенцияның 
мазмұны туралы жалпы түсінігінің болуы 
8.1.2.11 өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, 
балалардың өмірін жақсартуға бағытталған негізгі 
мемлекеттік минималды әлеуметтік стандарттарды 
сақтау (тегін медициналық көмек көрсету; дене 
және психикалық күштеуден қорғау; қажетті өмір 
деңгейі; ата-аналардан қажетті көмекті алу) туралы 
түсініктің болуы 
8.1.2.12 
азаматтар 
алдындағы 
мемлекеттің 
жауапкершілігі туралы өз түсінігін қарапайым 
сөздермен түсіндіру
8.1.2.13 адам мен азаматтың негізгі құқықтары 
және бостандықтары (белгілі бір әрекеттерді жасау 
мүмкіндігі, 
өз 
қажеттіліктері 
мен 
қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін нақты 
құқықтарды қолдану) туралы түсініктің болуы 
8.1.2.14 
«адам 
құқықтары» 
мен 
«азамат 
құқықтары» түсінігінің қарапайым деңгейін 
ажырату және түсіндіру
8.1.2.15 адамның жеке құқықтарын атау: өмір 
сүруге құқығы, жеке бостандығына құқығы, 
тұрғын үйге қол сұқпаушылық, орын ауыстыру 
және тұрғылықты жерін таңдау құқығы 
8.1.2.16 азамат құқығы (мемлекет істерін басқаруға 
қатысу құқығы, сайлау және мемлекеттік билік пен 
жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлану 
құқығы; 
референдумға 
қатысу 
құқығы; 
мемлекеттік қызметке тең қолжетімділік құқығы) 
туралы айту 
8.1.2.17 Қазақстан Республикасы азаматтығын алу 
үшін қандай органдарға жүгіну керек екендігін 
білу 
4-тоқсан 
1. Құқық пен 1.2 Құқықтық 
8.1.2.18 табиғи және техногендік сипаттағы 


20 
мемлекет 
мемлекет және 
қоғам 
төтенше жағдайлардың салдарларын ескерту мен 
жоюға қандай ұйымдар жауап беретінін айту 
8.1.2.19 халыққа жедел медициналық және 
психологиялық 
көмекті 
қандай 
ұйымдар 
көрсететінін атау 
8.1.2.20 төтенше жағдайда қандай ұйымдар көмек 
көрсететінін атау 
8.1.2.21 өрт сөндіру қызметін қандай ұйымдар 
қамтамасыз ететіні туралы түсінігінің болуы 
2.Конститутия 
лық құқық 
2.1 Адам және 
азаматтың 
құқықтары мен 
бостандықтары 
8.2.1.1 бостандық ұғымы туралы қарапайым 
деңгейде айту 
8.2.1.2 азамат ретінде өз құқықтарын атап өту 
8.2.1.3 медициналық қызметке өз құқықтарын білу
8.2.1.4 білім алуға өз құқықтарын білу
8.2.1.5 әлеуметтік қамтамасыз етуге өз құқықтарын 
білу 
8.2.1.6 
Қазақстанда 
бар 
негізгі 
діни 
конфессияларды атау 
8.2.1.7 әлеуметтік құқықтарына қысым жасалған 
кезде жүгінуге болатын ұйымдардың атауларын 
білу 
8.2.1.8 мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімін білу 
2) 9-сынып: 
2-кесте 
Бөлім 
Бөлімше 
Оқыту мақсаттары 
1-тоқсан 
3.Отбасы 
құқығы 
3.1 
Отбасы 
құқығы ұғымы 
9.3.1.1 отбасы құқығы ұғымы туралы қарапайым 
деңгейде айту 
9.3.1.2 «отбасы» не екенін түсіндіре алу
9.3.1.3 неке мен отбасы, ана, әке және балалық шақ 
мемлекет қорғауында екендігін білу
9.3.1.4 неке ер мен айелдің тең құқылы одағы 
екенін білу 
9.3.1.5 ер мен айелдің қай жаста некеге тұратынын 
білу 
9.3.1.6 азаматтық хал актілерін тіркеу мемлекеттік 
органдарында жасалған неке ресми танылатынын 
білу 
9.3.1.7 ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік 
құқықтары мен міндеттерін білу 
9.3.1.8 адамдардың бірі басқа некеде тіркеліп 
тұрған жағдайда адамдар арасындағы неке рұқсат 
етілмейтінін білу 
9.3.1.9 жоғары көтерілетін және төмен түсетін 
сызық бойынша тікелей туысқандар (ата-аналар 
және балалар, ата, әже және немерелермен), толық 
және толық емес туысқандықтағы әкесі мен анасы 
ортақ аға-інілер және әпке-сіңлілер арасында неке 


21 
жасау рұқсат етілмейтінін білу 
9.3.1.10 ерлі-зайыптылардың неке уақытында 
жинаған мүліктері жалпы ортақ меншік болып 
табылатынын білу 
9.3.1.11 неке шарты туралы түсінігінің болуы 
9.3.1.12 әрбір ерлі-зайыптының жеке қолдану 
заттары меншігі болып табылатынын білу 
9.3.1.13 алименттік қатынастар туралы түсінігінің 
болуы 
9.3.1.14 отбасында үй шаруашылығын жүргізуге 
өзінің қатысуы туралы айту 
9.3.1.15 бағу мен қамқоршылық туралы түсініктің 
болуы 
9.3.1.16 мұрагерлік құқық туралы түсініктің болуы 
9.3.1.17 отбасы бюджетін жүргізу туралы 
түсініктің болуы 
9.3.1.18 отбасы құқықтары мен міндеттеріне 
қатысты практикалық міндеттерді шешу үшін 
жүгінетін ұйымдардың атауын білу 
2-тоқсан 
3. Отбасы 
құқығы 
3.2 
Отбасы 
мүшелерінің 
құқықтары 
мен 
міндеттері 
9.3.2.1 отбасы мүшелерінің құқықтары мен 
міндеттері туралы қарапайым деңгейде айту 
9.3.2.2 
ерлі-зайыптылардың 
құқықтары 
мен 
міндеттері туралы білу 
9.3.2.3 отбасының әр мүшесінің міндеттері туралы 
айту 
9.3.2.4 
ата-аналардың 
өз 
балаларының 
денсаулығының қамын ойлау, өз балаларын 
тәрбиелеу құқығына ие және міндетті екендіктерін 
білу: 
9.3.2.5 балалардың міндеттерін білу 
9.3.2.6 балалардың отбасында өмір сүру және 
тәрбиеленуіне құқығы, өз ата-аналарын білу 
құқығы, олардың қамқорлығына ие болу құқығы, 
өз ата-аналары, аталары, әжелері, аға-інілерім, 
әпке-сіңлілерім және туысқандарымен қарым-
қатынас құру құқығын білу 
9.3.2.7 Бала құқықтары туралы Конвенция туралы 
түсінігінің болуы 
9.3.2.8 отбасы қатынастарының қарапайым әдеп 
ережелерін білу 
3.3 Отбасының 
қоғамдағы 
маңызы  
9.3.3.1 адам және қоғам өміріндегі отбасының рөлі 
туралы түсініктің болуы
9.3.3.2 тату отбасы ұғымы туралы түсініктің болуы 
3-тоқсан 
4. Еңбек құқығы 
4.1 Еңбек құқығы 
ұғымы 
9.4.1.1 еңбек құқығы ұғымы туралы қарапайым 
деңгейде айту 
9.4.1.2 жеке еңбек шартын толтыру
9.4.1.3 жеке және ұжымдық еңбек шарттарын 
ажырату


22 
9.4.1.4 еңбек шартының негізгі тармақтарын 
(жұмыс уақыты, демалыс уақыты, демалыс 
ұзақтығы, еңбекақы мөлшері) таба білу 
9.4.1.5 еңбек тәртібі туралы негізгі түсініктің 
болуы
9.4.1.6 ішкі тәртіп ережелерін білу 
9.4.1.7 кәмелетке толмағандардың еңбегінің негізгі 
ережелерін білу
9.4.1.8 еңбек кітапшасын кім толтыратынын білу
9.4.1.9 педагогтың көмегімен іскерлік қағаздар 
және стандартты бланктерді толтыру
9.4.1.10 еңбек дауларын шешу үшін жүгінетін 
ұйымдардың атауларын білу
9.4.1.11 қызметкерлердің кәсіпорын, мекеме не 
ұйымға 
келтіретін 
зиянға 
материалдық 
жауапкершілігі туралы білу
9.4.1.12 қызметкердің кінәсі болған жағдайда ғана 
келтірілген зиянға материалдық жауапкершілікті 
арттыру туралы білу
9.4.1.13 қызметкер мен кәсіпорын арасында 
мүлікті сақтауға қызметкердің жауапкершілікті 
өзіне алу туралы жазбаша шарт жасалатыны 
туралы білу 
4-тоқсан 
4. Еңбек құқығы 
4.2 
Еңбек 
шарттары 
және 
қорғау 
9.4.2.1 
әртүрлі 
кәсіпорындардағы 
еңбек 
жағдайлары туралы білу 
9.4.2.2 еңбек гигиенасының негізгі ережелерін білу 
9.4.2.3 «кәсіби ауру» ұғымы туралы түсініктің 
болуы 
4.3 Еңбек шарты
9.4.3.1 еңбек шартының негізгі тармақтарын білу
9.4.3.2 еңбек шарты қандай жақтар арасында 
жасалатынын білу, жұмыс беруші және қызметкер
9.4.3.3 еңбек шартын оқу және қол қою
9.4.3.4 еңбек шартының түрлерін ажырата білу: 
белгісіз мерзімге, 5 жылдан аспайтын белгілі 
мерзімге, 
уақытша 
қызметкермен, 
мезгілдік 
қызметкермен
9.4.3.5 жұмысқа қабылдау туралы өтініш жаза алу
9.4.3.6 жұмыстан шығу туралы өтініш жаза алу 
9.4.3.7 демалыс беру туралы өтініш жаза алу 
9.4.3.8 түсініктеме қағаз жазу
3) 10-сынып: 
3-кесте 
Бөлім 
Бөлімше 
Оқу мақсаттары 
1-тоқсан 
5. 
Қылмыстық 
құқық
5.1 
Қылмыстық 
құқық ұғымы 
9.5.1.1 қылмыстық құқық ұғымы туралы 
қарапайым деңгейде айту
9.5.1.2 қылмыстық құқықта қолданылатын 


23 
терминдер туралы түсініктің болуы: айып, 
рақымшылық, 
бопсалаушылық, 
серіктесу, 
тұтқынға алу
9.5.1.3 полиция қызметтері туралы түсініктің 
болуы: құқық бұзушылықтардың алдын алу; 
қоғамдық тәртіпті қорғау; қылмыспен күрес; 
қылмыстық жазалау және әкімшілік жазаларды 
орындау 
5.2 Қылмыс ұғымы 
9.5.2.1 «қылмыс» ұғымы туралы түсініктің 
болуы
9.5.2.2 «арандатушы», «дәлдеуші», «қатысушы», 
«орындаушы» және «астыртын айдап салушы» 
ұғымдары туралы түсініктің болуы 
9.5.2.3 қылмыстық жазаны өтейтін құқық 
бұзушылықтар туралы мәліметтердің болуы 
9.5.2.4 жазалау мен оның мақсаттары туралы 
түсініктің болуы
9.5.2.5 «мәжбүрлеу шаралары» ұғымы туралы 
түсініктің болуы 
9.5.2.6 негізгі жазалар: айыппұл, нақты 
қызметпен 
айналысу 
құқығынан 
айрылу, 
қоғамдық жұмыстарға тарту, түзету жұмыстары, 
тұтқынға алу, бостандықтан айыру туралы 
түсініктің болуы 
9.5.2.7 өмірдегі практикалық мәселелерді шешу 
үшін жүгінетін құқықтық ұйымдардың атауын 
білу 
2-тоқсан 
5. 
Қылмыстық 
құқық 
5.3 Қылмыстық 
жауапкершілік
9.5.3.1 қылмысқа араласу мен қатысуға 
жауапкершілік туралы түсініктің болуы
9.5.3.2 қылмыстық жауапкершіліктен босатуға 
негіз болатын факторлар туралы мәліметтердің 
(қажетті қорғанысты арттыру, жәбірленушімен 
табысу, өкіну) болуы 
6. 
Әкімшілік 
құқық
6.1 Әкімшілік құқық 
ұғымы 
10.6.1.1 әкімшілік жауапкершілік ұғымы туралы 
түсініктің болуы
10.6.1.2 әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын 
алу шараларын жүзеге асыруға қатысу
6.2 
Әкімшілік 
жауапкершілік 
10.6.2.1 кішігірім бұзақылықтың не екенін 
(қоғамдық 
орындардағы 
балағат 
сөздер, 
азаматтарға тіл тигізу, қоғамдық тәртіп пен 
азаматтардың сабырлығын бұзатын әрекеттер) 
білу 
10.6.2.2 
кішігірім 
бұзақылыққа 
айыппұл 
тағылатынын білу 
10.6.2.3 
қоғамдық 
орындарда 
жүріп-тұру 
ережелерінің талаптарын орындау 
10.6.2.4 жер және су ресурстарын тиімді 
қолданудың негізгі ережелері мен нормалары 
туралы түсініктің болуы


24 
10.6.2.5 атмосфералық ауаның ластануынан 
сақтау ережелері туралы түсініктің болуы 
10.6.2.6 жануарлар және өсімдіктер әлемін 
қорғау туралы түсініктің болуы
3-тоқсан 
6. 
Әкімшілік 
құқық
6.2 
Әкімшілік 
жауапкершілік 
10.6.2.7 Қызыл кітаптың маңызы туралы 
түсініктің болуы 
10.6.2.8 Қызыл кітапқа енген жануарлар мен 
өсімдіктерді атау
10.6.2.9 жол жүру қозғалысының негізгі 
ережелерін білу
10.6.2.10 негізгі кеден ережелері туралы 
түсініктің болуы 
10.6.2.11 әкімшілік құқық бұзушылықтар 
кезінде жүгінетін ұйымдардың аталуын білу 
6.3 Әкімшілік құқық 
бұзушылықтардың 
алдын алу
 
10.6.3.1 «Құқық бұзушылықтардың алдын алу 
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
жалпы ережелері туралы түсініктің болуы 
10.6.3.2 құқық бұзушылықтардың алдын алу 
кешеніне кіретін ұғымдар туралы түсініктің 
болуы: әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік оңалту, 
құқықтық тәрбие
7. 
Азаматтық 
құқық 
7.1 Азаматтық құқық 
түсінігі 
10.7.1.1 азаматтық құқық туралы түсініктің 
болуы
10.7.1.2 мүліктік қатынастармен байланысты 
әрекеттерге (ұрлық, тонау, бопсалаушылық) 
жауапкершілік туралы мәліметтерге ие болу 
10.7.1.3 
азаматтық 
құқықтарда 
келіспеушіліктерді 
шешу 
үшін 
жүгінетін 
құқықтық ұйымдардың атауын білу
4-тоқсан 
7. 
Азаматтық 
құқық 
7.2 Меншік құқығы 
10.7.2.1 меншік туралы түсініктің болуы 
10.7.2.2 меншік мемлекетпен қорғалатынын білу
10.7.2.3 меншік құқықтарын қорғауға тартылған 
органдарды білу
10.7.2.4 азаматтардың кәсіпкерлік қызметпен 
айналысуға құқығы бар екенін білу
10.7.2.5 мемлекеттік және жеке меншікті 
ажырата білу
7. 
Азаматтық 
құқық 
7.3 Азаматтық құқық 
міндеттемелері және 
жауапкершілік 
 
10.7.3.1 азаматтық-құқықтық жауапкершілік 
туралы түсініктің болуы 
10.7.3.2 азаматтың негізгі міндеттерін білу 
10.7.3.3 азаматтың азаматтық құқықтағы міндеті 
(мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу) 
туралы түсініктің болуы 
10.7.3.4 кредит беруші, қарыздар, жалдау, 
өсімпұл, кепіл ұғымдары туралы түсініктің 
болуы 
10.7.3.5 
материалдық 
жауапкершілік, 
тұрақсыздық төлемі, кепілдеме ұғымдары 


25 
туралы түсініктің болуы 
7. 
Азаматтық 
құқық 
7.4 Тұтынушылар 
құқығын қорғау 
10.7.4.1 
тұтынушылардың 
құқықтарын 
қарапайым деңгейде қорғауды түсіндіру
10.7.4.2 сатып алу, қызметтер көрсету және 
лайықсыз тауарды ауыстыру немесе қайтару 
жұмыстарын орындау кезінде алған білімдерін 
қолдана алу
10.7.4.3 өз құқықтарын білу және тауардың 
тиісті сапасын талап ете алу
10.7.4.4 өз құқықтарын білу және тауар, жұмыс 
не 
қызметтің 
жеткіліксіздігі 
салдарынан 
туындаған шығындарын талап ете алу 

Document Outline

  • D:\ДАННЫЕ\Рабочий стол\На сайи УП 469\На сайи УП 469\ЕБҚ білім алушылара арналған үлгілік оқу бағдарламалары (негізгі орта білім)\6. Зерде бұзылыстары бар (женіл ақыл ой кемістігі)\10 Қоғам және құқық.docx


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет