«Функционалдық сауаттылық» ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық – білім берудің жеке тұл-ғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық әрекеттерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Функционалдық сауаттылық – адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға мүмкіндігінше жылдам бейімделе білуі мен әрекеттесе алу деңгейінің көрсеткіші.
Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсатта-рының бірі ретінде айқындалып отыр.
Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.
Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы (физика, химия, биология, география).
2016-2017 оқу жылында мектеп бітірушілерді қорытынды аттес-таттау және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерді. Мектеп бітірушілер жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті үш пәннің қатарында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығынан» емтихан тапсырды.
Оқу сауаттылығы – білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына же-ту үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлек-сия мен ұғым, оқылғанды өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.
Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рө-лін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажетті-ліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.