15. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы. Ұлы Жібек жолы – елдер мен халықтардың қатынасын нығайтқан , түрлі мәдинеттерді бір – бірімен жақындатқан , Шығыс пен Батыс елдерінің қалаларының арасында байланыс орнатып , қалаларға үлкен ықпалын тигізген сауда жолы болған. Ұлы Жібек жолының ұзындығы 7 мың шақырымнан 12 мың шақырымға дейінгі жолға созылды. Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Керуен жолы Қытай жерінен бастап , Жерорта теңізіне дейін созылған. Ұлы Жібек жолының негізгі торабы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен. Осы екі торап арқылы Ұлы Жібек жолы Жетісу өңірі арқылы Шығысқа шығады , ал Оңтүстік Қазақстан аймағы арқылы Батысқа шығады.
Шығыс пен Батысты байланыстырған бұл Ұлы Жібек жолы түркі жері үшін үлкен рөлді ойнайды. Ұлы Жібек жолының қажеттілігі мен пайдалану шарттары қаншалықты өзгеріп отырса да , оның қызметін қайта қалпына келтіріп , ұдайы қолданыста болуын қамтамасыз еткендер - ең алдымен түркі халықтары , олар құрған мемлекеттер мен империялар болатын. Қысқартып айтқанда , әлем тарихы мен өркениеті үшін Ұлы Жібек жолының маңызы қаншалықты үлкен болса , түркі халықтары да оның осы күнге дейін келіп жетуінде , жұмысын жалғастыруында соншалықты үлкен рөл атқарған.
Түркі әлемінің Ұлы Жібек жолымен байланысы негізінен , табиғи – географиялық , саяси – экономикалық және мәдени факторларға сүйенеді. Түркілер ұзақ уақыт Ұлы Жібек жолы бойында жүргізілген сауда мен мәдени байланыстардың басты қолдаушысы, қолданушысы , әрі ұйымдастырушысы , яғни серіктесі болған. Түркі мемлекеттері мен империялары Ұлы Жібек жолының Еуразиямен коммуникация жүйесі ретінде қызмет атқаруында өзінің тарихи миссиясын абыроймен атқарып , бұл жолдың тарихында белгілі бір аймақтық шекараларда оны өз бақылауында ұстаған. Жібек жолы саясаты - түркі өркениеті мен саяси мәдениетінің іргелі құндылықтары арасында басты орын алады. Жібек жолы түркі дүниетанымының әмбебаптануына септігін тигізсе , ал түркілердің әскери – саяси дарыны Ұлы Жібек жолының кеңейіп , гүлденуіне жол ашқан. Мыңжылдықтардың өркениет жадысы мен құндылықтарын өзінде сақтап қалған Ұлы Жібек жолы расында да , адамзаттың дамуында маңызды рөл атқарды