8-дәріс. Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)


Сұраныс сынық қисық сызығының үлгісі



бет4/7
Дата21.10.2022
өлшемі129,54 Kb.
#44746
1   2   3   4   5   6   7
Сұраныс сынық қисық сызығының үлгісі – сынық қисық сызығының үлгісін 1939 жылы П. Суизи ұсынды. Бертран үлгісінде сияқты, мұнда негізгі басқару ауыспалы ретінде бағалар тұрады. Сұраныс сынық қисық сызығының үлгісі негізінде бағалардың «жабысқақтығы» деген қасиеті түсіндіріледі. Олигополия нарығындағы фирмалар бір түрлі тауар сатады дейік: Р бағасы бойынша сатулар көлемі Q бірліктерін құрайды (47 сурет).


P2 MC2 MC1


Майысу (бүгілу) нүктесі
P

P1


D саланың
MR Dфирманың
q2 Q2 Q q1 Q1
47 сурет. Сұраныс сынық қисық сызығының үлгісі

Енді А фирмасы бағаны Р1 дейін төмендетеді дейік, онда оның сату көлемі Q1 дейін өсуге тиісті. Бірақ, қаралатын үлгіге сәйкес бәсекелес – фирмалар бағаның түсуін нарықты билеу деп түсінеді, себебі олардың ешқайсысы нарықтан кеткісі келмейді, сондықтан олар А фирмасы сияқты бағаны түсіреді, оның нәтижесінде нарық сұранысының қисық сызығы ауысады. Енді А фирмасы өнімнің тек қана q1 бірлігін сата алады. Егер А фирмасы төмендетпей, бағаны Р2 дейін көтерсе, бәсекелестер оған ермейді де, сату көлемі Q2 құрайды. Осы 2 жағдайда да біз сұраныстың сынық қисық сызығын аламыз. Олигополистер баға көтеру стратегиясынан бас тартады, өйткені бұл пайданың жоғалуына әкеледі.


Бағаның «жабысқақтығы» осында көрінеді – олигополист – фирмалар бәсекелестердің бағаны көтеруіне емес, түсуіне назар аударады. Сұраныстың сынық қисық сызығы үлгісінің ең шекті жағдайы – бағалар соғысы. Бұл бағаларды бірте-бірте төмендету жолымен бәсекелестік тудыру, бірақ ол олигополистер үшін тиімсіз. Сұраныстың сынық қисық сызығының үлгісінде де кемшіліктер бар. 1) Бәсекелестер көбінесе бағаның түсуін нарыққа ие болу, оны билеу деп қабылдамайды. Белгілі экономист, Нобель премиясының лауреаты Дж. Стиглер сұраныс сынық қисық сызығының үлгісін зерделеуінің керегі жоқтығы туралы, оны баяғыда ескірген деген пікір айтқан. Бұл сында шындық бар: осы үлгі олигополияның негізгі үлгісі ретінде қарала алмайды. Бірақ, сонымен бірге, ол олигополистердің белгіленген ахуалдарда мінез-құлықтары жөнінде түсінік береді (мысалы, жаңа нарықта, фирмалар бір-бірін жаңа «тани» бастағанда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет