8 дәріс мазмұны тақырып. Этнос және ұлт әлеуметтануы


Лекция № 5 Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді жолдары



бет10/16
Дата19.05.2023
өлшемі71,77 Kb.
#94928
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
қысқаша конспект

Лекция № 5 Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді жолдары
ӨЖ-ды ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері (тест, ойын, креативтік және т.б.)
Жоғары оқу орындарындағы өз бетінше жұмыс негізгі мақсатты көздейді: студенттерді оқуға үйрету, яғни оқу процесінде олардың білім мен білікті өз бетінше алу қажеттігі мен қабілетін дамыту. Өз бетінше еңбек студенттердің өзінің ойы мен көзқарасының шығармашалық дамуы мен қалыптасуына жағдай жасайтын, ойлаудың дербестігі, белсенділік пен басьама, фактілер мен құбылыстарды талдай білу, ұйымдастырушылық пен тәртіптілік сияқты қасиеттерін дамытады. Жоғары оқу орындарында семестрге арналған өз бетінше атқарылатын жұмыстың графигі жасалады, оған семестрлік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары қосылады. График – студенттерді өз уақыттарын жоспарлауға, оны тиімді пайдалануға мәжбүр ететін өзіндік стимул. Студенттер орындаған жұмыстар оқытушылардың жүйелі бақылауында болуға тиіс, ал өте маңызды қателері студенттермен әңгімелесу кезінде талқыланады.
Өз бетінше жұмысқа тиісті ғылыми-теориялық курс, дәлірек айтқанда, студенттердің алған бүкіл білім кешені негіз болады. Жұмыс басталар алдында студенттер өз бетінше жұмысты орындауға арналған арнайы түсініктеме алады, талаптар анықталады, құралдар мен түпнұсқалар көрсетіледі, тиімдірек әдістер ұсынылады.
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі жолдарын атауға болады:
· негізгі білімді игеруде
· өткен материалды бекітуде
· техникалық құралдармен жұмыстарды ұйымдастыруда
· ақпараттық технологияны қолдану барысында
· интерактивтік тақтамен жұмыс жасатуда
· картамен жұмыс жасатуда;
Қазіргі кезде, ғылыми информацияның жедел өсуіне байланысты студенттердің өздігінен білім алып, өздігінен оқып үйренуі өте маңызды болып отыр. Студенттердің өздік жұмысы туралы қорытынды жасағанда келесіндей тұжырымға келуге болады: өздік жұмыс студенттің тек өз белсенділігі түрінде анықталады. Әрбір өздік жұмысты бастар кезінде студент алында белгілі бір мақсат , проблема болуы қажет. Берілген өзіндік жұмысты орындау барысында әр студент өзінің жеке тәжірибесін пайдаланып , алған білім деңгейінде жұмыс жасайды. Өздік жұмысты ұйымдастыру кезінде оқытушы студентке арнайы тапсырма береді, ал студент берілген тапсырманың қажеттігі жөнінде өз ойын бекітеді. Біріншіден, берілген тапсырманың мазмұнын талдайды, өзінің осыған дейін алған білім деңгейін саралап тапсырма мақсатын түсінеді. Екіншіден, берілген тапсырманы орындау үшін қандай амалдар керек екендігін ойластырады және ойластырған жоспарды іске асырады, яғни тапсырманы орындайды. Үшіншіден, алған нәтижесіне талдау жасайды. Студенттерге берілетін өздік жұмыстар дидактикалық жағынан үш түрге бөлінеді: білім алуға арналған өздік жұмыс; білімді пайдалануға арналған өздік жұмыс; теориялық материалды тексеруге арналған өздік жұмыстар.
Жаңа материалды студеттердің өз бетінше оқуы, яғни оқытушы кейбір материалдарды студенттерге үй тапсырмасы ретінде беруіне болады. Мұндай жұмысты өткізгенде оқытушы әрбір студенттің осындай жұмысты істеуге дайын екендігіне көзі жетуі керек. Мысалы, анықталған интергралды өткенде оның жеке қасиеттерінің дәлелдеулерін студенттерге бөліп беруге болады.
Өзіндік жұмысқа студенттерді үйрету үшін оларды өткен жаңа материалдарға қатысты сұрақтарға өздігінен жауап беруге үйрету қажет. Өзіндік жұмыс нәтижелі болуы үшін оның мазмұны, берілу аумағы, күрделілігі дұрыс анықталуы керек. Қорытындысы нәтижелі болу үшін өзіндік жұмысты студенттің қабілетін, білім деңгейін,іскерлігін ескере отырып әр қайсысына жекелеп берген жөн болады. Студенттерге негізгі керегі – алған мәліметтерінің қажетті маңызды жерлерін бөліп ала білуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет