8 дәріс мазмұны тақырып. Этнос және ұлт әлеуметтануы



бет3/4
Дата19.02.2023
өлшемі27,36 Kb.
#69298
түріЛекция
1   2   3   4
«Ұлт» ұғымына қатысты этникалық бағыт ХІХ ғасыр аяғында неміс мектебінде пайда болды. ТМД құрамына кіретін елдерде этникалық бағыт кеңестік топтастыру кезеңдеріне сүйенеді: «ру — тайпа — елдік — халық — ұлт». Осы топтастыру көпсатылы иерархияда социалистік  ұлттар (орыстар, украиндар, қазақтар жəне т.б., «квазимемлекеттілігі» кеңестік республика арқылы жүзеге асырылған), халықтар (татарлар, башқұрттар, якуттар жəне т.б., квазимемлекеттік автономды республикалар арқылы жүзеге асырылды) жəне елдіктер (хантылар, мансилер, ненецтер жəне т.б., жер автономиялары облыс, аймақ, аудан арқылы жүзеге асырылған). Үшіншіден, өзіндік бірегейлілік ұстанымы жиі қолданылады. Бірегей этникалық өзіндік санасы арқылы адамдар өздерін белгілі бір топқа жатқызады. Осы айтылған көзқарастар ұлттың ерекшеліктерін жəне дербестігін қоғамдық құбылыс ретінде бейнелейді. Бірақ, М.Н.Руткевичтің пікірі бойынша, ұлт ұғымын зерттеу барысында ұлттың пайда болуы, дамуы жəне қалыптасу үдерісін əлеуметтік шындық ретінде қарастырып, тарихи даму процесс арқылы ашып көрсету керек.
Этнократтар əрдайым бірінші бағытты ұстанып, ұлттың англо-американдық моделіне сүйене отырып, мемлекет пен ұлтты теңестіреді жəне ұқсастырады. Осы  ұстанымдар БҰҰ-ның құжаттарында жүзеге асырылып жатыр. Ұлттың бірінші түсінігі АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінің көбісінде қолданыс тапса, онда басқа елдерде, олардың ішінде Ресей мен Қазақстанда бұл түсінік жарамсыз болып келеді [6].
«Ұлт» ұғымына қатысты сын пікірлердің туындауына байланысты қазіргі саяси тəжірибеде сандық құрамына, мəдениеттің, тілдің даму сатысына, мемлекеттің жəне шекараның болуына қарамастан, «халық» деген ұғым кең қолданыс тапты. Бұл дегеніміз ұлттар, этникалық топтар,   елдер- барлығы бірдей саяси-құқық мəртебесіне ие болады.
Орыс тілді жұртшылықтың Ресейге жер аударуының салдарынан Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Ата Заңында этнократиялық бағыт саяси-шекаралық бағытпен алмастырылды. Ұлттың этникалық моделінен азаматтық моделге көңіл аударылды. Осы уақыттан бастап Қазақстан Республикасының субъектісі «қазақстандық халық» болып есептелінеді. 1995 жылдың Ата Заңында жалпы азаматтық ұстанымдар, этникалық ұстанымдарға қарағанда, бірінші орында тұр. Заңнамада ұлттық немесе діни партиялардың құрылуына тыйым салынды. 1995 жылдың Конституциясы ұлт- мемлекет негізін салып, қазіргі демократияның түсінігін қалыптастырды. Жалпы азаматтық аспектіге көңіл бөлмей, сын пікір білдірушілер 1995 жылдың Конституциясы, 1993 жылдың Конституциясымен салыстырғанда, демократиялық ұстанымдары кең таралған жоқ деп тұжырымдады [7].
Қазақстандық қоғамның бірлігі идеясы Қазақстан Республикасының егемендігінің жəне тəуелсіздігінің саяси негізі болып табылады. Осыған орай келесі жайтқа көңіл  аудару  қажет. Көптеген философтардың, саясаттанушылардың жəне саясаткерлердің пікірі бойынша, көпэтникалық қоғамда бірегей ұлтты қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені адамдардың этникалық бірегейлілігі мемлекеттік бірігейліліктен жəне өзге этникалық топтардың өкілдерінен жоғары бағаланып тұр. Олардың ойы бойынша, Қазақстанда тек бір ғана ұлт бар. Оның құрамын қазақ ұлты құрайды. Ал қалған халықтар Қазақстанда диаспора болып саналады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы қазақтың ұлттық идеясы, немесе ұлттық қазақ идеясы, болып табылады.  Осы бағыттың нəтижесінде тамырлы этнос қоғамда жəне ғылымда титулдық ұлт деген атаққа ие болады. Ұлттық сұрақ бойынша əдебиетте бұндай бағытты «ұлттың этномəдени түсінігі» деп атайды.
Өзге ұстанымды қолдайтын адамдардың ойынша, ұлттық идея көп этникалық мемлекетте тек бір халықтың идеясы бола алмайды. Қазақстанда ұлттық идея жалпы ұлттық болуы тиіс. Бұл идея адамдардың этникалық топтасуына қарамастан, мемлекетіміздің барлық азаматтарын біріктіруге арналған. Тұтас халықтың жалпы негізі қазақстандық азаматтылық болып табылады. Қазіргі этносаясаттануда аталмыш бағыт «азаматтық ұлт» деп аталады. Бүгінгі таңда ұлттық идеяны түсіндіруде осы екі бағыт басты болып саналады. Ескере кететін жайттардың бірі, этномəдени жəне азаматтық бағыттарда ұлттық идеяны түсіндіру барысында қарама-қайшылықтар бар. Осы себептен қазіргі мемлекеттердің алдында келесі сұрақ туындап отыр: ұлттың жəне ұлттық идеяның азаматтық пен этномəдени бағыттарының арасында жатқан қарама-қайшылықтардың шешілу жолын табу.
Əр түрлі мемлекеттердің ұлттық құрылысының тəжірибесінің көрсетуі бойынша осы қайшылықтарды шешу барысында «немесе-немесе» бағытынан «жəне-жəне» принципі кең қолданыс тапты. Қазақстанның жалпы ұлттық идеясының қалыптасу жолында ұлт түсінігінің аталмыш екі бағыты — азаматтық жəне этномəдени — қолданылуы тиіс [8].
«Қазақстанда осы екі концепциялардың арасындағы қайшылықтар қалай шешімін табады?» деген сұрақ туындайды. Бұл тəсіл доминантты қазақ этносында тұтас халықты азаматтық қоғамда қалыптастыру болып табылады. Осы ұлтты қалыптастыратын тəсілді белгілі этносаясаттанушы Энтони Смит «доминантты этнос» моделі деп атайды [9].
Қазақстанда мультиэтникалық қоғам ретінде ұлттың этномəдени жəне азаматтық концепцияларының екеуі де объективтік қажеттілік ретінде жүзеге асырылуда. Егер де аталмыш концепциялардың біреуі объективті бағаланбаса, онда еліміздің ұлттық кеңістігіне зиянды əсер тиеді. Азаматтық ұлт идеясы, біріншіден, қоғамның тұрақтылығына жəне ішкі қауіпсіздігіне жол ашады. Азаматтық ұлттың этникааралық ұжым ретінде қалыптасуы этникалық топтардың қайшылықтарын жұмсартып, азайтуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, Қазақстанда азаматтық ұлтты қалыптастыру барлық қазақстандықтардың бірегейлілігіне жақсы жақтан əсер етеді. Олардың этникалық топтасуына қарамастан, барлығы Қазақстан Республикасын өзінің елі, Отаны деп санайды.
Үшіншіден, Қазақстандағы азаматтық ұлттың қалыптасуының нəтижесі пісіп-жетілген азаматтық қоғам болуы тиіс. Азаматтық ұлт жəне азаматтық қоғам бір-бірімен тығыз байланысты жəне бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.
Ұлттың этномəдени концепциясының қажеттілігі келесі себептермен айқындалады: біріншіден, мемлекет құрушы қазақ этносында қазақстандық халықтың ұлттық құрылысының моделі туындаса, онда өз-өзімен азаматтық ұлттық құрамында олардың айрықша орны айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет