8-дәріс. Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)



бет3/7
Дата21.10.2022
өлшемі129,54 Kb.
#44746
1   2   3   4   5   6   7
Бертран дуополиясы. Бертран дуополиясы Курно дуополиясына өте ұқсас, бұл үлгідегі олигополистер бәсекелестерінің өндіріс көлеміне емес, бағалардың өзгеруіне ғана назар аударады. Бәсекелес өнімге бағаны түсіреді деп болжай отыра, А фирмасы, пайдасын жоғалтқысы келмей, бағасын түсіреді. Курно үлгісінде өткізгендей сәйкес операциялардан кейін біз А фирманың В фирмасы баға өзгеруіне тигізген әсерінің қисық сызығын табамыз. Сондай әдіс арқылы В фирманың А фирмасы баға өзгеруіне тигізген әсерінің қисық сызығын табамыз. Сол әдіспен Бертран тепе-теңдігі – бағалар кеңістігінде әсер тигізу қисық сызықтарының қиылысу нүктесінде табылады (46 сурет).
PA В фирманың әсер тигізу қисық
сызықтары

А фирманың әсер тигізу қисық


сызықтары

45°

PB
46 сурет. Бертран тепе-теңдігі

Бертран үлгісінің Курно үлгісінен айырмашылығы: 2 әсер тигізу қисық сызықтары ұлғаймалы. Ол Бертран дуополистерінің бағалары Курно дуополистердің шығаруларына кері, жақындасу үрдісін көрсетеді. Осыған орай, Бертран үлгісінде тепе-теңдік жағдайдағы баға әр фирманың шекті шығындарына тең болады, әйтпесе нарықта тұтастай иеленуге ұмтылып, фирмалар бағаларын төмендете береді, бәрі де және шекті шығындар да бірдейленгенше. Бұл жағдайда да алынатын пайда нөлдік болып шығады. Курно мен Бертран үлгілерінің маңызды айырмашылығы келесіде: Курно үлгісінде нағыз бәсекелестік нәтижеге жету тек олигополистер санын көбейткен жағдайда ғана мүмкін. Бертран үлгісінде нағыз бәсекелестік нәтиже монополиядан дуополияға ауысқанда келеді. Бұл айырмашылықтың себебі: Курнода сұраныс қисық сызығы төмен түседі, ал Бертранда сұраныс икемді, сондықтан бағаның түсуі әрқашан пайдалы, егер ол МС жоғары тұрса. Екі үлгінің де шала жақтары бар:



  1. олар тұрақтылықты ұйғарады: Курнода – өндіріс көлемінің, Бертранда – бәсекелестер бағасының, өмірде бұған жету қиын.

  2. фирмалардың өндірістік қуаттары «өлшемсіз», яғни керек кезінде олар кеңееді не азаяды. Шекті және орташа шығындар өзгеріссіз қалып, ауқым әсері мүлде жоқ, осының негізінде келесі түйін туады: Курно бойынша және Бертран бойынша дуополия үлгілері олигополия жағдайларындағы стратегиялық мінез-құлық, іс-қимылдар туралы түсінік берсе де, олигополия барлық теорияларының ішіндегі ең қарапайым болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет