8-дәріс. Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)



бет5/7
Дата21.10.2022
өлшемі129,54 Kb.
#44746
1   2   3   4   5   6   7
Картель. Олигополистердің кооперативтелмеген стратегиясы кооперативтелгеннен экономикалық жағынан тиімсіз, ұтымсыз. Олигополист – фирмалар қосылып, монополия сияқты қызмет жасауы мүмкін. Картель – олигополист – фирмалар тобы. Олар нарықты бөлу жөніндегі келісіммен бірігіп, өндірістің көлемі мен бағаларға қатысты бірдей іс-қимылдар жасап, монополиялық пайда алуға көзделген. Сондықтан, өз өніміне сұранысты біле тұра, олигополист – фирмалар жоғарылау баға және шектелген өндіріс көлемі туралы келісіп тұрақты экономикалық пайданы алады.
Картельге фирмалар немесе елдер де кіреді. Екінші тұрпатты картель мысалы – мұнай экспорттаушы елдердің Ұйымы (ОПЕК). Егер картельге бірігуге заңнама бойынша тыйым салынса (мысалы, АҚШ-да сияқты), жасырын картель келісімдер құрылады. Оларды жасырын сөз байлау деп атайды. ОПЕК мысалында картельдің құруының пайдасын қарайық. 13 мүше – елдер кіретін ОПЕК 1973-74 жж 6 айдың ішінде мұнайға деген дүниежүзілік бағаларды бір барреліне 2,5 доллардан 11 долларға дейін көтерді. 1980 жылы мұнай бағасы 1 баррельге 32-34 долларға дейін жетті. Картельдің келісілген саясатының нәтижесі – ОПЕК мүше – елдердің адам айтқысыз пайдалары мен мұнайды импорттаушы – елдердің көптеген шығындары (70-ші жылдары болған «мұнай естен танулары») ОПЕК-тің сондай нәтижелі саясатының себептері:

  1. Дүниежүзілік мұнай нарығындағы билік – картельдің мүше – елдері дүниежүзілік нарыққа мұнайды жеткізетін жалғыз өздері ғана болған.

  2. Сатып алушылар жағынан мұнайға деген күннен күнге өсіп жатқан сұраныс

  3. Мұнайға деген сұраныстың икемсіздігі – өндірістің тіпті аз ғана (сәл) қысқаруы бағаның айтарлықтай өсуіне әкеледі. Жоғары баға өсіп кеткен валдық (жалпы) шығындарды, ал өндірістің қысқаруы – валдық (жалпы) шығындардың төмендеуін көрсетеді. Нәтижесінде бұл пайданың өсуіне әкеледі.

Осы шарттарды сақтаса, кез келген картель келісімі нәтижелі болады. Бірақ, бұрын айтып кеткендей, картельдің қирау механизмі картель табиғатының өзінде. Енді бұның қалай болатындығын қарайық. 48 суретте нағыз бәсекелестік (РК және QK) жағдайында салада өндірістің болуы мүмкін бағасы мен көлемі, сонымен қатар картель келісімін жасағанда белгіленетін баға мен өндіріс көлемі көрсетілген (Рkr мен Qkr). Картельдің бағасы жоғары, ал өндіріс көлемі бәсекелес нарықтан төмен, осының арқасында МС = MRkr экономикалық пайда алынады. Бірақ экономикалық пайданы алудың шарты – әр олигополист – фирма qkr өндіріс көлемін (өндірістің жиынтық көлемі Qkr құрау керек) қатал ұстануға тиісті. Әр жеке фирма q1 өнім шығарымында (мұнда баға шекті шығындарға тең) өз пайдасын көбейтетіні мәлім. Сондықтан, олигополист – фирмалар жасалған келісімге қарамастан, өндірістің q1 дейін өсуіне ұмтылады. Егер олар барлығы бағаны көтеріп, өндіріс көлемі Q жетіп, ал баға РК дейін түсетін деңгейге жетсе, экономикалық пайда нөлдік болады.


Рkr Сала MC P Фирма MC AC
Рk

P1


MRkr Dсала
Qkr Qk Q1 qkr qk q1
48 сурет. Картельдің қирау механизмі

Сонымен, картельдің тұрақтылығы оған кірген олигополист – фирмалардың әр қайсысы қаншалықты қатал келісім шарттарын сақтап, ұстанатынына байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет