8. ДӘріс тезистері


Педагогика ғылымының әдіснамасы



бет6/22
Дата25.11.2023
өлшемі78,93 Kb.
#126227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Педагогика ғылымының әдіснамасы – педагогикалық теорияның негіздемесі, құрылымы, бастапқы қағидалары, жаңа білім ашу мен принциптері жайындағы білім жүйесі. Олар педагогикалық ақиқаттың, өзгерістерінің шынайы көрсеткіші.
Педагогикалық әдіснамаға төмендегілер жатады:

  1. Педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметі жайындағы ілім;

  2. Бастапқы, іргелі жалпығылыми және педагогикалық қағидалар (теориялар,

тұжырымдамалар, болжамдар);

  1. Педагогикалық зерттеудің әдістері жайындағы ілім.

Педагогикалық әдіснама оқыту, тәрбиелеу және даму заңдылықтарын тану мен қолданудың жолдарын анықтайды.
Педагогика әдіснамасының қызметі – оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың тиімді жаңа жолдарын жасау.
Педагогиканың әдіснамасына мына қағидалар енеді.

  1. Педагогикалық білімнің құрылымы және қызметі жайындағы ілім.

  2. Жалпығылымилық мәнге ие бастапқы, негізгі, фундаментальды педагогикалық

қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар).

  1. Педагогикалық зерттеудің логикасы және әдістері жайындағы ілім.

  2. Алынған білімді практиканы жетілдіру мақсатында қолдану тәсілдері жайындағы ілім.

Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын: философиялық, жалпығылыми, нақты-ғылыми және технологиялық деп төрт деңгейін бөліп көрсетеді.
Әдіснаманың ең жоғары, бірінші – философиялық деңгейінің мазмұнын танымның жалпы принциптері мен ғылымның тұтастай категориялдық құрылымы құрайды. Философиялық білімдердің бүкіл жүйесі әдіснамалық қызметті атқарады.
Екінші деңгей – жалпы ғылыми деңгей – ғылыми пәндерге қолданылатын теориялық тұжырымдамалардан тұрады.
Үшінші деңгейі – нақты ғылыми әдіснама, ғылыми білімге кіретін эмпирикалық ақпаратты алуды қамтамасыз ететін іс-шаралар, зерттеудің әдістемесі мен техникасын құрайды.

  • Төртінші деңгейі – технологиялық деңгейде зерттеудің әдістемесі мен техникасы сипатталады. Ол басқа деңгейлер арқылы анықталады: педагогикалық зерттеу және оның ұйымдастырылуы сол деңгейлерге бағынышты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет