8-дәріс. Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)



бет2/7
Дата21.10.2022
өлшемі129,54 Kb.
#44746
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
8-дәріс

2. Олигополия үлгілері


Курно дуополиясы. Олигополияның ең қарапайым үлгісі нарықта тек қана 2 бәсекелес – фирманың болуын ұйғарады. Бұл жағдай дуополия деп аталады. Курно үлгісінің алғышарты: олигополист – фирмалар өнім шығару көлемі бойынша (өнім біртүсті) бірдей шешім қабылдай отыра, бәсекелестің өндіріс көлемін тұрақты шама ретінде қарайды. Олигополия нарығында А және В фирмалары бар дейік (45-а сурет). Нарықтық сұраныс = D, ал шекті шығындар тұрақты. А фирмасы өндіріс көлемі жөнінде шешімдерді қабылдайды. Егер ол В фирмасы ештеңе де өндірмейді деп болжау жасаса, оның ұсынысы Q құрайды. Егер ол В фирмасының өндіріс көлемі Q тең деп болжаса, өзінің өніміне деген сұранысының төмен және солға, D1 деңгейіне дейін ауысуы деп түсінеді де, өнімнің Q бірлігін өндіреді. В фирма ұсынысы көбеюін ары қарай болжай отыра, А фирмасы өнім шығарымын сәйкес санға азайтып, нәтижесінде өндіріс көлемін ынталандыратын жаңа нүктелерді табады. Бәсекелестің іс-қимылдарын дұрыс бағалай отыра, әр фирма өз үшін осы жағдайда пайданы жоғарылатуға мүмкіндік беретін оңтайлы стратегияны таңдайды. 45-б суретте фирмалар шекті шығындар деңгейінде өндірсе, (нағыз бәсекелестік жағдайларда сияқты) осы нарықта болуы мүмкін бәсекелестік тепе-теңдік көрсетілген. Бұл жағдайда олардың пайдасы кәдімгі (нольдік) болушы еді.
Курноның олигополиялық моделі фирмалар үшін ұтымды, себебі ол экономикалық пайда алуға мүмкіндік береді.

В фирманың әсер тигізу қисық сызықтары
бәсекелес тепе-теңдік
Шарттардың
қисық сызық-
тары

MR PA

D1 QA4

Q2 Q1 Q QA QB1 QB2 QB* QB3 QB

45 сурет. Әсер тигізу қисық сызықтары (а) және тепе-теңдік()




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет